Менеджмент пен басқару арасындағы айырмашылық Менеджмент нарық жағдайында адамдардың қажеттілігі мен сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында белгілі бір пайданы көздеген ұйымдардың басқарылуы болып табылады. Сондықтан менеджменттің ерекшелігін ;
стратегиялық мақсаттарды анықтау және нарық жағдайына қарай үйлестіру ретінде көрсетуге болады.
Менеджментте екі ұғым бар: Менеджмент - бұл басқару, басшылық ету органы;
Менеджмент – бұл адамдарды басқару әрекеті.
Басқару: Табиғат, қоғам және техника процесі мен обьектілерінің дамуы мен қызметтеріне жағдай жасау және бір-бірімен болған қарым-қатынастарды реттейтін белгілі бір мақсатқа бағытталған адамдардың іс-әрекеттерін басқару дейміз.
Менеджменттің аспектілері Менеджменттің экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, заңдық және ұйымдық – техникалық көріністері бар.
Экономикалық көрінісі мақсатқа жету үшін қажетті еңбек пен материялдық ресурстарды үйлестіріп тиімді өндіріс процесін басқаруды қамтиды.
Әлеуметтік-психологиялық көрініс фирманың құндылықтарын, дәстүрін, мәдениетін, әлеуметтік қызметін және барлық қызметтердің жұмысын қамтиды.
Құқықтық көрінісі мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттың құрылымын, бизнесті реттеуді заңмен қаматамасыз етіп шағын бизнестің дамуына мүмкіндік жасайды.
Ұйымдық-техникалық көрінісі фирманың мақсаты мен міндеттерін жүйелі және рационалды түрде бағалауға және стратегияны жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоспар, бағдарлама, мотивация, сыйақы беру т.б. басқарады және бақылайды.