Сабақ Сөйлем мүшелері Қатысқандар саны 11 Қатыспағандар саны



Дата22.06.2017
өлшемі68,28 Kb.
#19829
түріСабақ

Бекітемін

ОЖЖО____________________А.К.Батырбаева




Мектеп

Қиғаш жалпы орта мектебі

Сынып

8«А»

Күні

21.10.2015

Мұғалімнің есімі

Мажитова Анар Женисовна

Сабақ

Сөйлем мүшелері

Қатысқандар саны

11

Қатыспағандар саны

-

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше, атқаратын қызметі жағынан тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып бөлінетіндігін білу, құрамына қарай бөліну түрлеріне мысал келтіру, өзгелерге теориялық негізде белгілерін көрсету, тапсырмалардың жасырын тұсын көріп, жүйесін анықтау, өзгелерге ой салу, тақырыпты өткен материалдармен байланыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай және атқаратын қызметі жағынан бөлінісін біледі, құрамына қарай бөлінуіне мысал келтіреді және ұсынылған тапсырмаларға ой жүгіртеді, өзгелерге теориялық негізде белгілерін көрсетеді.



Оқушылардың басым бөлігі:

Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай және атқаратын қызметі жағынан бөлінісін таниды, құрамына қарай бөлінуін мысал негізінде айқын тұжырымдайды, өзара оқыту барысында тапсырмалардың жүйесін анықтауға қатысады, оқытады.



Кейбір оқушылар:

Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай және атқаратын қызметі жағынан бөлінісін таниды, құрамына қарай бөлінуін түсіндіреді, сонымен қатар теория негізінде ұсынылған тапсырмалардың жасырын тұсын көреді, өзгелерге ой салады, талқылайды, өткен тақырыптарпен байланыстыра алады.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • "Сөйлем мүшелері" тіркесінің мағынасын ашып, анықтамасын айта алады.

  • Сөйлем мүшесінің белгілерін біледі.

  • Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздерді анықтай алады.

  • Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай түрлерін ажырата алады.

Сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай түрлерін жіктей алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

дара мүше, күрделі мүше, үйірлі мүше, тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер



Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қабілетті оқушылардың дайындаған ашық сұрақтары



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Ұсынылған белгілер бойынша не айтар едіңіздер?



Жазылым бойынша ұсыныстар:

шағын шығарма, сөйлемге сатылай кешенді талдау



Алдыңғы оқу

Тұрақты тіркестер, күрделі сөздер, көмекші етістіктер, қаратпа сөздер, қыстырма сөздер.

Сөйлемнің айтылу сазы мен мақсатына қарай түрлері.



Жоспар

Жоспар-ланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз

Уақыты

Ресурс

Басталуы

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындық барысын қадағалау.

"Қызығушылықты ояту" стратегиясы



Шаттық шеңбері

Бүгінгі күн терезеден

Бізге, міне, тұр қарап,

Сондай жақсы көңіл-күймен,

Басталады бұл сабақ.

Өткен сабақтарға негізделген ".", "?", "!" белгілері берілген қағаз қиындыларын таратып, топтарға бөлу.

– Оқушылар, бұл белгілер бойынша не айтар едіңіздер?

(Жауаптарын тыңдау)

Оқушылардың алдын ала өздері жасаған топ ережесін нақтылау.

Топ ережесі:



  • Сабаққа белсенді қатысу

  • Мұғалімді мұқият тыңдау

  • Тапсырманы тиянақты орындау

  • Бір-бірін сыйлау, тыңдау

  • Бір-біріне көмек көрсете білу

Уақытты тиімді пайдалану

5 минут


С.Аманжолов, А,Аманжолов, Г.Қосымова. Қазақ тілі. Алматы, 2012

Электронды оқулық



Ортасы

"Мағынаны тану" стратегиясы

Сабақтың табыс критерийлері:

1. "Сөйлем мүшелері" тіркесінің мағынасын ашып, анықтамасын айта аламын.

2. Сөйлем мүшесінің белгілерін білемін.

3. Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздерді анықтай аламын.

4. Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай түрлерін ажырата аламын.

5. Сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай түрлерінің жіктелуін білемін.

"Сөйлем мүшелері" тақырыбын меңгеруде оның теориясы бөлініп жазылған парақтар топтарға таратылады. Постер қорғауды ұсыну.

Электронды оқулықтан тақырыпты нақтылау.

Тақырыпты меңгергендерін тиянақтау мақсатымен

34-жаттығудағы К.Әзірбаевтың "Балуан Шолақпен кездескенде" өлеңінің шумақтары топтарға бөлініп, әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.

І топқа – 1-шумақ: "Теріп алу" әдісі бойынша сөйлем мүшесі болып тұрған сөздерді, сөйлем мүшесі болмай тұрған сөздерді анықтап, екі бағанға бөліп орындайды.

ІІ топқа – 2-шумақ: "Үшіншісі артық" әдісі бойынша дара, күрделі, үйірлі мүшелерге негіздеп, 1-топқа тапсырма дайындайды.

ІІІ топқа – 3-шумақ: "... дегеніміз" әдісі бойынша қаратпа сөз бен көмекші етістіктің ережесін айта отырып, тапсырмадан мысал келтіру.

(Оқушылардың топқа бөлінуіне байланысты тапсырмаларды орындау әдісі бағыттарымен өзгеруі мүмкін. Мысалы: 2-шумақ әдісімен І топқа, т.с.с.)

Ауызша кері байланыс: І топ ІІ топқа, ІІ топ ІІІ топқа, ІІІ топ І топқа.



Деңгейлік тапсырмалар.

Әр оқушы өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай конверттен тапсырма алады.

Қызыл түс – бағалы, 5 ұпай. Тапсырмасы: Ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаз – ұлағатты есім" тақырыбына сөйлем мүшелерінің құрамына қарай түрлерін ескеріп, шағын шығарма жазу.

Көк түс – құнды, 4 ұпай.

Тапсырмасы: Берілген сөйлемге сатылай кешенді талдау жасау. Сөйлем: Бауыржан туралы өлең есімнен кетпейді.

І саты: Айтылу сазы мен мақсатына қарай

ІІ саты: Құрылысына қарай

ІІІ саты: Сөйлем мүшелері

ІV саты: Сөз тіркестері

V саты: Сөздердің байланысу түрлері

VІ саты: Сөздердің байланысу тәсілдері

Сары түс – құны төмен, 3 ұпай.

Тапсырмасы: Берілген мәтелден дара, күрделі, үйірлі мүшелерді табу. Мәтел: Жолы болар жігіттің айы оңынан туады


2 минут

8 минут


9 минут

10 минут




Аяқталуы

"Ой толғаныс" стратегиясы

Сабақ барысында қабілетті оқушыға дайындауға берілген ашық сұрақтар өзге оқушыларға қойылады.

"Сөйлемді аяқтау" әдісі

Мен үшін ... қиын болды.

Мен ... түсіндім, ... үйрендім.

Мені ... таңқалдырды.

Алдағы уақытта ...

Үй тапсырмасы

35-жаттығу.


5 минут

1 минут




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Сабаққа араласпай отырған немесе тақырыпты жеткілікті түсінбей отырған оқушыны өзге оқушымен жұптастырамын, өз тарапымнан ынталандырамын.

Қабілеті жоғары оқушыларға тақырып бойынша ашық сұрақ дайындауды ұсынамын.



Сабақтың табыс критерийлері, "Бас бармақ" әдісі, ауызша кері байланыс, "Сөйлемді аяқтау" әдісі (жазбаша кері байланыс)

Әдебиет

Топ ережесі



Электронды оқулық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет