1-кесте. Басқару қызметтері мен контроллинг арасындағы ерекшеліктер
Үш өлшемді кеңістікте экономикалық жүйе, басқару және
контроллингті бейнелеу, ғалымдардың пікірінше, олардың өзара әрекет етуіндегі жүйе бөліктерінің мәнін бейнелейді. Кәсіпорында контроллинг жүйесін енгізу нәтижесінде басқару әдістерінің таңдамалы нұсқалары құрылады және бұл контроллинг жүйесінде шешім қабылдау болып табылады. Экономикалық жүйені басқару жүйесінің құрылымы иерархиялық функционалды үлгілер кешенін білдіріп, ұйым құрылымын сипаттайды. Менеджер нәтиже (нақты) және идеяларға байланысты нәтижеге жетуге ұмтылу (жоспарлау) іс-шараларына жауап береді.
Сондықтан менеджер шешім қабылдайды, ал контроллер
төмендегілерге жауап береді:
менеджердің мақсаттарын (ойын) елестете алу айқындылығы (шоғырландыру және бақылау) ;
үшінші тұлғалар үшін менеджер әрекеттерінің нәтижелерінің айқындылығы (бақылау және бағалау);
менеджердің өзінің келешектегі осы әрекеттерін қалыптастыру– оңайландыру (үйлесімділігін қамтамасыз ету) жағдайында сараптамалық әдістемелерді пайдалану дұрыстығы.
Контроллинг менеджер мен контроллер қызметінің өзара байланысуы, түйісуі кезінде көрінеді, яғни менеджер мен контроллер бірігіп жұмыс жасайды. Егер екеуі жеке –дара қызмет ететін болса, онда менеджмент басқарушылық есептен бөлек қызмет етеді деуге болады. Менеджерге оның қандай да бір идеялары, іс-әрекет ету ойлары қате екенін, ал қандайы тиімділіктің барлық әлеуетін пайдаланбайтындығы жайлы ойын жеткізуі үшін контроллер деректер даярлауы қажет.
Контроллингтің қызметтері мен міндеттері
Бақылау қызметі бүіл ұйым бойынша немесе оның құрылымдық бірліктерінің экономикалық жұмыстарын бақылауға арналған. Ревизиядан контроллингтің ерекшелігі – ұйым қызметінің ағымдағы және келешектегі нәтижелеріне бағытталған, сонымен қатар шаруашылық операцияны жүзеге асыру жағдайында құжаттық тексеруге байланысты емес.
Контроллингтің қызметтері: жүйелі басқарушылық ақпараттарды жинау, өңдеу, тексеру және ұсыну болып табылады. Контроллинг, сонымен қатар жоспарлау үдерісін қолдау және үйлестіру, ақпаратпен қамтамасыз ету, бақылау және бейімдеу қызметін атқарады.
Контроллинг мақсаты – іс–әрекет бағыты ретінде ұйымның мақсатынан
тікелей туындайды, мысалы, белгілі пайда деңгейіне, рентабельділік және өтімділік деңгейіне, еңбек өнімділігіне жету.
Контроллингтің негізгі қызметтері және олардың өз алдына
міндеттері:
Есепке алу.
ақпараттарды жинау және өңдеу;
ішкі есеп жүйесін құру және енгізу;
ұйымның және оның құрылымдық бірліктерінің қызметін бағалау әдістері мен шешімдерін үйлестіру.
Жоспарлау.
өнім өндірісі мен оларды өткізу, инвестиция және сатып алу жоспарларын құру барысында ақпараттық қолдау көрсету;
жоспарлау жүйесінің барлық «архитектурасын» қалыптастыру және жетілдіру;
ақпарат алмасу үдерісін үйлестіру;
уақыт және мазмұны бойынша жеке жоспарларды үйлестіру және байланыстыру;
ұсынылған жоспарлардың толықтығы мен іске асырылуын тексеру;
кәсіпорынның жиынтық жоспарын құру.
Бақылау және реттеу.
уақыты және мазмұны бойына бақыланатын шамаларды анықтау;
мақсатқа жету дәрежесін өлшеу және бақылау үшін жоспарлы және нақты шамаларды салыстыру;
шамалардың ауытқу шегін белгілеу;
нақты мәндердің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуын талдау және ауытқуларды төмеендету үшін ұсыныстар беру.
Ақпараттық – сараптамалық қамтамасыз ету.
ақпараттық жүйенің архитектурасын құру;
ақпараттық тасымалдаушылар мен арналарды стандарттау;
ұйымда бақылау және басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сандық мәліметтерді ұсыну;
шешім қабылдауға қажетті аса маңызды мәліметтерді жинақтау және жүйелеу;
жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау үшін инструментарий құру;
түзету іс-шаралары мен шешімдерін таңдау бойынша кеңес беру;
ақпараттық жүйелердің қызмет етуінің үнемделуін қамтамасыз ету;
Арнайы қызметтер.
сыртқы орта (ақша және қаражат нарығы, сала құрылымы, әкімшілік-экономикалық бағдарламар) жайлы мәліметтер жинау және талдау;
бәсекелестермен салыстыру;
басқа фирмалармен бірігу, фирма ашу (оны жабу) туралы негіздеулер беру;
ерекше тапсырыстар үшін калькуляция жасау:
инестициялық жобалардың тиімділігін есептеу;
Контроллинг – кәсіпорын экономикасын талдаумен және болашақта
күтілетін әрекеттерге қатысты басқарушылық қызметі үйлестіруге байланысты кәсіби қызметтің қазіргі заманғы жаңа тұжырымдамасы. Контроллингпен кәсіби айналысатын қызметкерді контроллер деп атайды. Ол «контроллерге» өзінше антипод болып табылады (бір-біріне кереғар ұғымдар).
Персоналды басқару жүйесіндегі контроллинг ұйымға жоспарлау,
басқару, контроль және кадрлық шаруашылық жұмыстардың ақпараттық қамсыздандыру міндеттерін мақсат етіп қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |