Менеджментжәне социология Социология қоғамдық мәселелерді зерттеумен айналысады. Ол қоғамдағы шындық пен оған байланысты мәселелерді қарастырады. Заң қоғамға қатысты жазбаша ережелерді шығарады. Ал, социология ғылымы болса заң сияқты қоғамды реттейтін, бірақ заңды түрде белгіленбеген, сонымен қатар қоғам қабылдаған және қоғамдық өмірді бір жүйеге келтірген жазылмаған ережелерден тұрады. Кәсіпорындар қоғамдағы заңмен тыйым салынған шектеулерге сай жұмыс істеуге қандай міндетті болса, социологияның ережелеріне де бағынып, соған қарай жұмыс істеуге міндетті. Сол себепті де социология мен менеджменттің арасында тығыз байланыс бар.