Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет10/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Менеджмент және психология
Психология адамның іс-әрекеттерін зерттейтін ғылым. Әлеуметтік психология болса, қоғамдағы тұлғаның іс-әрекеттерін зерттеумен айналысады. Басқару немесе ұйымдастыру психологиясы болса, бір ұйымда қызмет істейтін адамдардың іс-әрекеттерін зерттейді. Өндірістік немесе еңбек психологиясы болса, өндірісте немесе кез келген жұмыс орнында еңбек ететін адамдардың іс әрекеттерін зерттейтін ғылым саласы.
Кәсіпорындардың құрылымын зерттегенімізде олардың адамдардан құралған жүйе екенін байқаймыз. Өндіріс факторын зерттегенде табиғт пен капитал факторларынан тыс, тағы да үш фактор: еңбек, кәсіпкерлік, басқару және адам қарым-қатынастарынан тұратынын көреміз. Кәсіпорындардың істейтін жұмысы мен мақсатын зерттеген кезде кәсіпорындар адамдардың жеке басының немесе қоғамдағы қажеттіліктерді өтейтін тауар және қызмет өндіру үшін жұмыс істейтінін және осы тауар мен қөызметті оларға ұнайтындайетіп өндіруге міндетті екендігін көреміз. Міне, кәсіпорында істейтін жұмысшы, басқарушы мен тұтынушылардың барлығының іс-әрекеттері кәсіпорындардың пайдалылығына қатты әсер тигізетіндіктен, кәсіпорындар осы адамдардың іс-әрекеттерін зерттеп, оларды өз мақсатына сай пайдалана білу үшін психология, әлеуметтік психология, өндірістік психология, ұйымдастыру және еңбек психологиясымен тығыз байланыста жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет