Лекция мәтіндері шымкент глоссарий



бет39/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
Диктант – оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырып, өздігінен жазуы деген ұғымды білдіреді. Ол – мұғалім мен оқушы арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қоса оның жауапкершілігі, ұқыптылығын, адалдығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді басқа да көптеген саналарын анықтап, оларды жүйелі түрде қалыптастыру мен орнықтыруға мүмкіндік алады.
Диктанттың түрлері көп. Ал қазақ тілінің фонетика саласын меңгерту барысында немесе меңгергеннен кейін диктанттың мынадай түрлерін жүргізуге болады. Олар:

  1. Әріп диктанты – дыбыстар мен әріптерді үйретіп, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын білдіру.

2. Буын диктанты – оқушыларға буынды игерту.
3. Сөз диктанты – оқушыларға сөзді белгілі бір ұғым беретінін түсіндіріп, сауатты жазуға дағдыландыру.
4. Көру диктанты – оқушылардың көру, есте сақтау, зат тану қабілетін дамыту.
5. Өздік диктанты - өтілген материалдарды еске түсіру.
6. Сөздік диктанты - жаңа сөздер бойынша үзбей жүргізіледі.
Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар. Әріп диктантын жаздыру мақсаты – ана тілін жеткілікті білмейтіндер мен басқа ұлт балаларына қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы фонетикалық, орфографиялық ерекшеліктерге байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтарын және оларды жаза білуді қаншылықты дәрежеде меңгергендіктерін білу. Өйткені әріп диктанты барлық жазу жұмыстарының іргетасы.
Әріп диктантына мынадай талаптар қойылады:
- әріп диктантын үйрету диктанттарының басқа түрлері сияқты сыныптағы ең жақсы оқитын екі оқушыға алдымен түсіндіріп алып, соңынан оларға тақтаға жаздыру әдісімен бастау керек;
- жазылатын әріп қай дыбыстың таңбасы екендігін, дауысты болса, себебін, жуан, жіңішке түрге бөлінуін, дауыссыз дыбыстардың дауыстылар сияқты буын құрамайтынын және жеке айтылмай, тек дауыстыға қосылып қана айтылатындығын таныту қажет;
- әріпті жазуға, сөзбен көруге болатынын, олар оқылатынын және бас әріп, кіші әріп (жазылу емлесі) болатынын білдіру керек (Б.Ысқақ. Диктанттар жинағы, Шымкент, 2005);
- өткен әріптерге жаңа әріптің ұқсастығы мен өзіне тән айтылу, естілуі сияқты фонемалық өзгешелігін әрбір оқушы саналы түрде түсініп, жаттанды болған дәрежеде айта білгенге дейін сабақ сайын қайталу қажет.
Міне, осы талаптардың бірі әуелі мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізіліп, біріншіден, белсенді, алғыр оқушылардың міндетіне көшіп мұғалімнің бақылаушысына айналады.
Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын талаптар. Қазақ тіліне тән дауысты, дауыссыз дыбыстардың ауызекі сөйлегенде өздігінен буын құрап барып айтылатын заңдылығын және әріптердің бір-бірімен қосылып жазылуын саналы түсіндіру – буын диктантының шешуші мақсаты. Ол үшін оқушылар дауыссыз дыбыстардың дауыстылар тәрізді жеке айтылмай, қы, ғы, ме, кі, гі, ны, ың. т.б. түрінде дауыстымен қосылып айтылатыны, ал ы, і, ұ, ү, ә, е дауыстыларын жеке айтумен бірге олар арқылы ыңылдап, ән салуға да болатынына (мысалы, а-а-а, о-о-о, т.б.) көздерін жеткізу керек.
Бұл буын диктантын тез меңгеріп кетуге үлкен көмегін тигізеді. Мысалы,
1. Қазақ тіліне тән дыбыстардан жіңішке буын құрап жаздыу (өздік диктанты).
2. ң..., ы..., һ..., ғ..., ...к.
Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптер жазып, буын құрау. Жуан буындардың астын бір, жіңішке буындардың астын екі сыздыру (шығармашылық диктанты).
Сөз диктантын жаздыру мақсатымен оған қойылатын талаптар. Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол оқушылар меңгеріп болған дыбыстар мен буындардан құралады. Мұндағы мақсат –сөздердің бір немесе бірнеше буыннан құралып, белгілі бір ұғымды білдіретінін дыбыс және буыннан салыстыра отырып түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында түсіндіретін оқушы берілген сөздің қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, ондағы әр дыбыстың әріпке айналғандығы жазылу емлесін айтып өтеді. Бұл, мысалы, көз, құлақ, құлақшын, көзілдірік сөздері бір және бірнеше буыннан құралған, көз сөзінде – 3, көзілдірік сөзінде – 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына білдіріп тұр.
Сөйтіп, сөз диктантын жазу үстінде оқушылар фонетикалық, орфографиялық, лексикалық талдауларға жаттыға бастайды.
1. Көру диктанты: ата, әже, іні, аға, қыз, ұл, гүл, өзен, көпір, көл, т.с.с.
Тапсырма: Бір буынды сөздердің астын сыздыру, сөздердің айтылуы немесе керісінше жазылуы бойынша көрсетіңіз.
2. Мектеп туралы кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді жаздыру (сынып, парта, бор, тақта, т.б.)
Бұл жерде өзіндік диктанты қатар жүріп отыр.
Көру диктанты. Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттығуға берілген өлеңдерді де алуға болады.
Сөздік диктанты. Сөздік диктанты сабақтың кез-келген уақытында жазылады. Оған оқушылар жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, омоним, антоним сөздер мен жазылуы қиын байырғы сөздер алынады. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің айтуы бойынша да жаздыруға болады.
Мысалы, жазылуы айтылуы
домбыра домбұра
жорық жорұқ
Осы диктанттардан кейін жіберілген қателерді анықтап, оқушы қатені неге жіберді, қандай тақырыптарды толық игермеген, олардың көп жіберетін қателері қандай деген сұрақтарға жауап беру үшін үнемі қатемен жұмыс жүргіземіз. Қатемен жұмысты мынадай тәсілмен жүргіземіз. Оқушы қатесін табады, ережесін анықтайды, дұрыс жазу емлесін түсіндіреді, басқа мысалдар келтіреді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет