тарихи, ӛздігінен болды деп сенетін түрлі бейнелер, кейіпкерлер мен оқиғалар арқылы
жеткізу. Бірақ, бұл бір ғана құбылысқа, жеке бейнеге, бір оқиғаға қатысты болса, ол миф
Ф-ӘД-001/046
соны тегістей дерлік қамтитын осы мифтердің қатар түзген жүйесі. Ғалымдар
мифологияны ұжымдық сана деп есептейді. Яғни, мифологиядағы бейнелер арқылы
ұжымдық түсініктер қалыптасады. Адамдардың әр тобының ӛздері мекен қылған жердің
ерекшеліктеріне қарай түйсік-түсініктері әртүрлі болуынан бір таным объектісі немесе бір
қатардағы адамшылық нормалары туралы әңгімелейтін мифологиялық материалдарының
сан алуан болуы ықтимал. Олардың байқағандары, кӛргендері және түйгендері санасында
екшеліп, кӛркемӛнер үлгілері түріндегі (сурет, ән, би т.б.) кӛрініс береді. Осыдан
біртіндеп әлемдік мәдениет нұсқалары жинақтала бастайды.
Мифологиялық сананың ерекшелігі – онда адам мен қоршаған орта бӛлек нәрселер
деген түсінік жоқ, жеке бір адамның санасы ру немесе тайпа санасы ауқымынан асып
шықпайды, санадағы бар нәрсе объективті бар немесе болған деп саналады.
Ажыратылмаған ұжымдық сана сол күйінде табиғатқа, қауымға кӛшіріледі, табиғатты
―жандандырып‖ оған адам бейнесі беріледі. Мифтерге әсірелеу (метафора), бейнелер
арқылы жеткізу (символизм) тағы басқалары тән.
Мифтер
ӛзінің мазмұнына қарай
космогониялық
(әлемнің жаратылысы туралы),
теогониялық
(құдайлардың пайда болуы туралы),
астрогониялық
(планеталар мен
жұлдыздардың пайда болуы туралы),
антропогендік
(адамның пайда болуы туралы),
этногендік
(рулар мен тайпалардың пайда болуы туралы),
эсхатологиялық
(ақырзаман,
топан суы туралы), қаһармандық, т.с.с. болып бірнешеге тарайды. Осылай сананың пайда
болып, жетілуінің ең ерте кезінде мифология әлемді танудың, қабылдаудың және әлемдегі
барды түсінудің бір тәсілі, сол кездегі адамдардың білімінің жиынтық кӛрінісі болды.
Адамның кемелдену барысында біртіндеп табиғатпен ара қатынасын, ӛзінің
болмыс ерекшелігін түсінуіне қарай мифология дүниетаным нысаны ретінде кері ығысып,
қоғамдық сананың ӛзге түрлеріне – дін мен мәдениетке орын бере бастады. Әлемдік
тарихта бұл біздің эрамызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта тұсына сәйкес келеді.
Осы кездері буддизм, даосизм, конфуцийлік тәрізді жаңа діндер дүниеге келді. Дәуірлер
тоғысындағы ӛтпелі кезеңде, құдай барлық әлемнің жаратушысы әрі иесі деген түсінік
дүниетанымдық негізге айналады, құдай адамдардың ӛмір сүрген ортасынан бӛлініп
алынып, әлемнен тыс құдірет деп танылады. Ендігі жерде мифология кӛркемӛнер, дін,
мораль, философия, ғылымдар болып таралып, жеке ӛмір сүре бастады.
Достарыңызбен бөлісу: