1- сұрақ: өмірлік жағдайларда міндеттерді орындау үшін түрлі қарым-қатынас құралдарын және тапсырмаларды дұрыс шешу үшін стильдерді іріктеп дұрыс қолдану алуы, көнфликтілік жағдайларды шешуге нәтижелі әрекетті жүзеге асыру
Орындаған: Алтайбай Маржан
1- сұрақ: өмірлік жағдайларда міндеттерді орындау үшін түрлі қарым-қатынас құралдарын және тапсырмаларды дұрыс шешу үшін стильдерді іріктеп дұрыс қолдану алуы, көнфликтілік жағдайларды шешуге нәтижелі әрекетті жүзеге асыру, адамдарымен қарым-қатынасты құра алу қандай құзіреттілікке жатады
а) Ақпараттық құзіреттілік
ә) Өзін-өзі басқару құзыреттілігі
б) Коммуникативті құзыреттілік
в)Жеке тұлғалық құзыреттілік
г) Әлеуметтік құзыреттілік
2- сұрақ: Жоғары мектеп педагогінің жеке тұлғалық қасиеттерін көрсетіңіз
а) қысымдарға қарсы шыға алу, өзінің айтқанынан айнымауы, көзқарасын айтуға қорықпауы және басқаларға осы қасиеттерді үйретуі керек.
ә) Оқушылардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарау
б) Басқа да кәсіби салалардың дағдылары
в) отбасылық, достық қарым –қатынастарын қорғауы және денсаулығы болуы керек
г) Жоғары мектеп педагогінің жеке тұлғалық қасиеттерін игеру
3- сұрақ: Ситуация: Мұғалім жаңа оқу жылында сыныпта “Топтық жұмыс” әдісін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға шешім қабылдайды. Алғашқы сабақта ол оқушыларды төрт топқа бөледі, әр топқа нақты тапсырма береді.
Сұрақ: Мұғалім бұл әдісті қолдану барысында қандай педагогикалық құзіреттіліктерді көрсетуі керек?
Жауап:
1. Коммуникация дағдылары: Оқушылармен ашық және түсінікті тілмен қарым-қатынас жасау.
2. Мотивация: Оқушылардың ынтасын арттыру үшін қызықты тапсырмалар мен марапаттар жүйесін енгізу.
3. Дифференциация: Әр түрлі деңгейдегі оқушыларға арналған тапсырмаларды дайындау.
4. Кері байланыс: Топтардың жұмысын бағалап, конструктивті кері байланыс беру.
5. Сабақ жоспарын құру: Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін уақытты дұрыс бөлу.
Мұғалім осы құзіреттіліктерді көрсете отырып, оқушылардың топта жұмыс істей білу қабілетін дамытады.