Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


-тақырып. Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі



бет47/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
11-тақырып. Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі
1. Мектепте грамматиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
2. Грамматикалық ұғымдар, оларды меңгерту әдістері.
3. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері.
4. Морфологияны оқытудың мақсат, міндеттері мен жалпы әдістемелік ұғымдары.
5. Мектепте морфологияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы.
6. Негізгі морфологиялық ұғымдар.
7. Морфологияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі.
8. Синтаксисті оқытудың мақсат, міндеттері, синтаксистік ұғымдар және оны меңгерту әдістемесі.
9. Сөз тіркесі – сөйлем құрау материалы.
10. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі.
11. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі.

1. Грамматика сабақтарының мазмұны морфология, синтаксис бойынша негізгі мағлұматтардың ғылым негіздерінің жиынтығы болады, бұл мағлұматтар қазақ тілінің грамматикалық құрлысы туралы толық түсінік береді. Грамматикадан берілетін білім мектеп бағдарламасымен белгіленеді.


Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Мектепте оқущылар қазақ тілінің грамматикалық құрлысымен, морфология және синтаксиспен сипаттамалы түрде танысады, сөздердің түрленуі, сөз тіркестері мен сөздердің сөйлемде қолданылуы жайында негізгі грамматикалық ережелерді үйренеді
Мектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек. 1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді. 2. Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық қМектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
2. Грамматикалық ұғымдар, оларды меңгерту әдістері. Грамматика - бір тілдің грамматикалық құрылысын зерттеудің. Грамматикалық құрылсы белгі бір тілдегі грамматикалық жүйе, грамматика бір-бірімен өте байланысты екі салаға бөлінеді. Олар: морфология және синтаксис. Морфология - сөздердің морфологиялық құрылымы мен типтері морфемамен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формаларының, және сөздердің лексика, грамматикалық топтары туралы зерттейтін ілім. Синтаксис – сөз тіркесімен сөйлем. Олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы зерттейтін ілім. Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе, грамматиканың ең маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Сөздердің морфорлогия құрылымына талдау жасау үшін ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ғылымдардан алдын ала айқындап алу қажет. Мұндай негізгі морфологиялы ұғымдарда мазмұнына, морфема туралы ұғым енеді.
Грамматика - әрі өте маңызды, әрі үлкен мәселелердің бірі. Грамматикалық форма туралы ұғым.
Грамматикалық мағына және грамматикалық тәсілдер мен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдіретін жол болып табылады.
Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады әрі олармен тығыз байланыста болады. Өйткені грамматикалық мағына грамматикалық категориядан тыс өмір сүрмейді. Қайта оның элементі ретінде грамматикалық категорияның құрамында өмір сүреді. Грамматикалық категория грамматикалық формамен тығыз байланысты. Бұл екеуі бір-бірінсіз өмір сүруі мүмкін емес.
Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бүдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салыстыру арқылы әлгі белгілерді жинақтауға ұмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабылданған мағлұматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет.
Грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін қолданудағы ұқсас белгілерін дерексіз түрде тануды үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау операцияларын меңгереді.
Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің салыстыру және жинақтау сияқты операцияларын меңгереді. Мұғалім мағлұматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық ұғымның әр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет.
Үшінші кезең - грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. Бұл оқушылардың таным мен сөздік қорын дамытады, әрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық ұғымды жақсы меңгеруге әсер тигізеді.
Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығулар орындау арқылы іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерту.
Бұл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық ұғымды пысықтау жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі тақырыптарды өту кезінде орындалады. Қазақ тілінен оқытылатын грамматикалық ұғымдар сыныптан сыныпқа өткен сайын бірте-бірте күрделендіріліп, сабақтастыра беріледі.
3. Грамматикалық талдау әдістемесінің теориялық негіздері.
Тілдің қай саласы болса да, бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сондықтан тілді оқыту кезінде оған көңіл бөлмеуге болмайды. Тіл салаларының байланысын тілді оқыту кезінде ұтымды пайдалану тілді оқытудағы негізгі мақсатқа жету үшін маңызды. Қазақ тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың адамдармен қарым-қатынаста қолдану құралына айналдыру. Осының бәрі – лексиканың, фонетиканың, морфологияның, синтаксистің бір-бірімен байланысы. 
Грамматикалық талдау - сөздер арасындағы грамматикалық байланыстарды анықтау.
Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қалмайды. «Зат, сын, қимыл» т.б.с.с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады. Сондықтан ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отырғанда ғана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. Немесе төменгі сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
Сынып оқушылары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердін ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздік грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді.
Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барасында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап, айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдер және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматикалық әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматикалық әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді.
Мектепте грамматиканы оқытуға байланысты төмендегідей ұстанымдар мен жағдайларды қамтамасыз ету керек.
1. Тұлға мен мазмұн бірлігі. Бұл ұстаным тілдік құбылыстарды бір жақты талдауға жол бермейді.
2. Грамматикалық ұғымдардың біртіндеп қалыптасуы. Бұл ұғымдар элементтер ретінде белгілі жүйенің жиынтығы болып, ана тілінің грамматикалық мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан-жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
4. Морфологияны оқытудың мақсат, міндеттері мен жалпы әдістемелік ұғымдары.
Тілді оқып үйрену үшін, оның негізгі компонеттерін (дыбыстық жүйесін, лексикасын, грамматикалық құрылысын), қалыптасуы мен қызметін білу керек. Тіл – қоғамдық құбылыс, ол өсіп дамып отырады. Осы тұрғыдан оған сөздердің жасалуы мен сөздердің түрленуі сияқты қасиеттері ерекше сипат береді. Оқушылар сөздердің жасалуы жайында түсінік алғаннан кейін, енді сөздердің түрленуі жайында, олардың жасалу тәсілдері жайында оқып біледі. Ал сөздердің түрленуі грамматиканың морфология бөлімінде өтіледі, мұнда ғылымда «сөз таптары» деп аталатын сөздердің лексика-грамматикалық түрлерге бөлінуінде қарастырылады. Сөздердің түрленуі жайында түсінік болмайынша, оқушылар синтаксис материалын, сөздердің сөйлем ішінде тіркесу заңдылығын біле алмайды. Өйткені сөздердің бір-бірімен байланысуы көбінесе сөздердің түрленуіне (септелуі, тәуелденуі, жіктелуі) негізделеді.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.ұрлысының негізін қалайды.
5. Мектепте морфологияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы.
Морфология – тілдегі сөздердің тұлғасы, құрамы мен құрылысы, сөз таптары мен олардың түрлену жүйесі туралы ғылым.
Тілді оқып үйрену үшін, оның негізгі компонеттерін (дыбыстық жүйесін, лексикасын, грамматикалық құрылысын), қалыптасуы мен қызметін білу керек. Тіл – қоғамдық құбылыс, ол өсіп дамып отырады. Осы тұрғыдан оған сөздердің жасалуы мен сөздердің түрленуі сияқты қасиеттері ерекше сипат береді. Оқушылар сөздердің жасалуы жайында түсінік алғаннан кейін, енді сөздердің түрленуі жайында, олардың жасалу тәсілдері жайында оқып біледі. Ал сөздердің түрленуі грамматиканың морфология бөлімінде өтіледі, мұнда ғылымда «сөз таптары» деп аталатын сөздердің лексика-грамматикалық түрлерге бөлінуінде қарастырылады. Сөздердің түрленуі жайында түсінік болмайынша, оқушылар синтаксис материалын, сөздердің сөйлем ішінде тіркесу заңдылығын біле алмайды. Өйткені сөздердің бір-бірімен байланысуы көбінесе сөздердің түрленуіне (септелуі, тәуелденуі, жіктелуі) негізделеді.
Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық, топтары, яғни олар тек таза грамматикалық белгілері, тұлғалары арқылы ғана емес, сонымен қатар сөздердің лексикалық мағыналары арқылы да бөлінеді. Сондықтан сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың сөздікпен жұмыс жүргізулерімен байланыстырылады.
Сөз таптарын оқыту оқушыларды синтакисистік жүйелі курсын өтуге даярлайды, дұрыс жазу ережелерін оқып үйренуге жағдай туғызады, грамматика сабақтары оқушылардың тіл ұстартуы, сөздіктерін байытуы, сөздердің қолдану ережелерін меңгеру мақсатында пайдаланылады. Сонымен бірге, сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді, бұған әр түрлі сөз таптарына жататын сөздерді грамматикалық белгілеріне қарап жіктеу, тектік және түрлік ұғымдарды ажырату, құбылыстарды қандай да бір белгілеріне қарап жіктеу сияқты логикалық операциялар жүргізуге жетелейді.
Сөз таптарын оқытқанда кездесетін қиыншылықтар:
1) оқушылар «сөз таптары» мен «сөйлем мүшелері» ұғымдарын шатастырады;
2) бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқандығын білмей қалады (соң, кейін, әрі, бері сөздерінің әрі үстеу, әрі шылау болатындығы);
3) аттас формаларды ажырата алмау (жатыс септігі –да, -де мен да, де шылауы; көмектес септік –мен, -бен және жалғаулық бен, пен; табыс септік –ды, ты және сын есімнің –ды, -ты жұрнақтары; етістіктің болымсыз –ма,-ме жұрнағы мен сол тұлғадағы зат есім жұрнақтары, сұрау шылаулары т.т.).
Бұндай қиыншылықтарды, грамматикалық ұғымдарды түсіндіру кезінде салыстыру талдау-жинақтау әдістері арқылы жеңуге болады.
Мысалы, зат есімді зат есімді оқытуда және оның белгілі бір тақырыптарын өтуді жоспарлауда мұғалім сол тақырыптың мазмұны мен ол бойынша жұмыс істеу әдістемесін белгілейтін үш мәселені ескеруі қажет:
1) зат есімнің мағынасы туралы мәселе,
2) олардың жалғаулар арқылы түрленуі,
3) зат есімнің жасалу жолдары туралы мәселе.
Бұл мәселелердің бәрі емле ережелерімен де тығыз байланысты.
Зат есімнің мағынасы. Зат есімге топталатын сөздер. Заттың мағынаны білдіруі жағынан алуан түрлі екені белгілі, біржағынан, ол сөздер нақты заттардың атын білдіреді: аспан, жер, оаман, өзен, тау, жолбарыс, аю, жылқы, құмырсқа; екінші жағынан, нақтылығы жоқ дерексіз заттардың атауы болады; ақыл, ой, қуаныш, күйініш, теңдік, өзгеріс, абырой, намыс, ұят т.б. Сонымен қатар нақты зат атаулары болатын сөздердің өзі семантикалық жақтан тектік және түрлік болып та бөлінеді: мал-жылқы, қой ешкі, түйе, сиыр, ағаш – қарағай, қайың, емен, шырша т.т.
Зат есім сөздер ненің атауы болады деген тұрғыда тағы бірнеше жікке-топқа бөлінеді.
І. Табиғаттағы жансыз зат атаулары: тау, тас, орман және т.б.
ІІ. Табиғаттағы жанды зат атаулары: қой, ешкі, кірпі және т.б.
ІІІ. Табиғаттағы құбылыс атаулары: жел, боран, құйын және т.б.
ІV. Адам қоғамындағы зат атаулары: адамға байланысты: еркек, әйел, ата-ага. Бала-шаға, аға, қарындас, іні-жиен, нағашы және т.б.
Еңбек құраларды: балға, балта, ара, станок, экскаватор, бульдозер т.т.
Бұйым атаулары: кірпіш, цемент, мата, көйлек, пальто, костюм.
Құрылыс атаулары: үй, завод, фабрика
Елді мекен атаулары: ауыл, қала
Шаруашылық экономика, саяси-әлеуметтік, мәдениет, ғылым, техникаға, байланысты атаулар.
Демек, зат есімге кіретін сөздер тобы ұшан теңіз.
Мектеп бағдарламасында зат есімге кіретін сөздерді бұлай топтап-саралау толық берілмейді. Онда зат есімнің анықтамасы, қандай сұраққа жауап беретіні, жалпы және жалқы есім болып бөлінетіні жайында қысқаша мағлұмат беріледі.
Жаттығу кезінде оқушы жекелеген сөздер тобынан немесе сөйлемнен зат есім сөздерді айыра білетін болуы керек; екіншіден, олар мағына жағынан нені білдіреді, қандай сұраққа жауап беріп тұр, ол сөздер жалпы есім бе, жалқы есім бе дегендерді ажырататындай болу керек.
Оқулықта жалқы есімдерге жататын сөздер және олардың емлесі сараланып берілген. Мұғалім осыларды кітапта көрсетілгендей тек тізіп айта салмай, түрлі тәсілдер арқылы саналы түрде меңгерту керек. Ол үшін әр түрлі салыстырмалы мысалдар алынады.
Зат есімнің жалғаулар арқылы түрленуі. Зат есімнің жалғаулар арқылы түрленуімен оқушылар бастауыш сыныптан таныс. V сыныпта сөз құрамы тарауында жалғаудың түрлерімен арнайы танысады, жаттығу кезінде жалғаудың қай түрі екенін ажырата алады. Зат есімнің көптелуі, тәуелденуі, септелуі және жіктелуіне толық тоқтайды.
Бұл жаттығулардың ішінде көптік жалғауын ажырата алмау, септік жалғауларын бір-бірімен шатыстыру сияқты болып келеді. Бұларды саналы меңгертіп, тиісті дағды беру үшін алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолданылу қажет.
Алдымен, тәуелдік жалғаудың өзін түсіндіргенде, оның мағыналық жағына зер салған жөн. Ол үшін тәуелденетін заттардың дербес тұруы мен олардың тәуелденген түрі салыстырылады. Үй, кітап, галстук деген сөздер жазылып, бұлардың ешкімге қатысты, меншікті емес жазылып, бұлардың ешкімге қатысты, меншікті емес екендігі әңгіме әдісімен анықталады.
Содан соң: Менің үйім, сенің кітабың, оның галстугы деген сияқты тәуелдену жағдайы көрсетіледі де, үй-дің І жаққа, кітаптің ІІ жаққа, галстуктың ІІІ жаққа меншіктеліп тұрғанын, оның тәуелденуі екендігін айту қажет.
Бұдан соң сол заттың тәуелденуі тиісті жалғау жалғану арқылы болатындығы үйретіледі. Демек, үй-ім, кітаб-ың, галстуг-ы.
Үшінші жағдайда иеленуші, меншіктеуші сөздің қандай тұлғада тұрғандығына назар аудартылады (менің, сенің, оның дегендердің бәрі де ілік септік жалғауында тұр).
Төртінші жағдайда бұларды сұраулар арқылы байланыстыру көзделеді:
А) Кімнің үйі? Кімнің кітабы? Кімнің галстугы?
Ә) Менің ием? Сенің нең? Оның иесі?
Бұл сұрауларға оқушылар хормен жауап беріп отырулары керек.
Тәуелдік жалғаудың негізгі мәнін саналы меңгергеннен кейін, оның үш жақты тәуелденетіні тағы да оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіріледі.
І жақ Менің үйім
ІІ жақ Сенің үйің
Сыпайы Сіздің үйіңіз
ІІІ жақ Оның үйі
Бұл арқылы оқушылар бір затты тек бір адам, яғни сөйлеуші адам ғана меншіктеніп қоймай, таңдаулы адам да (сенің), бөгде адам да (оның) меншіктенетініне көздері жетеді. Басқаша айтқанда әркімнің үйі бар. Олар өз үйлерін атағанда, жоғарыдағыдай үш жаққа бөліп ерікті екендігі білінеді. Бұдан соңғы баспалдақ: бір адам бір ғана затты емес, сол тектес көп затты меншіктенуі мүмкін. І. Менің кітабым кітаптарым Сенің кітабым кітаптарың т.т. Мұны оңаша тәуелдену дейді.
Екінші жағынан, бір затты, не бірыңғай затты көп адам меншіктенуі мүмкін екенін ескертіп, оған мысал келтіреді.
Менің үйім – Біздің үйіміз.
Сенің үйің – Сендердің үйлерің
Сіздің үйіңіз – Сіздердің үйлеріңіз
Оның үйі – Олардың үйлері.
Кейбір зат ортақ болуы мүмкін. Біздің мектебіміз дегенде, мектептің көптігін білдіріп тұрған жоқ, оны иеленуші адамның көптігін білдіріп тұр. Мектеп біреу, ендеше мұны ортақ тәуелдену дейді.
Тәуелдік жалғауларының жақ жағынан және оңаша, ортақтық жағынан осы сияқты мағлұмат берілгеннен кейін, әр жақтағы тәуелдік жалғаудың дыбыстық құрамына оқушылардың назарын аудару керек. Мұнда кейбір, тәжірибесі аз мұғалімдер әрбір тәуелдік жалғаудың жалаң өзін көрсетуге асығып тұрады. Мысалы: І жақ –м, -ым, -ім. ІІ жақ –ң, -ың, -ің деген сияқты.
Бұлай оқыту саналылықтан гөрі, формализмге апарып соқтырады. Сондықтан тәуелдік жалғаулардың дыбыстың түрленуін нақты мысалмен үндестік заңдарын естеріне түсіре отырып үйрету қажет.
Ол үшін буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сәйкес бірнеше сөздер алынуы керек.
І топ дауыстыға аяқталған жуан және жіңішке сөздер: сыбызғы, домбыра, шана, қозы, түйме, іні. І. пальто-м, шана-м, қозы-м, түйме-м, іні-м. ІІ. –ң, -ңыз, -ңіз ІІІ. –сы, -сі.
ІІ топ дауыссыз дыбыстарға аяқталған жуан және жіңішке сөздер: жолдас, қалам, стол, сызғыш, сиыр, сөз, іс, мінез, өлең, жең, дәптер.
Тәуелдік жалғауының дыбыстық түрленуін саналы меңгермеген кейбір оқушы нақты талдаудан қате жібереді. Мысалы: Сөзім деген сөзді құрамына талдағанда, сөз-і-м түрінде бөліп, і – тәуелділіктің ІІІ жағы, м- тәуелділіктің І жағы деп түсіндіреді. Мұндай жаңсақтық кейбір жас мұғалімдер мен практиканттардың арасынан да кездесіп қалады.
Зат есімнің жіктелуін өткенде, алдымен, жіктелетін заттарды ескерту қажет. Оқулықта «Кейбір зат есімнің жіктелуі» деп тақырып берілгенде, зат есімдердің жіктелетіндігі ескеріледі.
Тәжірибесі аз мұғалімдер оқушыға «егіз» деген сөзді жікте деп тапсыруы мүмкін. Жіктік жалғауды түсіндіргенде, алдымен Мен кіммін? Сен кімсің? Сіз кімсіз? Ол кім? деген сияқты сұраулар қойып, оған тиісті жауап беретіндей болу керек. Мысалы, Мен кіммін? деген сұраққа сол адамның өзі жауап берсе Мен мұғаліммін деп, тыңдаушылар жауап берсе, Сіз мұғалімсіз деп атайды. Сол сияқты Сен кімсің? деген сұраққа тыңдаушы адам: Мен оқушымын деп жауап береді де, сөйлеушінің өзі Сен оқушысың деп жауап береді. Ол кім? дегенге: Ол –мұғалім. Ол –оқушы деп жауап береді. Осыдан соң жіктелетін бірнеше зат есім сөздер тақтаға жазылып, оны үш жақта жіктеу тапсырылады.
Тәуелденген зат есім мен жіктелген зат есімді қатар кестеде көрсету арқылы салыстыру әдісін пайдаланады. Салыстыру әдісі баланың өзінше тұжырым жасауына көмектеседі.
6. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе грамматиканың өте-мөте маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын, құрылымдық элементтердің (морфемалардың) табиғатын, қызметі мен өз ара байланысу және тіркеу сипатын зерттеп шешу тілдердің морфологиялық типтерін айқындау үшін және олардың грамматикаларын ғылыми дұрыс негізде жасау үшін де өте-мөте қажет.
Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфем) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да ( бас, қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да), бірнеше сорфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы) құрала береді.
Сөз құрамындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдірсе, екіншісі (-шік) кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді. Мағыналық тұрғыдан қарағанда морфема сөзді ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады.
7. Морфологияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдар жүйесін пайдалану әдістемесі. Көрнекілік адамзат баласымен бірге сол сәттегі зат немесе құбылысты бейнелеуден, яғни ақпаратты беру қажеттілігінен пайда болған болуы мүмкін. Бұл туралы бізге дейін келіп жеткен тас үрдігірлердегі, жартастардағы суреттер куә. Көрнекілікпен оқыту алғашқы мектептер пайда болғаннан бері басталды. Мектеп тәжірибесінде көрнекілікпен оқыту элементтерін ең алғаш пайдаланған адам есімі тарихта сақталмаған.
Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский (1824-1870) көрнекілік принципі туралы материалистік тұрғыдан негіздеме жасады. Өз кезегінде бұл көрнекілік мәселесінің өзектілігін шешуге үлкен қадам болды. Ол көрнекілікті тек көру сезімімен ғана байланыстыруға болмайды. «Балалар форма, бояу, дыбыс, сипап сезу арқылы ойлайды»-деген болатын. К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың анықтамасын баланың жанама түрде қабылдаған, ол мұғалімнің басшылығымен оқыту үрдісінде кезінде немесе баланың өз бетінше бақылау нәтижелеріне тәуелсіз түрде жүзеге асырылатын ілім деген болатын. Бейнелік сөйлеуді ол көрнекіліктің ерекше әрі маңызды түрі деп есептеді. Оқу үрдісі кезінде мұғалім өзінің әңгімесін тірілте алады. Біріншіден балаларға сол заттың өзін көрнекті етіп көрсетеді. Балалар көрген затқа қарай отырып, оқыған материалдарын еске түсіріп қана қоймай, жанама созерцанияны толықтырады. Екіншіден, сұрақты тірілтіп әртүрлі етеді. К.Д.Ушинский үшін көрнекілік -дидактикалық принциптің ішіндегі ең маңыздысы, өйткені оқыту әдістері мен тәсілдерінде, оқыту осы көрнекілік принципіне сүйенеді.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың рөлі мен орнын дұрыс түсінді, ішкі тірек идеясын ұсынды. «Балаға қандай да бір бес таныс емес сөзді үйретіңіз, ол ұзақ уақыт бойы, нәтижесіз тер төгеді, егерде оны дәл осындай 20 сөз бен суретпен байланыстырып үйретсеңіз, онда бала бұл сөздерді бірден-ақ үйреніп алады. Сіз балаға өте қарапайым ойды айтсаңыз ол бәрібір сізді түсінбейді, егер де сіз осы балаға күрделі суретті көрсетіп түсіндірсеңіз, онда ол бала сізді жылдам, тез арада түсінеді». К.Д.Ушинский көрнекі оқытуда іс-әрекеттің элементті де айтқанын кездестіреміз. Ол былай деп жазады: «Біз өзіміз тікелей сипап сезу арқылы қабылдаған бейнелеріміз дәл сол қалпында, өте ерекше дәлдікпен есімізде қалғандығын байқауға болады, өзіміз көрген суреттер басқа да идеяларда қосып аламыз. Бұдан затпен ішкі іс-әрекет нәтижесінде түсінікті меңгеру жүзеге асады.
Оқу сапасын, оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін, логикалық және абстрактылы ойлауын дамыту мақсаттарында сабақта көрнекі әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады. «Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Қазіргі білім беру жүйесінде компьютер мұғалімнің басты көмекшісі. Интернет желісіне қосылған компьютер – қажетті ақпаратты беруші-жеткізуші, бақылаушы, оқулық құралы, өзі секілді мектеп мұғалімдері және олардың оқушыларымен де байланыс орнатушы, тағы сол сияқты заманауи қызметтерді атқарушы құрал. Мұндай көмекші құралды әр сабақта тиімді пайдалану пән мұғалімінің шеберлігіне байланысты болмақ.
8. Синтаксисті оқытудың мақсат, міндеттері, синтаксистік ұғымдар және оны меңгерту әдістемесі. Синтаксис - грамматиканың морфологиядан кейінгі бөлімі. Басқаша айтқа, мектепте қазақ тілінің жүйелі курсы синтаксиспен аяқталады. Демек, синтаксис морфологияға қарағанда жоғары деңгейде тұрады. Тілдің қатынас құралы деп сипаттама бергенде, сол сипаттамаға сәйкес келетін тілдік бірлік синтаксис болады. Тілдің фонетикалық, лексикалық, және морфологиялық жүйелерінің бәрі тек синтаксис арқылы қатынас құралы құрамына ене алады. Синтаксис тілдің фонетикалық лексикалық және морфологиялық жүйелеріне сүйене, оларды жинақтай әрі олармен дидактикалық тұтастыққа ене отырып, адамның ойын қалыптастыруды, оны жарыққа шығарып, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді. Өздеріңізше мәлім, синтаксистің «сөйлем» және «сөз тіркесі» деген екі үлкен объектісі бар. Сөйлем дәрежесінде синтаксис тілдің қарым-қатынас бірлігі болып, адамның ойын білдіреді, осы тұрғыда ол –тілдің логикамен байланысын жүзеге асырады. Сөйлем дәрежесінде оқушылардың тілі ұстарып, ойлауы дамиды, байланыстырып сөйлеуге машықтанады.
Демек, синтаксис курсының мектепте оқытылуының тілдік жүйе түрінде түсініп білуінде үлкен маңызы бар. Синтаксистік бірліктер, алдымен сөйлем, бірінші сыныптан бастап оқытылады. Оның жүйелі курсы V, VI, VII сыныптарда өтіледі. VI және VII сыныптарда әр сөз табының синтаксистік қызметі оқытылады.
Қазіргі әдістеме өткендегі тәжірибені және қоғамның қазіргісі мен келешегінің мектепке қоятын әлеуметтік талабын ескере отырып, синтаксисті оқытудың мынадай міндеттерін белгілейді:
- синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесін саналы қабылдау негізінде ана тілінің құрылысы жайында оқушыларға сапалы білім беру;
- тілдің синтаксистік нормаларына сәйкестік тұрғыда оқушылардың тілін, сөйлеуін дамыту;
- оқушы тілінің синтаксистік құрылысын мақсатты түрде байыту;
- пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай қабылдауына негіз қалау; -оқушылардың ойлау қабілетін дамыту ана тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеу, тілдік тәсілдер арқылы, оның материалын оқып үйрену арқылы оқушыларға тәрбие беру.
Бұл міндеттер қазіргі мектеп курсының бағдарламалары мен оқулықтарында жүзеге асырылуға тиіс.
Синтаксистің лингвистикалық-дидактикалық негіздері. Синтаксистің мектеп курсының мазмұн негізі синтаксистік ұғымдар мен ережелер жүйесі болады. Ұғымдар мен ережелер жүйесі болады. Ұғымдар мен ережелер нақты тілдік материадан тыс қаралмайды. Синтаксистің әдістемесі үшін теориялық-дидактикалық материалды сұрыптау, түсіндіру және ұйымдастыру принциптері негізгі мәселе болып табылады.
Синтаксисті оқытудың қазіргі теориясы мен практикасы мына принциптерді жүзеге асыру: синтаксистің мектеп курсындағы ғылыми проблемасы, оқытудың ғылыми принципі –дидактикалық дәлелдеуді ғылыми дәрежеге көтеру мәселесі.
Синтаксис мазмұнының дәрежесін көтеру дегенді қалай түсінуге болады? Бұдан теориялық мағлұматтардың көлемін ұлғайту деген ұғым тумайды, керісінше, теориялық және практикалық материалды сұрыптағанда барынша тілдік шындықты қамтитындай түсінік, талдау, ой қорыту болу керек. Бұл мәселені шешу синтаксистің мектеп курсындағы мазмұнын тіл туралы қазіргі ғылыммен жақындату болып табылады. Бір жағынан, мектепке ғылымда қабылданбаған немесе орныға қоймаған идеяларды, ережелер мен терминдерді енгізбеу әдістеменің «алтын» заңын басшылыққа алу болса, екінші жағынан, қазіргі синтаксистік теорияның даму қарқынын ескере отырып, мектеп курсына қазіргі ғылыми мағлұматтар тұрғысынан бағдар беру қажет.
Демек, мектептегі синтаксис курсын қазіргі ғылыми тұрғыдан жаңа мағлұматтармен толықтыру немесе жаңаша түсіндіру керек. Дәстүрлі синтаксисте сөйлем әр түрлі жағынан оқытылып келеді: айтылу мақсаты мен интонациясына қарай жіктеледі (хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті), құрылымы жағынан жай сөйлем және құрмалас сөйлем. Ал ғылыми синтаксистің соңғы жаңалығына сүйене отырып, сөйлемді айтылу мақсатына қарай, хабарлы, сұраулы, бұйрықты деп бір тоқтап, лепті сөйлемді көңіл күйі мен интонациясына қарай өз алдына бөліп оқытылады. Бұрын бұлардың бәрі айтылу мақсатына жататын.
Синтаксис - грамматиканың көлемді құраушы бөлігі. Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.
Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері – қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:
1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.
2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.
3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.
4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.
5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.
Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:
1. Көшіріп жазу жаттығулары.
2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.
3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.
6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.
8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.
10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.
12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.
13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.
14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.
15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.
16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.
Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындады.. Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді. «Ауызбен сөйлесу» және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.
9. Сөз тіркесі – сөйлем құрау материалы. Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, оқушыларға қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана оқушыларының ізденімдік-зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – оқушылардың фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.
10. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі. Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» синтаксис саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Ахмет Байтұрсынұлының 1992 жылы жазылған «Тіл тағылымы – қазақ тілі оқу-ағартуға қатысты еңбектері» атты еңбегіндегі сөйлем жүйесі мен түрлері тақырыптарына арналған «Тіл-құрал» бөлімінде жай сөйлемнің түрлері олардың қызметі туралы жазылған. Ахмет Байтұрсынов ең бірінші сөйлем жүйесіне тоқталып, «сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой, сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады» деп ереже берген [1,276]. Осы бөлімде Ахмет Байтұрсынов жалаң және жайылма сөйлемдерге анықтама берген.Бұл анықтама қазіргі мектепте оқытылып келе жатқан ережеге сәйкес, яғни бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады деген. Одан кейін бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер деп айтып кетіп, одан басқа мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем деп түйген. Ахмет Байтұрсынов оларды 2 бөлімінің «сөйлем түрлері» атты тарауында жалпы түрлері деп тақырып қойып тоқталып кеткен. Жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне: болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма деп 6 типке бөлген [1, 296]. Болымды сөйлемді не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды сөйлем деп атаған. Мысалы: Үлкен бастар, кіші қостар, деген мысалда іс-әрекеттің іске асатының айтып отыр, ал қазіргі қазақ тілінде мұндай жай сөйлемнің түрлері жоқ, оны біз етістіктің болымсыз және болымды түріне қарай ажыратамыз. Ал болымсыз сөйлемді не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деп аталады деген.
Жай сөйлем синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. еңбектері жай сөйлемнің құрылымдық типтеріне байланысты практикалық және теориялық маңыздылығын көрсетіп берді. Бұл зерттеулер жай сөйлемнің құрылымдық типтерінің жасалуын, оқытылуын айқындады.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытқанда қайталау, жинақтау, салыстыру әдістерін қарастырдық
Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған тірек-сызбаларға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту болады.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-педагогикалық технологияларын меңгеруін қамтамасыз ету.
11. Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі. Құрмалас сөйлемді оқыту барысында оқушыға салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластың ұқсастықтары мн айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндірген тиімді. Салалас пен сабақтас сөйлемнің бір-бірінен айырмашылығы оның баяндауыш формасында екендігі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Алынған сөйлемді бір-біріне айналдыру арқылы тереңірек түсіндірген жөн. Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен айырмашылығы оның күрделі ойды білдіретіндігінде екендігін жай сөйлемді мысал ретігнде алып, салыстырған жөн. Кейбір құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемнен қысқа болып келетінін, ал керісінше кейбір жай сөйлемдердің ұзақ болып кездесетінін де айтып өту қажет. Ол үщін мынандай сөйлемдерді мылалға келтіруге болады:

  1. Дәл осы сәтте Мағаш пен Кәкітай Дәрменді көріп күле жөнелісті

  2. Адамның іші қандай болса, іші де сондай.

Осындағы бірінші сөйлем жай сөйлем де, екіншісі сабақтас құрмалас сөйлем болып тұрғанын оқушыға жан-жақты түсіндірі қажет. «оқушылардың құрмалас сөйлем туралы қалай түсінгегін байқау үшін, төрт-бес жалғаулықты, үш-төрт жалғаулықсыз құрмалас сөйлем тауып жазып келуді тапсырған жөн» Құрмалас сөйлемді оқытқанда оның тыныс белгілерніе де назар аударылады.
Мектепте синтаксисті оқытқанда мынандай міндеттер қойылады:

  • синтаксистік ережелер мен заңдылықтардың негізінде оқушыға тілдің синтаксистік құрлысы туралы жүйелі білім қалыптастыру;

  • тілдің синтаксистік нормасы тұрғысынан оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру;

  • оқушы тілінің синтаксистік құрлысын мақсатты түрде байыту;

  • пунктуация ережелерін оқушылардың ойдағыдай игеруіне негіз жасау;

  • оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет