Лекция мәтіндері шымкент глоссарий



бет53/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23

Бірінші тәсіл. Сөздегі қатені сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу. Мысалы: калхоз, енбек, сех, бүгүн, қүлұн, мазмын.
Екінші тәсіл. Сөздегі артық әріпті немесе буындарды сызып тастау. Мысалы: ылақ, ыстанқия, минута, газета.
Үшінші тәсіл. Қателесіп, біріктіріп жазылған сөзді бөлу. Мысалы: Еге білсең, уақытта, жерде, суда жетеді.
Мұндай тәсілдердің кейбір артықшылығын атап көрсету керек.
Біріншіден, емлелік қателерді сызып тастау және қажетті әріпті үстіне жазу жолымен түзету тәсілі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі болып табылады. Екіншіден, бұл тәсілді қолданғанда оқушылар емлелік қателерін бірден көреді. Келесіде осы сөздерді жазылуында кате жібермейтіндей есіне сақтайды, оның сипатын да тез біліп алады. Сөйтіп, оқушылардың емлелік қателерді өз бетімен түзетулеріне мүмкіндік туады. Үшіншіден, бұл тәсілді қолдану арқылы оқушылар орфографияны түзетіп қана қоймайды, кей уақытта сөздің мазмұнын немесе сөйлемнің дұрыс еместігін де айқындайды.
Бесінші тәсіл. Бүкіл қате морфеманың астын сызу. Мысалы: айтпайяк (айтпай-ақ), алтақ (алты-ақ), башшылық (басшылық).
Бұл тәсілдің басқа тәсілден айырмашылығ бар, мұнда оқушылар өздерінің емлелік қателерінің дұрыс еместігін сөз тұлғасымен салыстырып, талдау жасаумен байланыстырады. Ал оқушы әсіресе сөз құрамын білмегендіктен көп қате жіберетіндіғі мәлім, олай болса, бұл тәсілдің орфографияны меңгеру үшін зор маңызы бар.
Екінші жағынан, бұл тәсіл оқушылардың грамматикалық талдау жасауды үйренуіне де көмектеседі. Мысалы, оқушы қате жазылған басшылъщ (башшылық) деген сөзді талдаған кезде, оған грамматикалық талдау жасап, сөз тұлғасына ажыратады. Сөйтіп, ол әлгі сөзді қате жазғанда, нені шатастырғанын саналы түрде түсіне білетін болады.
Мектеп тәжірибесінде бүкіл қате морфеманың астын сызу тәсілін — мақсатқа ең қысқа жолмен жеткзетін таңдаулы тәсілдердің бірі деп білу керек.
Алтыншы тәсіл. Қатенің астын ғана сызып, үстіне қажетті әріпті жазу. Мысалы: сембеді (сенбеді), Дәстір (дәстүр).
Жетінші тәсіл. Қажетті әріпті үстінен жазбай-ақ, қате кеткен әріптің астын сызу. Мысалы: қүлүн (құлын), мазмын (мазмұн), ақшыбар (ақшұбар).
Сегізінші тәсіл. Қате жіберілген сөздің астын түгелдей сызу. Мысалы: аты адам (атты адам), ойн (ойын), айлану (айналу), бүхара (бұқара), әжептәуір (әжептеуір).
Мұғалім бұл тәсілді оқушы сөз не әріп тастап кеткен кезде немесе оларды артық жазған кезде қолданады.
Тогызыншы тәсіл. Сөздердің астын сызбай-ақ, дәптерлердің шетіне шартты белгі қою. Бұл тәсілді 5-6 кластарда ғана қолданып қоймай, сонымен қатар төменгі кластарда да қате аз болған жағдайда қолдануға болады. Қойылатын шартты белгі оқушыларға түсінікті болуы керек.
Көптеген мұғалімдердің бұл тәсілді қолданбайтындығын, оны балалар үшін қиын деп есептейтінін байқап жүрміз. Ал кейбір мұғалімдер мұндай белгі қою тәсілін қоддағанда, оны дұрыс қоймайды, сондықтан оқушылар ол белгілерді түсінбейді. Мұның өзі жұмысқа үлкен зиянын тигізеді. Бұл жерде ескеретін мәселе оқушылардың дәптерлеріне мұғалімнің жасайтын түзетулері мен ескертулері Тұр жағынан балаларға айқын көрінетіндей қызыл не жасыл түсті сиямен жазылуы керек. Мәселен, емле қатесі үшін екі сызық (-), бірге жазылуға тиісті сөздерді айшықпен тізбектеу (II), бөлек жазылуға тиісті сөздерді теріс түсірілген (!) белгімен бөлу, түсініксіз сөздердің түсына сүрау (?) қою т.б. осы сияқты шартты белгілерді пайдалануға болады.
4. «Көрнекі оқытудағы басты мақсат, – деп жазады Ушинский, – байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, сондай-ақ, одан логикалық қорытындылар шығаруға үйрету болып табылады.
Ушинский көрнекілікпен оқыту оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, оларда бейнелі түсініктер мен дұрыс ұғымдар қалыптастыруға көмектесетіндігін, оқушылар тілін дамытуда теңдесі жоқ құрал екендігін, оқушылар зейінін белгілі мақсатқа аударуға және оқылған материалды оқушылар есінде берік сақтауға көмектесетіндігін дәлелдермен ашып көрсетті.
Көрнекіліктің ғылыми негізі мен таным теориялары мен И.П.Павловтың жоғарғы нерв қызметі туралы ілімінде негізделген психологиясында түбегейлі зерттелді.
Өмірде бар заттар мен құбылыстарды көрсетуі арқылы көрнекі оқу құралы мектеп оқуын өмірмен байланыстырады, сөйтіп теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі дидактикалық принципті жүзеге асырауға көмектеседі; оқушыларда әр түрлі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру ісінде мұғалімге көмекші болады: оқушылардың логикалық ойлауы мен тілін дамытуда, зейінін белгілі мақсатқа аударуда, творчестволық талғамын дамытуда көмекке келеді; өтілген оқу материалдарын берік меңгерту мүмкіндігін жасайды.
Көрнекі құрал белгілі мақсат көздей отырып пайдаланылуы тиіс. Көрнекіліктің мақсаты оқушыларға нақтылы нәрсені көрсету ғана емес, нақтылықтан дерексіз қорытынды жасап отыруға үйрету болып табылады. Нақтылы көрнекі материалдарды саналы түрде меңгеру үшін, қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, анализ жасау керек болады. Дұрыс байқай отырып, оқушы көргеніне анализ жасауға, негізгісі қайсысы екенін ажыратуға, салыстыруға, белгілі қорытынды жасауға, заңдылықтарын анықтауға үйренеді.
Оқу жұмысында көрнекі құралды пайдаланудың түрлері мен тәсілдері әр алуан болуға тиіс. Егер көрнекілік үнемі бір тәсілмен ғана пайдаланылса, оқушының ынтасы кемиді. Сонымен бірге көрнекілік оқушының жас шамасына, білім дәрежесіне лайықталуы қажет және сабақта қанша уақыт көрнекілікпен жұмыс істеу алдын ала жоспарланып отыруы тиімді. Көрнекілікті сабақтың қай кезеңінде, қалай пайдалану белгілі бір мақсатқа бағындырылады. Тиімділігіне қарай, көрнекілікті оқу процесінің барлық кезеңінде де: жаңа материалды түсіндіруде де, оқушылар білімін бақылау кезінде де пайдалануға болады.
Сөздердің дұрыс жазылуы мен дұрыс айтылуын кесте арқылы көрсету, сөздіктерді пайдалану, суретті, сюжетті суреттерді беру арқылы атын жаздырту, қате жазылған сөздер беру арқылы тапсырмалар орындату, т.с.с. жаттығу жұмыстарын жүргізуде көрнекіліктер жасатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет