Жан-жақты болу қажеттілігі заңы (байланыс пен элементтер)
Синергия заңы: Біртұтас бірігіп жабыла жұмыс атқарғанда белгілі бір элементтердің потенциалы көтеріледі. Өйткені ол өзара көмектесу және толығуға негізделген. Бұған қазақтар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді. Жұмыла кірісіп атқарылған істе алып күштің пайда болуын синергия заңы деп атаймыз.
Толығу заңы: Ұйымның ішкі процестері мен функцияларының қарама-қарсы бағытта болу жағдайы. мамандандыру – универсализация, дифференциялау – интеграциялауды мысалға келтіруге болады. Бұл екі бағыттың да тиімді жақтарынан пайдалануға мүмкіндік береді.
Пропорционалдылықтың сақталу заңы: Ұйымда тепе-теңдіктің сақталу заңы. Жұмысшылардың көп болуы немесе жетіспеушілігі ұйымды экономикалық шығынға ұшыратады.
Композиция заңы: Ұйымның барлық функцияларының міндеттері мен мақсаттарының ұйымның жалпы мақсатына бағынышты болуы