Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Контроллинг негіздерінің түсінігі



бет192/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Контроллинг негіздерінің түсінігі

Контроллинг экономикалық тұрғыда басқару және бақылауды білдіреді, дегенмен мақсат қою мен оны жүзеге асыру бағытындағы іс-шараларды жоспар құру әрекетінсіз тиімді басқару мүмкін емес. Сондықтан контроллинг жоспарлау, реттеу және бақылау бағытындағы іс-шаралар жиынтығынан тұрады. Контроллинг жүйесінің барлық элементтері жоспарлаудан бастап, оның орындалуына мониторинг жасауға дейін ең алдымен жоспардың орындалу нәтижелерін талдау, оны жүзеге асыру үдерісінде оң және теріс ауытқуларды бағалау негізінде жоспардың орындалуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
Контроллингтің мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды және ең алдымен ұйымның қалыпты жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл басқарушылық үдерісті бағдарлауға негізделген.
Контроллинг – кәсіпорын экономикасын талдау мен болашақта күтілетін әрекеттерге қатысты басқарушылық қызметті үйлестіру бағытындағы кәсіби қызметтің заманауи жаңа тұжырымдамасы.
Контроллингтің міндеттеріне табыстылықты, өтімділікті қамтамасыз ету, тәуекелді төмендетуді жоспарлау және бақылау жатады. Мұнда контроллингтің негізгі мақсаты ретінде қызметті басқару, төтеп беру және күшейту бағытындағы іс-шараларды дер кезінде жүргізуге мүмкіндік беретін ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету.
Контроллинг – кәсіпорын қызметінің табыстылығын арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге, серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды басқарудың заманауи жүйесі. Отандық және шетелдік экономист-ғалымдарының контроллинг аясындағы пікірлері мен ғылыми ұстанымдары көбінесе басқару қызметіне, үйлестіруге және ақпаратқа негізделген. Сол себепті контроллинг жеке ғылыми зерттеуді қажет етеді.
Контроллингтің ерекшеліктері
А.Дайле мен Р.Майердің зерттеулерінде нақты өндірістік шарттарда кәсіпорынды мақсатқа сай басқару үшін құрал ретінде контроллингтің біртұтас бейнесін құру мақсаты алға қойылған. Осы ғалымдардың зерттеулері контроллингтің тұжырымдамалық негізде дамуына едәуір тәжрибеге негізделген (эмпирикалық) үлесін салған.
Ю.Аниськиннің пікірінше, контроллинг – кәсіпорын мен оның құрылымдық бірліктерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатымен келешекті басқару. Контроллинг жүйесіндегі бақылаудың дәстүрлі бақылаудан айырмашылығы әкімшіліктің негізгі міндеті болып табылмайды. Мұнда бақылаудың міндеті – «жоспар – нақты» бағалауын салыстырып, ауытқу себептерін түсіндіріп, ауытқуларды жою бойынша түзету іс-шараларын құру.
Контроллинг, мақсаты ұйымның жалпы мақсатынан туындайды, ең алдымен ұйымның қалыпты жағдайын сақтау жағдайын сақтау және оның табысты дамуына бүкіл басқарушылық үрдісті бағдарлауға негізделген.
Л.В.Попова контроллингтің келесідей ерекшеліктерін және атап өткен:

  1. ағымдық қаржылық - экономикалық есептерді және стратегиялық шешімдерді байланыстыру;

  2. экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдерді қабылдауға қаржылық – экономикалықесептеулерді бағдарлай білу;

  3. жоспарлау, бақылау, ақпараттық қамтамасыз ету сынды дәстүрлі басқарушылық қызметтердің, контроллингтің түйінін құрайтын қызметтердің жаңа мазмұны;

  4. жоспарлы – экономикалық қызметтің атқарытын рөлінің жаңа психологиялық мазмұны.

Контроллинг пен басқару қызметтерінің ерекшеліктері келесі кестеде
келтірілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет