Лекция мәтіндері шымкент глоссарий



бет38/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
Қиын, өрік, қуан, өрік, қора, мектеп, дала, қала, ірімшік, ұн, ырыс, буын, киін, беру, ертегі, тиін, жүру, жолдас, арыс (М.Серғалиев).
2 – жаттығу. Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, буынға бөліп көшіріп жазыңдар да, олардың қандай буындар екенін ажыратыңдар.
Бала. Шаруалар. Мейірім. Келешегіміз. Сабыр. Құрылыс. Мәлімдеме. Сыйлық. Қайың. Алатау. Жарыс. Мәдениет. Керемет сапар. Сұлулық. Күнтізбе.
3 – жаттығу. Төмендегі сөздерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді көшіріп жазыңдар.
Ө...імдік. Жол...арыс. ...р...мш...к. Се...ім. Ж...л...ас. Әс...м. К...рес. Б...стық. Ү...ірме. Көрм.... Ас...қ.
4 – жаттығу. Төмендегі кісі аттарының жазылу емлелерін есте сақтап, оларды алфавит ретімен жазыңдар.
Фариза, Ырыскелді, Раушан, Орынша, Сақып, Тоқмырза, Еркебұлан, Жұлдыз, Ахмет, Үміт, Гүлім, Зейнелбек, Ұлжан, Әсем, Досжан, Назым, Мәулен, Өтеген, Хамит.
5 – жаттығу. Берілген сөздер ішінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдарды топтап, жазылу себебін түсіндіріңдер.
Жанпейіс, жүрегі, өзімшіл, емшан, аспен, тоқтық, көктемгі, басқа, табамын, Боранқұл, Қазанқап, жазса, көршілер, ашса, Талдықорған (Б. Қалиұлы. «Қазіргі қазақ тілі»).
6 – жаттығу. Қалаған суретіңізді таңдай отырып, сөйлем ішінде қазақтың төл дыбыстары кездесетін шағын мәтін құраңыз.
7 – жаттығу. Адасқан әріптерді орнына қойып, буын түрлерін ажыратыңдар.
Үлгі: м т е е р к е – керемет
н и м ә т д е е - т л е д и р е д а - ж р а п ы қ а - б д о с т а н ы қ – 
8 – жаттығу. Төменгі жырдан алынған үзіндіні мәнерлеп оқып, буын түрлерін анықтап, тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңдар.
...Саған айтпай сөзімді кімге айтайын,
Ұялмай үйге қайтып бос қайтайын
Өлсем де атап берші тір тояйын
Мағшардағы күнжін мән тартайын («Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырынан)
9 – жаттығу. Сөйлемді оқып шығып, мағынасын түсіндіріңіз, ондағы тыныс белгілерін тексеріп, буынға бөліп оқыңыз.
Ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәйір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?
10 – жаттығу. Қала және облыс атауларын әліпби бойынша оқып шығыңыз.
Астана, Павлодар, Талдықорған, Семей, Жезқазған, Тараз, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Көкшетау, Атырау, т.б.
11 – жаттығу. Мына кірме сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құраңдар.
Білім, күн, сабақ, телефон, талап.
12 – жаттығу. Әріптерді ретімен жазып, сусын атауларын жазыңыз.
Түс - сүт 1. Ымызқ - қ . . . . 2. Нрышы - ш . . . . 3. Парша - ш . . . . 4. Рнайа - а . . . . 5. Еписп – п
13 – жаттығу. «Сөздер тізбегі» ойыны. Сөз қандай әріпке аяқталса, сол әріптен басталатын жаңа сөз жазып, дыбыстық талдау жасаңыз.
Алма → алмұрт → таңқурай ...
14 – жаттығу. Мына сөздердегі көп нүктенің орнына берілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар. (тт, фф, нн, лл, дд, сс, кк, бб, пп, мм)
Мемлеке...ік, экспор...аушы, ше...ету, шар...ы, ха...ама, аген...ік, толеран...ылық, сипа...ама, өкіле...ілік, құжа...ану, қасе...і, келі...өз, жа...ай, и...овациялық, бірі...ен, әлімже...ік, әлеуме...ік, а...еста...ау, ауқа...ы, а...ект, а...арат, айы...ұл, аба...андыру, абонен...ік.
6. Орфогрфиялық және орфоэпиялық сөздікпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қатар балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескеріліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.
Орфография (грекorfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Орфографиялық сөздік – сөздерді дұрыс (мөлшерлік) жазу сөздігі. Орфографиялық сөздік (емле сөздік) – тілдегі сөздердің жазылу нормасын көрсететін сөздік. Орфоэпиялық сөздік – сөздің орфоэпиялық түрін, яғни оның қазіргі әдеби айтылуын және екпінін қамтып көрсететін сөздік.
Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.
Балалар мектепке келгенде сөйлеу мүшелері (аппараттары) жетілген, есту мүшелері дамыған, яғни сөздердің мағынасын ажырата алатын және практикада пайдалана алатын дәрежеде болады. Дегенмен балалардың сөйлеу тіліне зерттеу жүргізіп бақылаған ғалымдар оқушылардың тіл дыбыстарына байланысты кемшіліктерінің барлығын байқаған. Ол туралы С.Ф.Иванова «...значительная часть учащихся 5 класса не владеет достаточно четкой членораздельной речью, что отражается и на их науках письменной речи плохая дикция часто является ошибок типа описок», деген пікір айтады.
Мысалы, жазылуы айтылуы
домбыра домбұра
жорық жорұқ
Оқушылар басқа тілден енген сөздерді сол тілде қолданылуына байланысты сіңісіп кету нормасына көңіл бөлмейді.
Бұл ретте, яғни қателердің алдын алуда орфоэпиялық және орфографиялық сөздіктердің алатын орны ерекше. Қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім жаттығу жұмыстарын орындатуда сөздердің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлмей, айтылуына да ерекше мән беру қажет. Себебі сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс оқымаған оқушы сөздің мағынасын өзі де және оны тыңдап отырған өзгелер де түсінбейді. Сөздің дұрыс оқылуын немесе айтылуын қадағалаушы мұғалім орфоэпиялық сөздікке сүйенеді және оқушыларды да сөздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру көзделеді. Сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуына қатысты жаттығу жұмыстарын жүргізуде сөздіктерді пайдалануға үйрету қазақ тілі пәнінің міндеті екенін ұмытпағанымыз жөн.
7. Фонетикалық диктанттар. Оқушылардың өтілген материалды қандай дәрежеде игергендігін анықтау және бекітуде диктанттың алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет