Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет53/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Мэри Паркер Фоллет (1868-1933 ж.ж.) пен Элтон Мэйо (1880-1949 ж.ж.) адамгершілік қарым-қатынас мектебінің жаңа бағытта дамуының негізін салушылар деп есептелінеді Фоллет ханым менеджментке тұңғыш рет «басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуші» деп анықтама береді.
Э.Мэйо «Уэстерн электрик компани» фирмасымен шартқа отырып, Хоторис қаласында адам еңбегінің тиімділігіне психологиялық факторлардың ықпалын зерттеді. Бұл жұмыс кезінде бүкіл АҚШ-қа әйгілі «Хоторенстік эксперимент» деп аталды.
1926 жылы «Фонд Рокфеллер» қаржысына Гарвард университетінде өнеркәсіпті зерттеу бөлімі ашылып, 1927 жылдан бастап Э Мэйо жұмысын дамытты. «Индустриалдық өркениеттегі адамгершілік қарым-катынастар» кітабын шығарды. Бұл кітаптағы басты идея —еңбек тиімділігі үшін психологиялық жағдай және жұмысшылардың жақсы көңіл-күйінің кажеттігі тураллы. «Бақытты жұмысшы дегеніміз жұмысшы» деп тұжырымдайды Э.Мэйо. Басқаша айтқанда, жұмысшылардың еңбек өнімділігін барынша арттыру үшін, оны бақытгы ету қажет. Демек, жақсы меңгеруші тек өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру техникасы туралы ғана емес, жұмыстың психологиялық жағдайларын да. жұмысшылардың көңіл-күйін де ойластырылуы тиіc, мұның өзi еңбек тиімділігінің елеулі факторларының бірі. Meңгеруші ұжымдағы жұмыс істейтіндердің кейбіреун айрықша қамқорлыққа алуы тиіс



Ф.Тейлор жүйесі



Э.Мэйо жүйесі



Жұмыс істеушілерге энергетикалық ықпал ету
Жеке еңбекке кесімді ақыға сену

Жұмысшыларда әкішіліктің үйғару бойынша орналастыру.


Жұмысшыларға интелектуалдық іске қабілетсіз, «үйретілген маймыл» ретінде ықпал ету.

Жұмысшылардың өндірісті жақсарту туралы ойлауға тыйым салу.


Еңбек процестерін жұмыс тәртібін жиі – жиі өзгертіп отыру


Әкімшілік нұсқауын сөсіз орындау
Материалдық көтермелеу
жазамен қорқыту.
Жұмысшылардың ішкі өміріне басшылар тарапынан немқұрайлы қарау



Психологиялық ықпал ету.


Топтық психологиялық заңдылықты


ескере отырып, ұжымдық еңбекке сену
Жұмысшыларға твочестволық іске қабілетті адам ретінде ықпал ету.
Жұмысшылардың өндірісті жақсартуын ынталандыру.

Жұмысшыларды өндіріс процестерін талқылауға, онда тиісті шешім қабылдауға қатыстыру.


өз мамандығына деген мақтаныш сезімін көтермелеу, олардың мақсаты фирма мақсатымен сай келетіндігі туралы иландыру.


Адамдарға көңіл бөлу,
мастерлерді қарамағындағыларға,
жұмысшыларға қамқор болуға насихаттау.

1-кесте Ф.Тейлор мен Э.Мэйо жүйелерінің салыстырмалы сипаттамасы

Бұл бағыттың негізгі қағидасы ресми емес шағын топтардың рөлін орындау, басқару практикасындағы топтағы психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерді тауып, пайдалануға мүмкіндік беретіндей тәсілдерін қабылдау болып саналады. Мәселен, осы «классиалық» мектептің, еңбекті барынша бөлісу жөніндегі негізгі тезистерінің 6ipiнe күмән келтіреді. Еңбекті толық.толық бөлісудің нәтижесінде пайда болған топ ерекшелігі, тұрақтылығы әpi қатаң бақылаудың нәтижесінде жұмысшыларды қарапайым операцмялардың бірсарынды қайталануы қолайсыз әсер ету оларды жалықтырады.


Еңбек болінісіндегі қолайсыз зардаптарды жою жоніндегі ұсынылатын амалдардың ішінде жұмысшыларды операцияны жоспарлауға және нормалауға яғни оны ұлғайту және алуан түрлігін арттыру) қатыстыру көзделген. Ұсак сериялы және көп моменклатуралы өндірісте тасқынды әдістен бас тартудан гөpi өндірістің икемділігіне ықпал ететін, өнім сапасын арттыратын, іpi шығынды азайтатын автономды құрастыру стенділерін енгізуді үсынады. Автоматтандыру кезінде мамандықтарды үйлестіру ұсынылады. Мәселен, жабдықтарды жөндеуді күту және бақылауды үйлестіpy. Мұндай жағдайда жұмысшылардың еңбекке мүдделігі артып, мамандығы жетіле түсетіндігін кәсіпкерлер атап көрсетеді.
«Адамгершілік қарым-қатынас» мектебінің өкілдері басқару жүйесіндегі жұмыскерлердің еңбегін жетілдіру тәсілдерін іздестіруге.
eдәyip көңіл бөледі. Атап айтқанда, олар ресми емес әлеуметтік құрылымды өзертуге ерекше көңіл бөлуді немесе ұйымның формальды құрылымын қайта құруды ұсынды.
Олар классикалық мектеп ұсынған «жоғарыдан төменге қарай бағыну үйлесімділігі» принципін қатты сынғa алып, биліктің жоғарыдан төмен қарай жүруін тиімді деп есептемеді. Осыған орай олар «комиссия арқылы үйлесімділікті» ұсынды, мұның өзі идея қатынасының тиімділігін арттыруды, жалпы саяси ұйымнын жақсы қабылдануын әpi оның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Осындай қорытындыларға сүйене отырып, психологиялық мектептің зерттеушілері былайша топшылайды: егер басшылар өз жұмыскерлеріне көбірек қамқорлық жасаса, онда олардың қанағаттану ceзiмi де, еңбек өнімділігі де жоғары болады. Tiкeлей басшылық ететіндердің неғұрлым тиімді әрекет етуі жұмыскерлермен кeңecyi, қарым-қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беруі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау амалдарын пайдалануды ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет