Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер, олардың бірлігі мен әрекеттестігі



бет23/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   292
Байланысты:
менеджмент

3.Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелер, олардың бірлігі мен әрекеттестігі
Менеджменттің ерекшеліктері
Барлық ұйымдарда ортақ басқару процесінің ерекшеліктерін былай деп түсіндіруге болады.
Басқарудың мақсаты мен ерекшеліктері: Басқару процесі біреу немесе бірнеше мақсаттарды орындауға бағытталған процес.
Басқару ұйымы, ұйым иесінің және ондағы басқарушылардың мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Мақсатсыз басқару болмайды.
Басқарудың адамдық қатынастары мен әлеуметтік ерекшеліктері: Басқарудың сыртқы және ішкі қатынастары адамдармен болады. Басқарған және басқарылғанның болғаны үшін басқару адамдардың арасына және адамдардың болған жерде әрдайым болады. Адамның жан-жануар және өсімдіктермен болған жұмыс нәтижелерінде басқару ісінің болуы мүмкін емес.
Басқару іс барысындағы ерекшеліктер: Бірден көп адамдардың көрсетілген мақсаттарға жету үшін ең бірінші адамдардың бір-біріне көмектесу, араласу және бір-бірімен жұмыс істесуі керек. Біреулердің жұмыс істерінде өзінше жұмыс істеу рухы емес, бірге жұмыс істеу болған жағдайда ғана басқарушылық бар деп айта аламыз.
Басқарудың иерархиялық ерекшеліктері: Ұйымда жұмыс істегендердің арасында “тепе-теңдік” емес, жоғары-төмен қарым қатынастар бар. Ұйымның құрылуы үшін басқарғандар мен басқарылғандардың орындары сатылы жүйеде болуы керек. Төменгі, ортаңғы және жоғарғы дәрежедегі басқарушылар мен басқарушылық міндеті болмаған жұмыскерлерді қамтыған бір ұйым жүйесі құрылады.
Басқарудың топтық ерекшеліктері: Басқару топтық жұмыс іс әрекеттері болып табылады. Басқару болуы үшін бір басқарушы мен ең болмағанда бір басқарылған адамның болуы шарт. Өзінің жеке басы мақсаттарын жасау үшін көрсеткен ынталары мен экономикалық істері басқарудың ерекшеліктері болып есептелмейді.
Басқарудың үйлесімді (координация) ерекшеліктері: Бір ұйым мақсатына жету үшін қажетті болуы, көптеген жұмыстар, іс және жұмысшылардың араларында тусіністік, бірге жұмыс істесу, қызметтерді жоспарлау, басқару үшін аса қажет.
Мақсаттарының жүзеге асуы үйлестіктің жақсы жасалғанына байланысты. Негізінде басқаруды үйлесімді жұмыс деп те айтуымызға болады.
Басқарудың рационалды ерекшеліктері: Басқару процесінде өте аз шығынмен жұмыс жасау, сапасын жоғарылату, жұмыстарын өте аз мерзімде орындау - маңызды мақсаттардың біреуі. Осындай болғаны үшін басқару рационал іс-әрекет болып есептелген.
Рационалды әрекет ету дегеніміз-аз нәрседен көп нәрсе жасап шығару үшін кіріс болған нәрселерді ұқыпты, тиімді пайдаланып, аз шығыс шығару.
Басқарудың универсалдық ерекшеліктері: Басқарудың универсалдық ерекшелігі екі бағытта. Біріншісі көлденеңнен болған басқару. Бұл жанұяны басқарудан бастап жер бетінің ресми және ресми емес барлық ұйымдарында кездеседі.
Бұл ұйымдардың әрқайсысы басқарған не болмаса басқарылған халде болады. екіншісі тігінен басқару, бұл жоғарғы жақтағы бастықтан басталып төмендегі жұмысшыларға дейінгі арадағы барлық сатыларда кездеседі. Осы тұрғыдан қарағанымызда басқару универсал болып шығады.
Басқарудың екі жақты процес болу ерекшеліктері: Басқару “шешім қабылдау” және “жүргізу” процестері болып бөлінеді. Басқару қызметінде болған біреу бірінші ойланады, қарастырады, талдайды және соңында шешім қабылдайды. Содан кейін қабылдаған шешімін жүргізе бастайды. Басқару тапсырмасының тура орындылуы қабылданған шешімдердің жүргізілуі арқылы іске асады.
Басқарудың байланысқа (коммуникация) қатысты ерекшеліктері: Басқару тапсырмасының орындалуын үшін байланыс жүйесінің рөлі өте маңызды. Басқаша айтатын болсақ басқару әмір ету, әмірлердің орындалуын қамтыған процес. Ал мұндағы байланыс бір жағынан білім беру, екінші жағынан білім алу сияқты істерді қамтиды. Бідім беру, басқару процесіне қатысушылардың не істеу керектігі туралы оларға үйрету; Білім алу болса белгіленген мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істесе білу сенімін адамдардың бойына сіңіру.Басқару жүйесі айналымы болмаған жұмыстарда жетістіктер көрсету мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет