Сыртқы ортамен байланысы: Тұтынушылар, экономикалық қызметтер, кәсіподақ, заң, бәсекелестер, қоғамның көзқарасы, техника, технология т.б.жатады. Сыртқы оратдағы болған өзгерістер ұйымның ішкі ортасына да әсерін тигізіп өзгертеді.
Тікелей еңбек бөлінісі: Ұйымда еңбек бөлінісі жасалғаннан кейін ұйымның мақсатына жету үшін жұмыстарды үйлестіру қажет. Ұйымдағы жұмыстардың жүзеге асуы тек жұмысшымен ғана байланысты емес, сонымен қатар жұмысшыны басқаратын басшылардың еңбегімен де тығыз байланысты. Осы себепті басқарушы-бағынышты құрылымы пайда болады. Тиімді түрде жұмыстың өз деңгейінде атқарылуы үшін белгілі бір тұлғалардың жауапты болуы керек. Еңбектің жоғарыдан төмен қарай бөлінісін тікелей еңбек бөлінісі деп атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |