Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


-тақырып. Сөзжасамды оқыту әдістемесі



бет44/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
10-тақырып. Сөзжасамды оқыту әдістемесі
1. Мектепте сөзжасамды оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен ұстанымдары.
2. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту.
3. Жаттығулар жүйесі. Сөзжасамдық норма. Сөздерді сөзжасамдық және морфемдік талдаудың әдістемесі.
4. Сөзжасамды оқытуда көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдалану.

1. Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат неқұбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.


1992 жылы қазақ тілі бағдарламасында «Сөздердің жасалуы» атты жаңа бөлім енгізілді. Бұл бөлімнің 4 сынып бағдарламасында: «Сөз тұлғасы туралы түсінік, түбір сөз, қосымшалы сөз, қосымшалы жұрнақ, жалғау, көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары, туынды түбір, түбірлес сөз» деген тақырыптар қамтылса, 5 сынып бағдарламасында «Дара, күрделі сөздер. Біріккен сөз және оның емлесі. Қос сөздер және оның түрлері. Қысқарған сөздер және оның емлесі» сияқты тақырыптар қамтылды. Бұл аталған тақырыптар бұрынғы бағдарламалар мен оқулықтарда «Сөз құрамы», «Сөз тұлғалары» деген жалпы тақырыппен морфология бөлімінде қарастырылып келген болатын. Соңғы кезде сөздердің жасалуын өз алдына бөлім етіп дербес қарастырылуда, яғни оның лингвистикалық негізі – сөздердің жасалу процесі – тек грамматикалық (морфологиялық) құбылыс қана емес, сонымен қатар тіліміздің сөз байлығын молайтатын, сайып келгенде, лексикалық та құбылыс болып табылатындығынан. Басқаша айтқанда, сөздердің жасалуы – лексика-грамматикалық категория.
Тіл туралы ғылымның бір саласы ретінде сөздердің жасалуы – сөздің құрылымын, морфемалық құрамын, сөз жасаудың тәсілдерін және сөздердің жасалуының әртүрлі жолдарын зерттейді.
Мектепте сөздердің жасалуын оқытудың танымдық әрі практикалық зор маңызы бар. Сөздердің жасалуымен танысу, біріншіден, сөз құрылымының дамуы мен сөздердің жасалуы белгілі бір заңдылыққа бағынатынын көрсету болса, екіншіден, тілдің әр түрлі деңгейіндей бірліктердің арасындағы өзара байланыстылықты көрсету, бір жағынан сөз жасау деңгейі, екінші жағынан фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлер, үшіншіден, тілдің грамматикалық құрлысын тереңірек білуге жағдай жасайды.
Сөздердің жасалуы бойынша жұмыстар жүргізу орфографияны білуге, орфографиялық дағдыларды қалыптастыруға негіз болады. Өйткені орфографиялық принциптердің ішінде негізгісі морфологиялық принцип болса, түбір сөздің жазылуы барлық жерде де бастапқы қалпын сақтайды.
Сөздердің жасалу жолдарын үйрету – грамматиканың морфологиялық құбылыстары туралы білім берудің, сөз таптарының ерекшеліктерін білдірудің негізі. Қазақ сөздерінің аналитикалық және синтетикалық жолмен жасалатынынан мәлімет беріп, қазақ тілінің табиғаты туралы түсінік қалыптастырылады. Әсіресе, қазақ тілінің жалғамалы тілдер табына енетініне баса назар аударту олардың әр түрлі тілдердің ішкі заңдылықтарын тануына да негіз болады. Осы табиғаты арқылы тіл білімі салалары түрлі тілдерде түрліше сипатқа ие болатынын түсінеді.
Қазақ тілінің жалғамалық сипаты оның адам ойын жеткізудің пәрменді құралы болуының бір себебі екеніне мән берілгені жөн. Мысалы, жаңа сөздердің бәрі тек жалаң түбірлерден ғана емес, туынды түбірлерден де өрбитініне көз жеткізу арқылы жалғамалы тілдің артықшылығын аңғаруға болады: тең-гер-ме-ші-лік, оқы-мыс-ты-лық т.б. Осы секілді сөздердің әрбір жұрнақ жалғанған қалпындағы мағыналарына талдау жасату тек сөз мағынасы мен қосымшаның өзара байланыстылығын танытып қана қоймайды, сонымен қатар сөз түрлендірудегі белгілі бір жүйелі заңдылықтың болатынын ұғындырады. Бұл білім бұдан кейінгі оқылатын «Сөз таптары» тақырыбын дұрыс түсініп, олардың әрқайсысының өзіне тән белгілерін тез аңғаруға тірек болады. Сөздердің жұрнақтары арқылы бірінен екіншісіне «көшіп отыруының» да түпкі себебін, яғни жұрнақтың сөз мағынасын өзгертудегі рөлін жете сезіндіруге ықпал етеді.
2. Сөзжасамды сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыстыра оқыту.
Қазақ тілінің сөзжасамы жеке сала болғанымен, сөз-жасамдық құбылыс әр сөз табымен байланысты, өйткені сөзжасамдық злементтер барлық сөз табына ортак болмай, жеке сөз табына қатысты. Сөзжасамдық элементтер белгілі сөз таптарының мағынасын береді, сондыктан олар сол сөз табына қатысты ғана сөз жасайды. Осымен байланысты сөзжасамдық элементтердің белгілі сөз табына қатысы айқындалады да, олар белгілі сөз табының көрсеткіші саналады.
Сөзжасамның бұрынырақта әр сөз табының ішінде қаралып келгені де осымен байланысты. Қазір сөзжасам жеке қаралып жүргенімен, оның сөз табына қатысьш жокқа шығаруға болмайды.
Қазақ тіліндегі барлық сөз табының сөзжасамдық мүмкіндігі бірдей емес. Зат есім, сын есім, етістік сиякты сөз таптарының сөзжасамдық қабілеті өте күшті. Олар сөзжасамдық элементтерге де өте бай, тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі де бұл сөз таптарьша қатысты. Сан есім, үстеу сияқты сөз таптарының жоғарыда аталған сөз таптарынан сөзжасамдық мүмкіндігі сәл төмен. Есімдік, одағай, еліктеуіш сөздер сияқты сөз таптары сөзжасам жағынан тым елеусіз, сөзжасамдық қабілеті жоқтың қасы. Ал шылау сияқты сөз табының сөзжасамдық элементтері де жоқ.
Сонымен бірге әр сөз табының сөзжасамдық өзінше ерекшелігі де болады. Бұл тұрғыда еліктеуіш сөздер мен сан есімді атауға тура келеді. Мысалға еліктеуіш сөздерде қосымша бірлі-жарым болып, қосақтау тәсілі негізгі орын алады. Сан есімде қосымшалар аз, негізінен аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Бұл ғана емес, сан есімнін, аналитикалық тәсіл арқылы жасалуында да өзіндік ерекшелік бар.
Тіліміздегі сөз таптарының көбі өзінің құрамын сөзжасам процестері арқылы толықтырып, байытып отырады, олар үшін сөзжасам процесі — үздіксіз болып отыратын құбылыс. Бірақ сөзжасамдық процестін, үздіксіз болып отыруы барлық сөз табына қатысты емес. Сөз таптарының сөзжасам жүйесіндегі осы ерекшелігіне қарап, үнемі дамудағы сөз таптары және белгілі деңгейдегі сөз таптары деп бөлуге де болады. Бірінші топқа зат есім, сын есім, етістік, үстеу жатады. Екінші топқа есімдік, сан есім, одағай, еліктеу сөздер, шылаулар жатады.
Мектеп оқулықтарында сөзжасамды сөз таптарымен байланыстыра береді және жаттығу жұмыстарын жүргізуде сөзжасамдық сөздердің дұрыс жазылуына, сөйлемдегі сөздердің орынды қолданысына қатысты тапсырмалар да орын алған.
3. Мектеп оқушыларының сөздік қорын молайту жұмыстарында сөздердің жасалу жолдарына арналған жаттығулардың алар орны ерекше. Себебі оқушылар сөздердің жасалу тәсілдерін үйрену арқылы түрлі сөздерді жасап, мағынасын өзгерте алатындығын, танып біледі. Бұл оқушылардың сөздік қорындағы сөздерді орынды қолданып, оларды белсенді пайдалануына септігін тигізеді. Оқушылар сөздердің мағыналарын жеке дара ретінде қарамай, олардың күрделі грамматикалық құрылыс негізінде жасалынған бүтін дене екендігін аңғарады, әрбір сөздің грамматикалық құрылысы әркелкі болатындығын, бұл құрылыс грамматикалық заңдылықтар арқылы жасалатындығын ұғынады. Сөзжасамдық тәсіл арқылы оқушылар сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасын жете түсініп, өздерінің сөз мағыналары жөнінде мағлұматтарын кеңейтеді.
Мектеп оқушыларының сөздік қорын молайтуға арналған сөзжасамдық тәсіл мынадай жолдармен жүзеге асады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет