Менеджменттің негізгі элементі адамдық факторлар болып табылады. Өйткені менеджменттің болуы үшін екі және одан адамның бір ортаға келіп белгілі бір мақсатқа бағытталуы және олардың бір басшыға бағынышты болуы іс-әрекетінің жүзеге асу керектігін баста айтқан болатынбыз. Өндірістің барлық жүйесінде, барлық буындарында басқаруды кадрлар жүзеге асырады. Кадр жұмысы дегеніміз, кадр саясатының мақсаты мен принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеудің формалары, тәсілдері, бағыттары мен шарттары. Кадрлармен жұмыс істеу жүйесіне кадрларды даярлау, орналастыру, олардың еңбектерінен пайдалану, мамандығын жетілдіру, орын ауыстыруын жоспарлау және резерв құру, аттестациялау, өнімді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасық ету үшін мүмкіндіктер туғызу т.б. жатады.
Өндірісті басқару кадрлармен жұмыс жүйесі бірнеше негізгі элементтерден тұрады. Біріншіден: басқару көлемі мен сипатына қарай жалпы қызметшілер саны, олардың кәсіптік және лауазымдық құрамы анықталады. Екіншіден: Қызметкерлердің жекелеген категорияларының жауап беруге тиісті талаптарын, яғни нені білу, нені істей алуын және сол лауазымдағы қызметкерлер қандай істі меңгере алатындығын айқындау қажет. Үшіншіден:Басқару жүйесіндегі кадрларды іріктеу, орналастыру және орын ауыстыруын ұйымдастыру жұмыстары жүргіздіріледі. Кадрларды дұрыс іріктеу "әрбір адам-нақты бір орынға, әрбір орын-нақты бір адамға" принципіне негізделуі керек. Егер адам өзінің қолынан келетін, өзінің икемділігіне, қабілетіне, жалпы және арнайы даярлық деңгейіне сай келетін жұмысты атқарса, оның қайтарымы соғырлым жоғары болады.
Жалпы ұйымдағы адамдардың ерекшелігін, сапасын, қабілетін, еңбегінің көрсеткіштерін, адамдық қасиеттерін, т.б. жағдайларды, яғни менеджмент сферасында адаммен байланысты білуіміз қажет болып табылатын құндылықтарды төмендегіше көрсетуге болады:
Ұйымдағы адам (тұлға);
Жекелік ұғымы адамның жеке өзінің басындағы қабілеттер болып табылады. Адамның қоғамда алатын орны, оның білімі, мәдениеті, іс-әрекеті, ойлау қабілеті, шешім қабылдау мүмкіндігі оның жекелік формасын қалыптастырады. Жалпы айтар болсақ адамның сапасы деп те айтуға болады.
Әлемді танып білуге мүмкіндік беретін және бір-бірімен тығыз байланысқан әлеуметтік тұрғыдағы адамның сапасы болып табылады. Адамның сапасы туа бітеді (табиғи) немесе кейіннен қалыптасады (әлеуметтік).