Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет72/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Ұйымның сызықтық формасы: Қолданысы күрделі жоғары технологияларды қолдана отырып, бір мезгілде бірнеше өнімді өндіретін өндірістік әдісі формасы болып табылады. ҰСФ өкілеттілік билігі бөлістірілген децентрализациялық құрылым болып табылады. Коллективті түрде шешім қабылдап, автономды түрде бірігетін матрица формасындағы ұйым.

4. Холдинг(H-form) формасы: Бөлімдерден тұратын күрделі жүйелі құрылым.
5. Ауыспалы форма (переходная форма): Бітпей (аяқталмай) қалған форманың жаңа формаға көшуі.
6. Аралас ұйымдық форма: Көптеген бөлімдердің міндетіндегі жұмыстар болғанымен жоғарғы деңгейдегі басшылардың ағымдық жұмыстарға араласуы.


Ұйымның түрлері
Ұйымның түрлерін төмендегідей етіп топтастыруға болады:

  1. табиғи ұйым;

  2. жасанды ұйым:

  1. формальды;

  2. формальды емес;

  1. унитарлы модель;

  2. плюралистикалық ұйым;

4.1 корпоративтік ұйым;
4.2 ассоциативтік ұйым;

  1. механикалық және органикалық ұйымдар;

  2. ұйымның мақсатына қарай;

  1. бизнестік ұйымдар;

  2. қоғамдық ұйымдар.

  1. Табиғи ұйым - өздігінен қалыптасатын ұйым болып табылады.

  2. Жасанды ұйымдар: Белгілі бір мақсатқа жету үшін оған қажетті жұмыстардың бәрін жинап,белгілі бір ретке келтіру,еңбек бөлінісін жасау, мамандандыру және қажетті технологиялық ерекшеліктерді пайдалана отырып адамдардың қолдан жасайтын мекемесі болып табылады.

  3. Формальды ұйым жоғары тәртіппен құралған әлеуметтік жүйе ретінде қалыптасып күшін заңдық негіздерден алады.

  4. Формальды емес ұйым болса тұлғалардың жеке-өздерінің қажеттіліктеріне қарай өзара ынтымақтастық топты құратын топ.

  5. Унитарлы модель: қатаң бағынышты тәртіппен норма мен регламентке негізделген сыртқы мақсатқа жету үшін мүшелердің біртұтас әрекет етуі. Мысалы: мемлекеттік мекемелер (жоғарғы жақтағы инфрақұрылымдағы өзгерістер, төменгі жақта жұмысқа адамдардың қамтылуына септігін тигізеді.

  1. Плюралистикалық ұйым: Тек қана біріге отырып мақсатқа жетуге болатын жағдайларда өз еріктерімен ұйымдасатын ұымдарды плюралистикалық ұйым деп атаймыз. Мұндай ұйым корпоративтік және ассоциативтік болып жүзеге асады.

4.1 Корпоративтік ұйымдарда мүшелер өзінің мақсатына жету үшін уақытша өзінің суверенитетінен айрылады. Яғни бағынышты болады (еркін жоғалтады)
4.2 Ассоциативті ұйымдарда мүшелерге өздерінің тәуелсіздіктерін жоғалтпау мақсатында күнделікті үйлестіру мүмкіндіктер жасалады. Олар өзара қалай бәсеке жасау керектігі туралы, қалай ынтымақтастықты құру туралы келісім-шартқа отырады. Жалпы келісіммен шешім қабылданады. Ал ассоциацияның басшысы субъектілерді үйлестіру ролін атқарады.

  1. Механикалық ұйымдар қызметі нақты маманданған, регламент бойынша жоспарланған, байланыстың вертикалды түріне негізделіп биліктің орталықтан жүргізілетін құрылымын көрсететін ұйымның түрі болып табылады.

Органикалық ұйымдар өзгермелі технология қолданғанда және сыртқы ортамен байланыс күрделі және динамикалық болғанда қолданылады.Бұған электроникалық техниканы өндіретін ұйымдарды жатқызуға болады. Өйткені бұл ұйымдардың жұмыстары ғылыми зерттеу және инновациялық процеспен байланысты болғандықтан терең маманданған ішкі бәсеке бар, иерархия өте әлсіз және оның орнына еркін жұмыс істеу кең таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет