Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі



бет10/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
2-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі
1. Әдістеме – қоғамдық ғылым. Әдістеме ғылымының философиямен байланысы.
2. Әдістеме ғылымының психологиямен байланысы.
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі.


1. Әдістеме – қоғамдық ғылым. Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар.
Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрлері ежелден болған. Алайда ғалымдар ғылымы әдістеме тарихын Ыбырай Алтынсарин еңбектерінен бастап жүр. Оның “Орыс тілін қазақтарға үйретудің бастауыш құралы” деп аталатын еңбегі қазақ топырағында туған тұңғыш әдістемелік еңбек болып табылады. 20 ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, “Баяншы”, “Тіл жұмсартар” деп аталатын әдістемелік кітаптаржазды.
Осы кезеңнен бастап, қазақ әдістеме ғылымы жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты. Жеке пәндерді оқытудың әрбір кезеңдегі (бастауыш кластар, орта мектеп, жоғары оқу орындары т.б.) әдістемелері жасалып, олардың жеке бөлімдері бойынша берілетін білім мен дағдыларды меңгертудің тиімді жолдары зерттеле бастады.
Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім – дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп,білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылым талдаудан өткізіп отырады. 
Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді. 
Педагогиканың іргетасы – философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған. 
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару заңының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.
Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.
2. Тілдік кабілет орыс языковая способность — психолингвистикадағы басгы ұғымдардың бірі. Тілді колданушынын. психикасын сатылап калыптаскан көп денгейлі функционалды жүйе. Л.В.Щербанын "тілдік ұғымдардын потенциалдык жүйесі ретінде", "жеке адамнын сөйлеуіндегі психофизиологиялык жағы туралы" идеясынан бастау алатын Тілдік қабілет үғымын психолингвистикаға А. А. Леонтьев (Ресей) енгізген. Тілдік қабілеттіи табиғаты туралы екі көзкарас бар:

  1. баланын өсуіне карай дамыгі отыратын биологиялык негіз,

  2. оған керісінше, карым-катынас процесі кезінде калыптасатын әлеуметтік негіз.

Тілдік қабілетте элементтер мен денгейлер бөлек каралады. Элементтер дегеніміз тіл жүйесі элементтерінін санада бейнеленген жинакты түрі. Тілдік қабілет денгейлері — прескрипторлык (сөйлеушілер айтуга тиіс алдын-ала белгіленген сөз колданыстары) ережелермен байланысты элементтердін функционалдык шағын жүйелері. Тілдік қабілет денгейлері тіл жүйесіндегі денгейлерге (фонетикалык, лексикалык, грамматикалык) сай келеді деуге негіз бар.
«Білім», «Білік», «Дағды» деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:
Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады [3].
Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді [4].
Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату [5].
Білік іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю.Н.Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік [6].
Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.
Әдістеме – педагогика ғылымының бір саласы. Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады. Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті ойдағыдай басқарудық негізі болады.
Адамдар арасында таралуға тиісті аппараттардың әр түрлі болуы оның әрқайсысы жекелей белгілі бір затты және әрекетті білдіретіндей жағдайдың болуына алып келді. Белгілі бір объектілер тобы үшін қолданылатын жалпылама белгілер еңбек үдерісіне катысушылардың тануы үшін де жалпылама болуы тиіс еді. Өйткені оларды кабылдау, түсіну үшін оларды көру керек. Ұжымдық еңбекке адамдар бірін-бірі көрмей де катысуы керек болды. Сондықтан әрекеттердің, оқиғалар мен заттардың топтарына олардың жалпылама қасиеттерін көрсете алатындай тіл белгілерінің дыбыстық жүйесі қажет болды. Құбылыстардың тұтас тобына төн жалпы белгілердің (жалпы жүгіру, жалпы үру, жалпы ағаш, жалпы тас) көрініс беруі сол топтағы құбылыстар арасындағы айырмашылықтарды бөліп алу, олардың тәуелділіктері мен байланыстарын қарастыру үтттін ойлау қажеттігі туды.
Ойлау – адам санасының маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Еңбектің үнемі жаңа нышандары мен жалпылама қасиеттері жалпылама атқа ие болды. Жалпылама тілдік қолданыстар көрнекі түсініктерден бөліп алынған ұғымдарға етуге, адамның санасының ерекше қасиеті — ойлауға себеп болды. Одан әрі қарай адамдар қарапайым, әр кадам аттаған сайын кездесетін, қайталанып отыратын байланыстарды аңғарды: "Осы зат екінші заттан қатты болса, егер ол үшінші заттан да қатты болса, онда бірінші зат үшінші заттан қатты болады", "Егер белгілі бір нәрсе екінші бір нәрсенің ішінде болса, ал ол үшінші бір нәрсенің ішінде де болса, онда біріншісі үшіншінің ішінде болады". Осылай бұрыннан белгілі түп текті қорытындылардан олардың арасындағы байланыс негізінде белгілі бір жаңа білім шығатын логикалық ой қорыту пайда болды. Уақыт өткен сайын логикалық түрде ой қорыта білу жылдамдады. Адамдардың бірқатар ұрпақтарының көздері жетуіне орай логикалық байланыстар оқиғалардың, әрекеттердің және сол заттардың ел арасындағы қатынастар мен өзара байланыстарға сәйкес келетіндігі белгілі болды. Адамша ойлауға тән логика шықты. Осылай сана өзіне сай атрибуттарымен (сезім мен ойлау, логикамен) ұзақ мерзім ішінде пайда болған адамның жануарлық күйден адамдар коғамына өтуге және тіл сияқты коғамдық еңбек қызметі кезінде пайда болған қоғамдық құбылыс ретінде көрініс береді. Сананың мұндай әлеуметтік мәні қалыптасып келе жатқан адам күнде өзі пікір алысып, қатынасып тұратын басқа барлық адамдарға тән жалпыны анықтай отырып, ол өзінің адам екенін, өзімен рудың мүшелерінің арасында белгілі бір қатынастар бар екендігін сезетін болды. Адамның өзін-өзі тануы және өзінде болып жатқандардың, өзінің санасынан тысқары болып жатқандардан тәуелсіз екендігін білуі – адам санасының аса маңызды ерекшелігі.
Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.
Ғылым саласындағы қарым-қатынастың неғұрлым өзіндік үлгілерін анықтауда қарым-қатынас тақырыбы, тілдік құралдардың жұмсалу тәртібі, әлеуметтік ұстаным т.б. факторлар ерекше орын алады. Қазақ тіл білімінде З.Ш.Ерназарова ауызша ғылыми тілді жалпы сөйлеу тілінің құрамында қарастыра отырып, ғылыми сөздің прагматикалық бағытын мынадай түрлерге бөледі:
1) сөйлеуші өз ойын дәлелдеп, жеткізуді мақсат етеді;
2) сөйлеуші белгілі бір ғылыми бағытты, тақырыпты жақтап, қолдап сөйлеуді мақсат етеді;
3) пікірді, ғылыми тұжырымды сынау, қарсы шығу мақсаты көзделеді,
4) ескерту, ұсыныс айту мақсаты көзделеді.
Автор осылай бөле отырып, одан әрі былай деп жазады: «Сөйлеуші мақсатының әр түрлі болуы түзілетін мәтіннің құрылымы мен мазмұнына әсер етеді. Бірақ кез келген ғылыми сөзде дәлелдеу, ойды нақты, тартымды етіп жеткізу, жаңа мәлімет беру сияқты қосымша мәліметтері бар».
Адам өмірінің барлық мазмұны тілде көрініс табады. Қоршаған орта туралы ой-түсінік, шындық өмірдегі категориялар мен байланыстар т.т. ойлау арқылы қорытылып және талданып тілде бейнеленген немесе ұлттық тілдік санамен қабылданған. Адам белгілі бір оқиға және деректер туралы немесе оларға қатысын, сезімі мен талап-тілегін тіл арқылы жеткізеді, сөйлеу арқылы ұғым, ой мен ой қорыту қалыптастырады. Адамдар сөйлеу арқылы бірін-бірі іс-әрекетке шақырады, яғни коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі.
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.
Адамның қалыптасуы мен дамуында, таным мен ойлау процесiнде тiл маңызды және шешушi рөл ойнайды. Ол адамға дүниенi игеруге көмектесiп, адамды “адам” етедi. Көптеген ойшылдар адамның танымдық және практикалық әрекет барысында әлемнiң бейнесiнiң қалыптасуы, тiл аппаратына байланысты дейдi.
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің лингвистикалық негіздері
Әрбір пәннің оқыту методикасы белгілі бір ғылымға негізделеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты қаралады. Тіл біліміндегі өзгерістер, жаңалықтар қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына әсерін тигізеді. Нәтижесінде қазақ тілін оқыту әдістемесі дамып, жетіліп отырады. Қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын (фонетика, лексика, морфология, синтаксис), қазақ тілінің жалпы заңдылықтарымен таныстыру – қазақ тілін оқыту әдістемесі негізгі объектісі болып табылады және оның ешқайсысы әдістемелік амал-тәсілдерсіз оқытылмайды. Сондықтан қазақ тілі пән ретінде танылса, Қазақ тілін оқыту әдістемесі оның оқыту әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет