Түйе мен түлкі Түйе өзен суына салқындап түрған-ды. Өзен жағасында түлкі келіп: - Уа түйе, су терең бе екен? Мен де шомылып алсам қайтеді? - деді.
Терең-ақ, жүзе білмесең, судан рахат табамын деп ойлама.
Сақалды басыңмен неге жалған сөйлейсің? Терең емес, сенің тізеңнен ғана келіп түрған жоқ па?
- Әркімнің өз биігі, өз төбесі бар. Сенің бойың менің тіземнен де төмен. Қолың жетпегенге кеңірдегіңді озып қайтесің? - Мен сенің өтірігіңді шығарайын, -деп түлкі жарқабақтан суға қойып кетті. Түлкі суға батып, су жұтып, түншығып бара жатқан соң шыңғырып:
Түйе, түйежан, бауырым қүтқара гөр, суға кеттім, - деді.
- Менің айтқанымның шындық, жан ашыр сөз екеніне көзің жетті ме? - деп сұрады түйе саспай. Көзімнің жеткенін-жетпегенін жағаға шыққан соң айтайын, тезірек құтқара гөр» - деп жалында түлкі шашалып-қақалып. Бұл ақымаққа не дерсің, - деп түйе түлкіге ренжіді, су түбіне кетіп бара жатып та қулық істейді, қателігін мойындағысы келмейді. Түлкі суға батып та кетті, - өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын саған сол керек, - деп шағалар шу-шу етті (М.Төреханов). Бұл мәтінде жазушы түлкінің (субъектінің) іс-әрекеттерін баяндай отырып, жекеден (түлкіні мысалға ала отырып, жалпыға қарай) өзі білмейтін, білгеннің тілін алмайтын ой қорытындысын шығарған.
Дедукция дегеніміз - жалпыдан жекеге қарай жасалынатын ой қорытындысы. Мысалы:
Бір уыс мақта Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты: Балам дүниедегі жаратылған жанды жануарлардың ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны болмайды. Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып тастады. - Әже осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қомас, - деді. Әжесі: - Балам, ол да жерде қалмайды, - деді. Осылайша сөйлесіп отырғанда, манғы мақтаны бір кішкентай торғай алып кетті. Қыз әжесін: - Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не қылады? - деді. Әжесі: - Көрдің бе балам, күн айналмай манағы сөздің келгені. Қажетсіз деген мақта қиқымының да кәдеге жарағанын. Оны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді, - деді (Ы.Алтынсарин). Бұл мәтінде соңғы қайырым индуктивтік ой қорытындысы, өйткені «Дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысы да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды» деген жалпы ой қорытындысынан «Мақта қиқымы кәдеге жарады» деген жеке ой қорытындысы туындайды.
Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
Оқушылардың шығармашылықпен жазбаша сөйлеуге үйретудің негізгі жолы – мәтінмен жұмыс. атап айтқанда, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету мәтіннің жүйелілік, құрылымдық тұтастығын таныту және өз ойынан мәтін құруға үйрету тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Оқушыларды шығармашылық түрде жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің лингвистикалық негіздерін анықтауда мәтін құру туралы мынадай білім, білік пен дағды қалыптастыру көзделді:
-мәтін туралы білім беру, оның түрлері бойынша (сипаттау, хабарлау, ойталқы) мәтін құруға үйрету;
мәтіннің мағыналық құрылым ерекшеліктері туралы білім беріп, (тақырып, негізгі ой, жоспар) сол бойынша мәтін құрастыруга дағдыландыру;
мәтін құрастыру үшін оны құрайтын элементтерді, композициялық құрылым (мәтін бөліктері, абзац, сөйлемдер байланысы) ерекшелігін таныту;
-мәтін құру білігі мен дағдысын өз ойын жүйелі байланыстырып жазу шеберлігімен ұштастыру (жұмбақ құрастыру, өлең құрастыру, ертегі ойлап жазу, өз ойынан эссе, шығарма жазу);
- мәтін стильдерінің ішіндегі ғылыми, әдеби, ресми түрлерінің бір-бірінен ерекшелігін таныта отырып, ажырата алуға, мәтін стиліне сәйкес мәтін құра алуға үйрету:
-мәтін туралы игерген білім, білік, дағдыларын шығарма жазуға ұластыру.
2. Мәтінді талдау әдістемесі.Мәтінді талдаудың негізгі аспектілері:
- лингвистикалық түсіндірме-қазіргі қазақ әдеби тілін қазіргі әдеби нормамен шендестіру тұрғысында тілдік бірліктерді, соның ішінде тілдік бірліктердің функциялық-стильдік және стилистикалық бояуын қарастыру;
- семантикалау, ұғымы көмескілеу сөздерді, сол сияқты идеялық-теориялық жүктемесі (лексика-фразеологиялық деңгейі) ауырлау сөздерді түсіндіру. Бұл мағынада сөйлем мәтіннің бейнелілігі мен тілдің эстетикалық тұрғысынан статикалы, шартты болып келуін көрсетеді (микробейнелерді, көркемдік және нақыш формаларын және т.б. табу).
Мәтінді талдаудың негізгі деңгейлері:
- бейнелік-тілдік (сөздің бейнелеу құралдары);
- құрылымдық-композициялық;
- идеялық-тақырыптық.
Мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі принциптері:
- историзм принципі (шығарма жазылған тілдік дәуірді ескеру);
- шығарманың формасы мен мазмұнының өзара байланысын, өзара шарттылығын ескеру принципі (мазмұнға, сондай-ақ, сол мазмұнның әсерлік сипатын күшейтуге, прагматикалық функциясына бағытталған тіл құралдарын ескеру);
- мәтінді талдауға деңгейлік принцип (мәтіндегі тілдік жүйенің барлық таңбалық деңгейлерін зерттеу);
- жалпы мен жекені үйлестіру принципі (мәтіндегі жалпы тілділік, жалпы стильдік, жалпы жанрлық пен жеке авторлықтың өзара әрекеттестігін ескеру).
Мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен амалдарына жататындар:
- стилистикалық эксперимент әдісі – синонимдерді іріктеу, мәтінді қысқарту мен кеңейту, мәтіндегі сөйлемдердің орнын алмастыру сияқты әрқилы аранжировка түрлері, сөйлемде компрессия қолдану: бағыныңқы сөйлемді көсемшелік және есімшелік амалдармен, детерминанттармен (сөйлемнің басында мезгіл және мекен пысықтауыштарын) алмастыру; мәтіндегі жай және құрмалас сөйлемдердің арақатынасын, гипотаксисті паратаксиске және керісінше өзгерту;
- семантика-стилистикалық әдіс – тілдік ережелерден ауытқу, мағынаның заттық және коннотативтік элементтерін үйлестіру; нақты мәтіндегі дара, көп мәнділік; сөйлеуді (мәтіндегі фразаны) бірнеше мәрте қайталау есебінен мағыналық элементтерді арттыру; бұл әдіс мәтін бірліктерін жалпы халықтық тіл элементтерімен (яғни мәтіндегі бірліктерді олардың сөздіктердегі мәнімен) салғастыру үшін қолданылады;
- салғастыру-стилистикалық әдіс – бір типті мазмұндағы мәтіндердің тілдік безендірілуіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға көмектеседі, негізінен түпнұсқа мен аударма мәтіндерін салыстырғанда қолданылады, авторлық варианттарды салыстыру әдісі деп аталатын алғашқы және түпкі варианттарын салыстырғанда да қолданылуы мүмкін;
- мәтінді сандық талдау әдістері – сандық заңдылықтарды (сын есімнің, үстеудің және т.б.-ның санын) тауып, мәтіннің тілдік құралдарының сапалық айырмашылығын табуға көмектесетін ықтималды-статистикалық әдіс.
3. Мәтінді құраушы тіл бірліктерінің мәтін құрылымындағы байланысу жолдарын меңгерту әдістемесі. Мәтіннің қатысымдық қызметі, мәтін түрлері жайлы түсінік қалыптастыру үшін мынадай білім мен біліктілікке сүйенеді.
Мәтіннің композицялық құрылымы. Тіл білімінде композициялық шеберлік дегеніміз – шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге, негізгі идеяға бағындыру. Ал энциклопедияда композиция - (лaт.compositio) құрастыру, шығарма жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы деген анықтама берілген [8].
Мәтіннің композицясы мынадай бөліктерден тұрады: 1)кіріспе бөлімі; 2)негізгі бөлім; 3)қорытынды бөлім. Мәтін композицясын дұрыс құрмаса, онда оқушы мәтіннің мазмұнын жүйелі түрде бере алмайды. Мәтін бөліктерін анықтау оның мағыналық және құрылымдық ерекшелігін тануға көмектеседі.
Мәтін түрлерінің құрлымы әр түрлі болады. Мысалы, хабарлау мәтінінде белгілі бір оқиға жайлы айтылатындықтан, ол оқиғаның басы, дамуы, соңы (кіріспе, негізгі, қорытынды) деген бөлімнен тұрады. Сипаттау мәтінінің құрылымы өзгеше болады. Онда заттың түр-сипаты, заттың белгілері, автордың ниеті, негізгі ойы беріледі. Талқылау (ойталқы) мәтінінде жалпы жағдай, тезис беріледі, сол тезис дәлелденеді, тұжырым, ой қорытындысы жасалады. Сондықтан мәтіннің өзіндік белгілері мен ерекшеліктері болады.
Мәтін белгілері. Мәтіннің негізгі категоряларына И.Р.Гальперин хабар (информативность), тұтастық (интеграция), байланыстылық (связность), уақыт бірлігі (ретроспекция), модалдылық, (үлгі), т.б. категоряларды жатқызады.
Мәтін құрамындағы сөйлемдердің байланысуынан ойдың дамуын, өрістеуін байқауға болады. Ендеше, мектеп оқушыларына мәтін құрамындағы сөйлемдердің байланысу ерекшелігін анықтаудың, өзара көрші екі сөйлемнің қалай байланысып тұрғанын анықтауға үйретудің маңызы зор.
Абзац. Мәтіннің мағыналық құрылымын түсіндіру «ойды реттеуді» үйретуден басталады. Ойды реттеу мен жүйелеу «абзац» ұғымын түсіндірумен тығыз байланысты. Мектепте мұғалімдер көбінесе абзацты емле таңбасы «жаңа жол» деп те түсіндіреді.
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде «Абзац(неміс тілінде ahsatz) шегініс - 1- ші азат жолдан 2- ші жолға дейінгі күрделі синтаксистік тұтастықты білдіретін мәтін бөлігі» деп жазылған [75]. Олай болса, автор бір ойға ерекше көңіл бөлгісі келсе, оны абзац арқылы жүзеге асырады. Сондықтан абзацты бір ой аяқталып, екінші ойдың басталған кезеңіне орай қолданады.
Лингвистикада «абзац» термині екі түрлі мағынада қолданылады:
1.Жаңа жол;
2.Жазба түрде не баспамен жазылған мәтіннің жоғары қайырым(фраза) бірлігін немесе бөлігін қамтитын күрделі сөйлемнен, кей жағдайда жеке сөйлемнен тұратын бөлік.
Оқушыларды мәтінді абзацқа бөліп жазуды үйрету үшін алдымен абзацпен қандай сөйлем жазылатынын игерту қажет. Сөйлем мынадай жағдайда абзацпен жазылады:
мәтіндегі жаңа ойды, маңызды деректі хабарлайтын сөйлем;
диалог сөздер және диалог сөздерден кейін келетін сөйлем;
алдыңғы сөйлемдегі айтылған мағынаға сәйкес келмейтін, бірақ сондағы ойды ары қарай дамытатын сөйлем;
мәтіннің негізгі ойын ашуға көмектесетін сөйлем. Оқушыға абзацтың не екенін, яғни мәтінде айтылатын «ой шеңберін» (абзацты) анықтауды арнайы жаттықтыру қажет.
Мәтіннің мазмұнын құрау ерекшеліктерін, оның тілдік құралдарын, баяндалу жүйесінің мәтін түрлерімен таныстыру. Ол үшін мынадай жұмыс түрлері мен әдіс - тәсілдер қолданылады:
-мәтін мазмұнын игеру үшін мазмұндама жаздыру;
-арнаулы жаттығулар мен тапсырмалар кешені бойынша мәтіннің ерекшеліктерін игерту;
- мәтінді талдау арқылы мәтіннің құрылымдық және тілдік құралдарын меңгерту.
Бұл жұмыстар дайын мәтіндер бойынша ұйымдастырылады. Мысалы, мазмұндама алдын ала дайындалған дайын мәтін бойынша жазылып, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге, жақыннан алысқа көшу ұстанымы бойынша жүргізіледі. Мысалы,
- мәтіннің құрылысын, мазмұнын сақтай отырып жазуға жаттықтыру. Бұл әдіс 5-6 сыныптарда жиірек қолданылады.
- мәтінді стильдік талдауға уйрету. Тәжірбиеде мәтіннің стилі тұтас түрде, яғни мәтінді оқығанда қалай қабылдануына байланысты анықталады. Оның кейбір ерекшеліктерін дәлелдеп, анықтап жатпай-ақ сол мәтіннің қай стильде жазылғандығын біршама аңғаруға болады. Мұнда мәтіннің жеке сөйлемдері мен сөздерінің қолдануына мән берілмей қалады. Ол үшін стилистиканы игертуде, мәтіннің неге сол стильге жазылғандығына көз жеткізіп, дәлелдеуде оқушының жете түсінуіне стильдік талдау жүргізудің маңызы ерекше.
- мәтінді жетілдіріп қайта жазуға төселдіру. Бұл бағытта жаттығу жүргізудегі мақсат оқушыларға стилистика туралы білім мен дағды бере отырып, оқушылардың ойы мен тіл қызметін жетілдіру болып табылады. Берілген мәтінді жетілдіріп қайта жазу арқылы оқушылар өз тіліндегі кейбір стильдік қателерді болдырмауға дағдыланады. Әрбір мәтінді жетілдіріп жазуды функциональды стильге байланысты жүргізу үшін сол стильдердің ерекшелігін біліп, тілдік құралдарымен жұмыс жүргізуге болады. Оқушы стильдердің өзіндік ерекшеліктерін танып, өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттығады. Берілген мәтінді жетілдіріп қайта жазуға үйрету - стилистикадан білім мен дағды берудің үшінші кезеңі, атап айтқанда, алған білімін өз тәжірибесінде қолдана білуді мақсат етеді. Бұл жұмыстың түрін 9-сыныпта “Стилистика” туралы білім, білік, дағды берілгеннен кейін жүргізу тиімді болмақ.
- оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту үшін шешеңдік мәтінді талдау әдістерін игерту. Мәтіннің ерекше бір түрі - шешендік мәтіндер. Жалпы мәтінде, оның ішінде шешендік мәтін, әрбір сөз таңдаушыға ерекше әсер ету үшін айтылатынын ұмытпау керек.