Лекция мәтіндері шымкент глоссарий



бет11/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
Қазақ тілін оқыту әдістемесі психологиялық негіздері.
Психологияның жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруге алатын орны ерекше. Психология грамматикалық ережелерді оқушылардың қалай меңгеретінін, оны күнделікті тұрмыста қалай жүзеге асыратынын зерттеп, қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын, қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшелігін ескеріп отырады.
Әрбір сабақтың мазмұнына қарай әдістерді қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе оқушының логикалық ойлау әрекеттерін дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор.
Оқушы шығарма, мазмұндама жазу барысында, бір-бірімен чөйлесу барысында өзінің ойын, көңіл күйін, пікірін білдіріп қана қоймайды, сонымен қатар өзінің көзқарасын, ойын да білдіреді. Демек, тіл ойды білдіріп қоймайды, сезімді де сыртқа шығарады.
Сабақта көрнекілік құралдарды пайдалануда оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін арттыру дағдыға айналып отыр.
Оқу-тәрбие ісінде ең қажетті мәселе – мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы. Қазақ тілін оқыту мынадай ерекшеліктерді меңгеруі қажет: 1. Сөйлеу процесіндегі ерекшелік; 2. Жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі қажет.
Оқушы материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты өтілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым дұрыс түсінеді.психологиялық жағынан өте тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт (Н.Көшекбаев):

  1. Сабақтың педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы (мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы)...

  2. Сабақтың теориялық жағынан талапқа сай өтуі (теориялық жағы негізгі фактілермен дәлелденіп, оның ғылыми мәні көңілге қонымды болса, оқушының логикалық ойлау ынтасы артады).

  3. Сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы(дидактикалық ұстанымды орынды қолдануы,т.б.)

Әлеуметтік лингвистика (лат. soci (etos) қоғам, фр. lingua - язык) – ”тіл-қоғам” қатынастары жөніндегі ілім. Әлеуметтік лингвистика тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының аралығында туып дамыған тіл білімінің саласы. Онын негізгі объектісі – тілдің функционалды қызметін зерттеу. Қоғам құрамы жағынан біртекті емес, ол әр жастағы, әр түрлі мамандық иелерінен, әр түрлі саяси топтағы адамдардан тұрады. Олар өз тобының ішінде қарым-қатынасқа түсу үшін өздеріне тән тілді қолданады (әдеби тіл, ауыз екі сөйлеу тілі, жергілікті диалектілер, жаргон, арго, кәсіби тіл т.с.с.). Әрбір нақты қоғамда оның әлеуметтік-экономикалық құрылымына байланысты тілдер бірнеше қызмет атқаруы мүмкін: ең аз мөлшерде (жанұядағы тіл) және ең көп мөлшерде (халықаралық қатынас тілі). Әлеуметтік лингвистиканың ең басты мақсаты – әлем тілдерінің функционалдық типологиясын беру (олардың қызметінің саны бойынша). Сонымен қатар әлеуметтік лингвистика мемлекеттің тіл саясаты мен тілдік жағдайын, қоғамдағы екі тілділік пен көптілділікті, аз ұлттар тіліне көзқарас, мемлекеттік тіл мен ресми тіл мәселелерін зерттейді;
Тіл білімінің тылсым құпиялары басқа да ғылым салаларымен психология, философия, логика, мифология, этнография т.б-мен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, таным, дін сиқты ұғымдарды тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі заңдылықтары негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынаны жинақтап, сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл білімінде өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастықта қаралады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылым саласының зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.
Қазіргі тіл білімінде осы бағыттағы зерттеулер кешенді сипатта антропоцентристік бағытта және когнитивтік лингвистиканың «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының негізінде жүргізілуде. Өйткені тілді зерттеудің когнитивтік жүйесі «дүниені тіл әлемінде тану» қағидасына сай бағытта жүргізілуі - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.
Тіл мен таным процестерінің ара қатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Когнитивтік деген сөз «білім» деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін басқаратын білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді.
Когнитивті лингвистиканы танымдық тіл білімі немесе немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентрлік бағыттағы тіл білімінің үлкен бір саласы деуге болады. Танымдық тіл білімінің негізгі зерттеу нысандары – таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой.
Когнитивтік ғылым ақпараттарды өңдеу мен мағлұматтар жайлы түсініктер жүйесін және ойлау процесін басқарудың жалпы принциптерін айқындайды. Адамның физиологиялық, психологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктерін ғана есепке алмай, оны қоршаған дүние жайлы мағұлматтарды жүйелеу, сарапқа салу қажеттілігі туады. Когнитивтік лингвистикалық зерттеулерде түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі түрліше қалыптасқаны айқындалып отыр./1/
Когнитивті лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен танымды біртұтас жүйеде қарастыру. Айнала қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуы, тілдің танымдық сипаты когнитивті лингвистикада тереңнен қарастырылады.
Қазіргі лингвистикалық теорияның маңызды ерекшелігі-когнитивтік лингвистикада ойлау, тіл және танымның біртұтас бүтін, біртұтас когнитивтік тілдік кешен болып айқын көрінуінде. Біртұтас когнитивтік тілдік кешен XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы лингвистикада тілді түсіну аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет