Технология және статистикалық математика
Динамикалық құрылымы бар мекеме экономикалық тауар және қыхмет өндіру кезінде жасалған әрбір операция кәсіпорынның мақсатына, пайдасына және зиянына әсер етеді. Кәсіпорынның жұмысының, оның мақсатына тигізетін әсерін, мөлшерін білу, қадағалау және осы күрделі жұмыстарды барынша жақсы жүргізе білу үшін кәсіпорын басшылары шешім қабылдаған кезде бірнеше статистикалық және математикалық тәсілдерді қолданады және сол арқылы өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Осы статистикалық және математикалық тәсілдер кәсіпорын басшысы қолданатын ең маңызды құрал болып табылады.
Осыған дейін жасаған зерттеулерімізді былайша қорытуға болады. Менеджмент - өз алдына жеке ғылым болмағанымен, бірнеше ғылым әсері негізінде пайда болған (мысалы: заң, социология, психология, экономика, электроника, медицина, математика, статистика, физиология, биология, эргономия және т.б.) білім салаларынан тұратын жүйелі бір білім саласы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |