Жүктiлiгі және босануынабайланысты демалыстар Әйелдерге босануына дейiн ұзақтығы жетпiс күн және босанғаннан кейiн елу алты (қиналып босанған немесе екi немесе одан да көп, бала туған жағдайда - жетпіс) күнтiзбелiк күн-жүктiлігi және босануына байланысты демалыс беріледi.
Ядролық сынақтардың әсерi тиген аумақтарда тұратын әйелдерге, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес дейiн ұзақтығы жетпiс күн және босанғаннан кейiн жетпiс (қиналып босанған немесе екi немесе одан да көп бала туған жағдайда - жүз қырық) күнтiзбелiк күн жүктiлiгi және босануына байланысты демалыс берiледi.
Жаңа туған балаларды асырап алған әйелге (еркекке), (ата-анасының бiреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейiнгі кезеңге ақылы демалыс берiледi.
Жұмыс берушi қызметкерге бала үш жасқа келгенге дейiн оны күту үшін:
1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесіне;
2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған - ата-анасына;
3) баланы нақты тәрбиелеп отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
4) жаңа туған баланы асырап алған қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.
Бала күтiмi жөнiндегi, ол үш жасқа келгенге дейiн жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орыны (лауазымы) сақталады.
Бала күтiмi жөнiндегi, ол үш жасқа келгенге дейiн жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты, егер Қазақстан Республикасының заң актiсiнде өзгеше көзделмесе, жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледi.
3.Ауыр (eрeкшe ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған, аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы белгіленеді.
зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;