Маркетингтің экономикалық мәні мына төмендегі нәтижелілікті
тұжырымдайды: тауарлардың бәсекеге жарамдылығын жасау; тауарларды
жылжытуды
жеделдету; сатып алушының қателігін қанағаттандыру;
өндірістің тиімділігі және тауарлар сату
Маркетинг қызметі жағдайда нарық 2 түрге ажыратылады:
1. сатушы нарығы.
Сатушы нарығы
бұл тапшылық нарығы, онда
сатушылар үлкен билікке ие болады
2.сатып
алушы нарығы -
бұл толықтырылған нарық, мұнда сатып
алушылар үлкен билікке ие.
Маркетингтің негізгі принципі – жалпыға бірдей нысаналығы, яғни
тұтынушының қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті
нәтижелеріне бағдарлануы
Қазақстан Республикасында өтіп
жатқан нарықтық экономика
реформасы экономиканы қалыптастыру және дамудың бірден-бір маңызды
бағыттарының сипаты ретінде менеджмент үлгісін қосады. Ол біздің елімізде
жаңа
экономикалық
қатынастарды
және
әлеуметтік-экономикалық
процестерді басқарудың жаңа жүйелерін пайдалануға үлкен себебін тигізеді.
Қазіргі кезде туркәсіпорын басқаша жағдайда қызмет атқаруда. Не
өндіру, қалай өндіру, кім үшін деген сұрақтарды олардың өздері дербес
шешуді қажет етеді.
Менеджментті нарықтық жағдайдағы экономикалық ынталандырудың
функцияларын және әдістерін әртүрлі принциптерін
қолдану материалды,
қаржыны, ақпаратты және ресурстарды тиімді пайдалану негізінде
шаруашылық өміріндегі қол жеткізуге бағытталған басқарудың ерекше түрі
ретіндегі экономикалық дербес субъектісі деп түсіндіруге болады.
Менеджменттік қызмет – бұл туркәсіпорында жұмыс істейтіндердің
еңбегіне, ақыл-парасаттарына, адамдардың мінез-құлықтарына сүйене
отырып алдына қойылған мақсаттарын іс-жүзінде асыруды ұйымдастырады.
Менеджменттің басты негізі – адам ресурстары
және кәсіпкерлік қызмет
болып табылады. Сондықтан да оның басты міндеті – ақпараттық білімнің
тәжірибе мен өндіргіш күштердің жаңа ережелерін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: