Басқарудың қажеттілігі: Ұйым алға қойған мақсатына жету үшін тікелей еңбек бөлінісін жасайды. Ал тікелей еңбек бөлінісі басқару процесін тудырады. Жоғарғы және төменгі еңбек бөлінісі арасындағы қатынас басқаруды қажет етеді.
2.Басқарудың негізгі деңгейлері
Ұйым ішіндегі басқару позициясы, сол ұйымда жүзеге асырылатын жұмыстардың ерекшелігіне байланысты болып келеді.
Басқарудың жоғарғы деңгейі
Басқарудың ортаңғы деңгейі
Басқарудың төменгі деңгейі
- Жоғары деңгейдегі басқарушылар: йымда маңызды шешімдерді қабылдайды. Ұйымның мақсаттарын айқындап, оның келешекте алатын орнын белгілейді. Стратегиялық мақсаттарды қалыптастырып жоспарлар жасайды, акциялар шығарады, шетелдік фирмалармен қарым-қатынас жасайды, бәсекелестермен ара-қатынасты реттейді, жаңа нарықтарды меңгереді, жаңа тауарларды өндіру туралы жұмыс жасап шешімдер қабылдайды. Жоғары деңгейдегі басшыларрдың саны санаулы болады.
- Орта деңгейдегі басқарушылар: Орта деңгейдегі басқарушылар бөлімдер мен бөлімшелерді басқарады. Фирманың мақсаттарына жетуі үшін жұмыстарды ұйымдастырады. Өндіріс орындарындағы орта деңгейлі басшыларына цехтар, қойма, техника және өнімнің сапасын бақылау бөлімдерінің басшылары жатады. Олар өнімділік пен тиімділікке жауап береді. Тиімділік дегеніміз - ұйымның мақсатына жақындау деңгейі. Ал өнімділік дегеніміз - өндірістен шыққан өнім мөлшері мен өндіріске жіберілген шикізат мөлшері арасындағы қатынас Аз шығынмен көп өнім алу өнімділікті көрсетеді. Орта деңгейдегі басшылар жұмыс күнінің көп бөлігін немен айналысады? Біріншіден ертеңгі күнге немесе бір аптағы жұмысты жоспарлайды, екіншіден жұмысшымен жоғарғы басшы арасындағы байланысты жүзеге асырады. Екіншіден өндірістік немесе басқа операциялардың рентабельділігін қамтамасыз ететін күнделікті шешімдерді қабылдайды. Рентабельділік дегеніміз(пайдалылық) – белгілі бір мерзімде түскен пайданың сол мерзім ішінде қолданылған капиталға қатынасы. Төртіншіден төменгі деңгейдегі басқарушылар мен қатардағы жұмысшыларды басқарады. Сонымен қатар орта деңгейдегі басшылар ресурстардың сатып алынуын, сапаны тексеру, кадр мәселесі, әр түрлі кеңестерге қаржылық және өндірістік есептерді дайындауға және де барлық маңызды мәселелерді шешуге қатысады.
- Төменгі деңгейдегі басқарушылар: Бұл деңгейді операциялық басқару деңгейі деп те атайды.Бұл деңгей бағыныштылар мен қызмет адамдарының деңгейі. Бұған бригадир, топ бастығы, сатып алу бойынша аудит, экспедитор. Төменгі деңгейдегі басқарушылар ұйымда маңызды роль атқарады.
Жоғарғы басшылар стратегияны, ал ортаңғы басшылар оны жүзеге асыру үшін жоспарларын дайындайды, төменгі (оперативті) басшылар жоспарға сай нақты жұмыстың орындалуына жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |