Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


Фонетикалық талдаудың сызбасы



бет37/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
Фонетикалық талдаудың сызбасы
Қазық Жуан буынды сөз.
Қазық сөзінде 2 буын бар: қа-ашық ( а,б) -зық – бітеу (б.б).
Қа-зық болып бір жағдайда ғана тасымалданады. Екпін соңғы буындағы ы дыбысына түседі.
Буын арасында үндестік бар.
Жазық сөзіне қосымша тек жуан болып жалғанады.
5 әріп, 5 дыбыс бар.
қ – қатаң дауыссыз;
а - жуан, ашық, езулік дауысты;
з - ұяң дауыссыз;
ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;
қ – қатаң дауыссыз;
Қазіргі таңда фонетикалық талдауды сатылай комплексті түрде жүргізу құпталып жүр. «Сатылай кешенді талдау - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық - психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі» деп, Н. А. Оразақынованың өзі айтқандай, бұл талдау арқылы оқушылар ана тілінің қадір - қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенеміз.
5. Жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде әсерлі ұйымдастыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне және ізденіс деңгейіне байланысты. Жаттығулар жүйесін қалыптастыруда түрлі қолданылған әдістердің теориялық-практикалық тұрғыдан мұғалімдер тарапынан жетілдіріп және оның ғылыми әдебиеттерде талдануының маңызы зор. Жаттығу іріктеу – сипаты, міндеті, дидактикалық тараптары анықталғаннан кейінгі басты мәселелердің бірі. Қ.Сарбасова жаттығу іріктеуде мынадай талаптар ескерілуі тиіс дейді:
• Жаттығудың өтілген тақырыпты пысықтауға, бекітуге бағытталуы.
• Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір ретпен келуі, жүйелі ұсынылуы.
• Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын арттырарлық болуы.
• Өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
• Шығармашылық сипаттағы жаттығулардың (түсіну сезімі арқылы) болуы. 
Қазақ тілін оқытудың кешенділігі онда өзара тығыз байланысқан элементтер мен бірқатар дидактикалық талаптар мен шарттардың міндетті түрде орындалуын талап етуімен ерекшеленеді. Қазақ тілін дамыта оқыту – үлкен жүйе деп танылып, оны құраушы кіші жүйе жаттығулар жүйесі жасалынды. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясындағы жаттығулар жүйенің табиғатына сай, ішкі құраушы деңгейлерге бөлінеді. Өйткені тілді теориялық деңгейде меңгеруі барысында оқушылар бір қабаттық жаттығу түрін орындаумен көзделген мақсатқа жете алмайды, себебі, бір деңгейде орындалатын жаттығулар оқушының теориялық ойлауын дамыта алмайды. Қазақ тілін дамыта оқытуда жүйеленген жаттығулар оқушылардың ауызша және жазбаша орындауына арналады. Қазақ тілін оқытудағы жазба жаттығулары екі үлкен топқа бөлініп қарастырылады:
• Қазақ тілін тілдік материал ретінде меңгеруге арналған жаттығулар.
• Жазу сауаттылығын (каллиграфия, орфография) қалыптастыруға және жазба тілді дамытуға арналған жаттығулар.
Бірінші топтың жаттығуларын орындау барысында оқушының жазу сауаттылығы дамиды, ал екінші топтағы жаттығуларды орындауда оқушылар қазақ тілі заңдылықтарын таниды. Демек, практикалық әдістердің ішінде жаттығудың алатын орны ерекше. Жаттығулар кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Соның ішінде 5 – сыныпта «Фонетика» саласын оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Әрбір мұғалім оқушылардың керекті дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына да қолдана алатын жаттығу әдістері білгені жөн. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады:
• Біріншіден, оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады;
• Екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады.
Сабақтағы жаттығу жұмысы оқушылардың қандай тілдік материалмен жұмыс жасауына қарай: фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік болып бөлінеді: Фонетикалық жаттығулардың міндеті – оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.
Фонетика – лингвистиканың үлкен бір тарауы. Ол әр дыбысқа тән қасиеттерін, ерекшеліктерін, тіл дыбыстарының жүйесін қарастыратын ғылым. Тіліміздегі дыбыстардың заңдылықтарын, айтылу және жазылу нормаларын, таза қазақ тілінде дыбысталуын білмей тұрып, тіл білімінің басқа салаларын толық меңгеріп кету қиынға соғады. Оқушылардың тіл дыбыстарын алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талаптар қамтылуы тиіс:
• Жаттығу нәтижесінде неге қол жететінін оқушының өзі жақсы білуі керек. Мұғалім оқушыларға әр түрлі жаттығу жұмыстарды қандай ұқыптылықпен, шапшаңдықпен орындауға тиіс екенінің үлгісін көрсету керек;
• Әрбір жеке жаттығуды орындағаннан кейін оқушы нәтижесін білу керек. Өзінің нені үйреніп, қалай ілгері басқанын сезіп, ішіндегі кемшіліктерді біліп, оларды жою үшін не істеу керектігін білуі керек;
• Мұғалім жаттығулардың формасын өзгертіп, оны түрлендіру арқылы оқушылардың барлық көңілін, назарын сол жаттығуларға аударады. Жай фонетикалық талдауларды орындау арқылы, күрделіге өздері көшкенін байқамай қалатын дәрежені қалыптастырған жөн;
• Тақырыпқа сәйкес жаттығуларды дұрыс іріктеп беріп, тұрақты дағды жасауға жаттығу саны емес сапасының ерекше маңызын көрсете білу;
• Жаттығуларды орындауда оқушылардың әрдайым бір қиындық кездестіріп отыруы керек.
Оқушыны бір күрделі дағдыға жаттықтырмас бұрын, оған әуелі осы күрделі дағдыны құрайтын элементтерді жеке-жеке меңгеру қажет.
Демек, оқушы фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің түрлі дыбыстық заңдылықтармен танысады, дауысты, дауыссыз дыбыстардың жетілуін оңай ажыратумен бірге, түрлі орфографиялық ережелерді есіне сақтап, сауатты жазу дағдысын меңгереді. Олай болса, 5 – сынып оқушыларын оқытудың ерекшелігі – осы сыныптағы оқылатын білім мазмұнымен байланысты.
Фонетикаға байланысты келесідей жаттығу түрлері кездеседі:
1 – жаттығу. Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, олардың жуан, жіңішке буынды сөздер болып бөліну себебін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет