Лекция. Н. Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы


лекция. Қазақ тілінің тарихи құрамы. Қазақ халқы тілінің қалыптасуы



бет16/16
Дата15.02.2022
өлшемі81,7 Kb.
#131811
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Тілдің тарихын дәуірлеу Дәрістер

15 лекция. Қазақ тілінің тарихи құрамы. Қазақ халқы тілінің қалыптасуы
Қазақ халқы ерте заманда еліміздің батыс өңірін, Алтай, Тянь- Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алқабын және Дешті қыпшақ даласын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайпалардың, атап айтқанда, сақ, үйсін, қаңлы, алан, қимақ-қыпшақ, дулат, түркеш, қарлық, оғыз, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, жалайыр, алшын т.б. тайпалардың
түрліше тарихи даму дәуірлерін басынан кешіре отырып, бірте-бірте этникалық бірігуі және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи түрде дамуы арқылы халық болып қалыптасты.
Қазақ халқының өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысы ұзақ тарихи даму дәуірлерін басынан кешірді. Ежелгі жұңғоның, парсының және гректің жазба деректеріне қарағанда, біздің заманымыздан бұрынғы ҮІІ- ІҮ ғасырларда Орта Азия өңірін сақ тайпалары мекен еткен. Бұл сақтардың «Шошақ төбелі тымақ киетін сақтар» (тигра хауда сақтары) деп аталатын тайпаларының орналасқан жері Іле алқабы мен Жетісу өңірі болған. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІҮ-ІІІ ғасырдың шегінде бұрынғы сақ тайпаларының одағы ыдырап, оның орнына үш ірі тайпалық одақ – үйсіндердің, қаңлылардың, аландардың тайпалық одақтары құрылған.
Үйсіндердің тайпалық одағы Тянь-Шань тауының шығыс сілемінен Шу өзеніне, Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі ұлан-байтақ өңірді қоныстанған. Еліміздің сол замандағы жазба деректерінде үйсіндер қоныстанған жерлердің орталығы болған Іле өзені алқабы мен Жетісу өңірі үйсіндердің атамекені деп аталған. Қаңлылардың тайпалық одағы Қаратау аймағы мен Сырдарияның орта ағысы алабын мекен еткен. Аландардың тайпалық одағы Арал теңізінің батыс жағалауынан Каспий теңізінің солтүстік жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған. Ежелгі жұңғо жылнамаларында қыпшақтар хуше, уже деп аталған. Олар Ертіс бойын, Тарым және Халбин тауларының бөктерін мекендеген. Бұл тайпалардың негізгі кәсібі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы еді. Сонымен қатар оларда едәуір дамыған егіншілік және теміршілік, ағашшылық, зергерлік, көншілік (тері илеу), өрмек тоқымашылығы, т.б. қолөнершілік кәсібі болған.
Біздің дәуіріміздің 552 жылы Алтай тауын мекендеп, мал баққан көшпелі түрік тайпалары түрік қағандығын құрды. 582 жылы түрік қағандығы өз ішінен бөлініп, Шығыс түрік қағандығы және Батыс түрік қағандығы болып екіге айрылды. Батыс түрік қағандығы үстемдігінің орталығы үйсіндердің атамекенінде болды. Ұлан-байтақ өңірді мекендеген ежелгі қазақ тайпалары Батыс түрік қағандығының құрамына енді. 659 жылы таң патшалығы Батыс түрік қағандығын құлатты, енді Батыс түрік қағандығының орнына Түркеш қағандығы құрылды. Оның орталығы да Іле алқабы мен Жетісу өңірінде болды. Ұзақ уақыт өтпей Түркеш қағандығының билігі Қарлық тайпасының қолына өтті. Қарлық қағандығы 766-940 жылдары дәурен сүрді, бұл қағандықтың да орталығы Іле өңірі мен Жетісу жерінде болды. Көптеген қазақ тайпалары Қарлық қағандығының қол астына қарады. Ежелгі қазақ тайпалары Қарлық қағандығынан соң қарахандар әулетінің (Х-ХІ ғасырда) қол астына, одан кейін кедендер (қара қытайлар) құрған Батыс Лиау патшалығына (ХІІ ғасырда) қарады.
ІХ-Х ғасырда Ертіс өзені бойында өмір сүрген Қимақ елінің өкімет билігі ХІ ғасырда қыпшақ тайпасының қолына өтті. ХІ ғасырда қыпшақтар кең-байтақ қазақ даласына үстемдік етті. Олар ХІ ғасырдың ортасында Сырдарияның төменгі ағысындағы Оғыз мемлекетін (орталығы Жаңакент)талқандады. Бұрынғы «Мазафат әл- Ғұз» (оғыздар қонысы) өлкесін басып алып, «Дешті қыпшаққа» (қыпшақ даласына) айналдырды. Оғыз тайпаларын Маңғыстау мен қазіргі түркімен жеріне қарай ығыстырды. Одан кейін Каспий теңізі атырабындағы «Дешті хазар» (хазар даласы) аймақтарын өздеріне бағындырып, өрісін кеңейтті.Бұлармен шегаралас далаларды көктей отырып, Днепр өзеніне дейін барып жетті. Бұрын бұл өңірлерді мекендеген аландардың, оғыздардың және хазарлардың бір бөлегі қыпшаққа қосылып кетті. ХІІІ ғасырдың басында қыпшақ тайпалары мейлінше күшейді, шығыста Ертіс өзенінен бастап, батыста Дон өзеніне дейінгі, Орал тауынан Қара теңізге дейінгі ұлан-байтақ территорияны алып жатты. Қыпшақтар осы өңірдегі және айналасындағы түркі тілдес ру-тайпаларды өзіне бағындырды, олар кейін келе «қыпшақ» атанып кетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет