Лекция мәтіндері шымкент глоссарий



бет57/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23

диафильмдер бойынша шығарма жаздыру;

  • ұжымдық не оқушының өз бетінше құрған жоспары бойынша шығарма жаздыру; с

  • сюжетті сурет бойынша шығарма жыздыру.

    Бұлардың әрқайсысының жүргізу әдістері мектепте іс-тәжірибеден өткенде және міндетті түрде жүргізіледі.
    Тілдік қатынас (языковая коммуникация) қазіргі кезеңде халықаралық байланыс үшін қажетті мәселелердің бірі, сондықтан бүгінгі күні лингвистикада ең өзекті жаңа салаға айналып отыр. Қазақ тіл білімінде тілдік қатынас ғылыми мәселе ретінде теориялық жағынан да, әдістемелік жағынан да арнайы зерттелген емес, «Тілдік қатынас» деген терминнің өзі алғаш Ф.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» деген еңбегінде қолданыла бастады.
    Осы уақытқа дейін лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекеті (речевая деятельность) төрт түрге бөлініп келді. Олар: сөйлеу (говорение), оқу (чтение), жазу (писмо), түсіну, есту (аудирование). Ф.Оразбаеваның еңбегінде сөйлесім әрекетін беске бөледі. Олар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім. Сөйлесім әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш, ол – түсіну. Сондықтан аудирование – тыңдалым деп алынды. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық. Сөйлесім әрекеттері (речевая деятельность) мыналар:
    І. Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағнасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым арқылы тіл үйретуші бүкіл тілдік қатынасқа қажетті хабардың, ақпарттың барлығын алады және тілдік қарым-қатынаста керегін жаратады. Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салаларда адамзаттық тәжірибелер адамдардың білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады.
    ІІ. Жазылым – ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу деген сөз. Жазылым – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген, лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын күрделі тарихи әрекет. Жазылым әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады. Графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады. Жазылым құбылысында сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады. Жазу арқылы адам айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа жеткізу үшін жазуды үйренеді.
    ІІІ. Тыңдалым, яғни есту арқылы түсіну. Тыңдалым – адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу. Тыңдалым процесін есту құбылысымен алмастырмау керек. Есту – дыбысты акустикалық жағынан қабылдау, ал тыңдалым тек есту ғана емес, сонымен бірге мағыналы, маңызды хабарды ұғып алып, қажетке жарату. Тыңдалымға арналған мәтін жеңіл болса студенттердің қызығушылығы төмендейді, ауыр болса, студенттердің түңілуіне әкеп соғады. Сондықтан тыңдалымға арналған мәтіндер тақырыбына, мазмұнына тілдік ерекшелігіне қарай таңдалады.
    ІV. Айтылым. Тілді оқытудағы ең басты мақсат – студентті сөйлетуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету. Көптеген әдістемелік әдебиеттерде «говорение», «сөйлеу» деп аталып жүр. «Сөйлеу» терминінің орнына Ф.Оразбаева «айтылым» деген терминді ұсынады. Айтылым адамдар арасындағы тілмен түсінісуді жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізу үшін айтады. Сол үшін сыртқа шығарады. Айтылым – адам мен адамның тілдік қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі, яғни адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлесуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік реакция жасауы немесе жауап қайтаруы. Мұның өзі сөйлеуге үйретудің тек бір адамға ғана байланысты мәселе емес екенін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлесудің нәтижесінде түсінісуге жол ашады. Айтылым әрекетіне қатысты ең маңызды мәселе – сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан нормаларын меңгерту. Бұл туралы тілші ғалым Р.Сыздықова былай дейді: «Тілдік нормалар оның барлық қаттауында, сөздік саласында, яғни лексикасында, грамматикасында, дыбыстар жүйесінде, стильдік-көркемдік тәсілдерінде болуы шарт. Норма сондай-ақ тілдің қолданылуы түрлерінде де, яғни жазба және ауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы қажет. Сондықтан ана тіліміздің жазба түрімен қатар, ауызша түріне қойылатын талаптардың да күшейе түсуі заңды». Қазақ тілінде сөйлесуге үйрету арқылы оқытушы үйретушіге ойын қазақша жеткізе білумен қатар, пікір айтуға, көзқарасын білдіруге де тәрбиелейді. Сөйлеуге үйрету – тілді жалаң меңгеру емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз.
    Сөйлесуге үйрету кезінде мынадай шарттар қойылады:
    1. Тілді үйренуші мен тіл үйретуші арасындағы қарым-қатынасы шәкірт пен ұстаз арасындагы емес, екі жақтың өзіне-өзі сенгендіктен пікірлесушілер қатынасты дәрежесіне жету керек.
    2. Сөйлеуге үйрету кезінде қоршаған ортада жайлы психологиялық климат орнықтырудың ерекше маңызы бар. Мұндай психологиялық климат тіл үйренушінің сабақта өзін еркін сезінуінен, ойын тура айта білуінен және өзіне қандай материал, қандай сөйлеу мәнері ұнайтынын өзі ұсына білуінен тұрады.
    3. Сабақта пікірлесудің, сөйлесудің барлық түрлері, амалдары қатарынан қолданыла береді. Мысалы, әрбір оқушы өзінің пікірлері, идеясын, көңіл-күйін, көзқарасын айтады. Газеттен, баспадан оқыған материалдары бойынша сөйлейді немесе пікір-талас белсенділік көрсетіп, өз ойын дәлелдейді.
    V. Тілдесім. Бұл сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзіне қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау сөйлеуге үйрету, жүзеге асады, оларға қатынас жұмыстар атқарылады. Тілдесім (орысша-общение) – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын сөйлем әрекетінің түрі. Тілдесім тіл үйренушілердің рухани қарым-қатынасқа жетелейді, тілдесу арқылы олар бір-бірімен ой бөліседі, жөн сұрасады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет