3-дәріс. Тақырыбы: Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі Жоспар 1.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы.
2.Тәрбие жүйелік сипатта болу.
3.Тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушьшармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестігі тәрбие жүйесінің кепілі.
4. Тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет.
Негізгі ұғымдар:Сынып жетекші.Сынып жетекшіге қойылатын талаптар. Сынып жетекшісінің міндеттері.Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.
Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тәрбие объектісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттің субъектісі екенін түсінеді. Ол сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бірнеше кезеңдерден тұрады: мотивтің қалыптасуы – оларды адамгершілік түсініктерді ұғынуға жағдай жасау; мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларынын қалыптасуы – өз іс-әрекетіне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мінез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерінен тұрады. Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы – окушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, ал ұымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкіндік береді. 2.Сынып жетекшісінің атқаратын міндеттері
Сынып жетекшісінің міндеттері.1. Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері. 2. Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы. 3. Тәрбие жұмысын жоспарлау. 1. Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін: • жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы; • сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы; • оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші, мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы; • оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші; • сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы; • оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
3.Сынып жетекші және педагогикалық ұжым.Сынып жетекшісінің бірінші міндеті жұмыс мазмұнына байланысты. Бір мақсатқа ұмтылған, ынтымақты оқушылар коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі коллективін топтастыру сынып жетекшісі қызметіндегі басты және негізгі бөлім болып табылады. Коллективті топтастыру жұмысы актив арқылы, түрлі комиссияларды, штабтарды құру арқылы және коллективті түрде, жұмылып атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Оқушыларды топтастыра отырып, сынып жетекшісі оқу-тәрбие міндеттерін шешуге жақсы жағдай жасайды. Сынып жетекшісі тек өзінің беделімен ғана емес сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдарымен де оқушыларға ықпал жасайды. Балалар коллективін құру мен топтастыру – мұғалімдердің және, ең алдымен, сынып жетекшілерінің маңызды міндеті
4.Тәрбие жумысының дәстүрлі және дәстүрлі емес формалары
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.
1. Оқушыға тікелей ықпал жасау: Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу; Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру. Оқушылар ұжымын қалыптастыру;
1. Онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;
2. Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
3. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
3.Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:
•отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
•мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету ;
•бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
•мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс- қимыл жасау.
Сыныпжетекшісініңтәрбиежоспары.Сыныпжетекшісініңтәрбиежоспары-міндетті педагогикалыққұжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар- тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.
Әдебиеттер:
1. Каргин, С.Т. Введение в профессию учителя Алматы: Эпиграф, 2016.- 35-62бб.
2.Құндақова, А. Педагогикалық шеберлік негіздері [Мәтін]: Оқу құралы / А. Құндақова.- Алматы: Бастау, 2014.- 53-72бб
3. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004ж 20-42бб