Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Менеджмент пен басқару арасындағы айырмашылық



бет25/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Менеджмент пен басқару арасындағы айырмашылық
Менеджмент нарық жағдайында адамдардың қажеттілігі мен сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында белгілі бір пайданы көздеген ұйымдардың басқарылуы болып табылады. Сондықтан менеджменттің ерекшелігін ;

  • нарықтағы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • өндірістің тиімділін ұдайы түрде арттыру;

  • шешім қабылдауда децентрололизация және еркіндік;

  • стратегиялық мақсаттарды анықтау және нарық жағдайына қарай үйлестіру ретінде көрсетуге болады.

Менеджментте екі ұғым бар:

  1. Менеджмент - бұл басқару, басшылық ету органы;

  2. Менеджмент – бұл адамдарды басқару әрекеті.

Басқару: Табиғат, қоғам және техника процесі мен обьектілерінің дамуы мен қызметтеріне жағдай жасау және бір-бірімен болған қарым-қатынастарды реттейтін белгілі бір мақсатқа бағытталған адамдардың іс-әрекеттерін басқару дейміз.
Менеджменттің аспектілері
Менеджменттің экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, заңдық және ұйымдық – техникалық көріністері бар.

  • Экономикалық көрінісі мақсатқа жету үшін қажетті еңбек пен материялдық ресурстарды үйлестіріп тиімді өндіріс процесін басқаруды қамтиды.

  • Әлеуметтік-психологиялық көрініс фирманың құндылықтарын, дәстүрін, мәдениетін, әлеуметтік қызметін және барлық қызметтердің жұмысын қамтиды.

  • Құқықтық көрінісі мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттың құрылымын, бизнесті реттеуді заңмен қаматамасыз етіп шағын бизнестің дамуына мүмкіндік жасайды.

  • Ұйымдық-техникалық көрінісі фирманың мақсаты мен міндеттерін жүйелі және рационалды түрде бағалауға және стратегияны жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоспар, бағдарлама, мотивация, сыйақы беру т.б. басқарады және бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет