Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


-ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: АДАМ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ТОПТЫ БАСҚАРУ



бет197/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   292
Байланысты:
менеджмент
Көпбұрыштар 1-сабақ, КТП 2020 ивт, Практика 14-15, 1сабақ, sabaq zhospary, 11 а сынып, 8-9 informatics
22-ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: АДАМ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ТОПТЫ БАСҚАРУ


Жоспар:

  1. Адамды басқару және топты басқару

  2. Формалды(ресми) және формалды емес(бейресми) топтар

  3. Топтың жұмысының тиімділігіне әсер ететін факторлар



Лекция мақсаты: Адамды басқару және топты басқару
Лекция мәтіні:

  1. Адамды басқару және топты басқару

Менеджменттің негізгі элементі адамдық факторлар болып табылады. Өйткені менеджменттің болуы үшін екі және одан адамның бір ортаға келіп белгілі бір мақсатқа бағытталуы және олардың бір басшыға бағынышты болуы іс-әрекетінің жүзеге асу керектігін баста айтқан болатынбыз. Өндірістің барлық жүйесінде, барлық буындарында басқаруды кадрлар жүзеге асырады. Кадр жұмысы дегеніміз, кадр саясатының мақсаты мен принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеудің формалары, тәсілдері, бағыттары мен шарттары. Кадрлармен жұмыс істеу жүйесіне кадрларды даярлау, орналастыру, олардың еңбектерінен пайдалану, мамандығын жетілдіру, орын ауыстыруын жоспарлау және резерв құру, аттестациялау, өнімді және тиімді түрде жұмыс істеуін қамтамасық ету үшін мүмкіндіктер туғызу т.б. жатады.
Өндірісті басқару кадрлармен жұмыс жүйесі бірнеше негізгі элементтерден тұрады. Біріншіден: басқару көлемі мен сипатына қарай жалпы қызметшілер саны, олардың кәсіптік және лауазымдық құрамы анықталады. Екіншіден: Қызметкерлердің жекелеген категорияларының жауап беруге тиісті талаптарын, яғни нені білу, нені істей алуын және сол лауазымдағы қызметкерлер қандай істі меңгере алатындығын айқындау қажет. Үшіншіден: Басқару жүйесіндегі кадрларды іріктеу, орналастыру және орын ауыстыруын ұйымдастыру жұмыстары жүргіздіріледі. Кадрларды дұрыс іріктеу "әрбір адам-нақты бір орынға, әрбір орын-нақты бір адамға" принципіне негізделуі керек. Егер адам өзінің қолынан келетін, өзінің икемділігіне, қабілетіне, жалпы және арнайы даярлық деңгейіне сай келетін жұмысты атқарса, оның қайтарымы соғырлым жоғары болады.
Жалпы ұйымдағы адамдардың ерекшелігін, сапасын, қабілетін, еңбегінің көрсеткіштерін, адамдық қасиеттерін, т.б. жағдайларды, яғни менеджмент сферасында адаммен байланысты білуіміз қажет болып табылатын құндылықтарды төмендегіше көрсетуге болады:

  1. Ұйымдағы адам (тұлға);

2. Ұйымдағы коллектив;

  • Ұйымдағы топ

  • Ұйымдағы коллектив

  • Ұйымдағы команда

3. Басқарушы мен бағыныштылар;

  • Басқарушының функциялары

  • Басқарушының құқықтары мен міндеттері

  • Басқарушылардың сапасы

  • Басқарудың үлгілері

  • Бағыныштылар

4.Лидер

  • Лидерді топтарға бөлу

    1. Жекелік ұғымы

Жекелік ұғымы адамның жеке өзінің басындағы қабілеттер болып табылады. Адамның қоғамда алатын орны, оның білімі, мәдениеті, іс-әрекеті, ойлау қабілеті, шешім қабылдау мүмкіндігі оның жекелік формасын қалыптастырады. Жалпы айтар болсақ адамның сапасы деп те айтуға болады.
Әлемді танып білуге мүмкіндік беретін және бір-бірімен тығыз байланысқан әлеуметтік тұрғыдағы адамның сапасы болып табылады. Адамның сапасы туа бітеді (табиғи) немесе кейіннен қалыптасады (әлеуметтік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет