Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


- Лекция. Отарлық кезеңдегі Қазақстан ( ХҮІІІғ басы - ХХ ғ басына дейін)Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдері



бет21/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013

8- Лекция. Отарлық кезеңдегі Қазақстан ( ХҮІІІғ басы - ХХ ғ басына дейін)Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңдері


Жоспары:

1. Қазақ- жоңғар соғыстары. Жоңғар шапқыншылығының зардаптары.


2. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы : тарихнамасы және деректер.
3. Әбілхайыр хан- саяси және мемлекеттік қайраткер ,қолбасшы.
4. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясаты.
5. Абылай хан тұсында Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
6. Қазақ- қоқан қарым- қатынастары.
7. Хандық биліктің жойылуы.
8. ХҮІІ-ХІХ ғ ғ ұлт- азаттық қозғалыстар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Кан Г.В, Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық.-Алматы: «Кітап»,2012.-312б.


2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін: очерк.-Алматы : «Дәуір».1994.-446б.
3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. – Алматы: «Атамұра», 1996-2010ж.
4. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы ( ежелгі және ортағасырлық кезең)/ ҚР Білім және ғылым министрлігі: Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.-Алматы: «Адамдар» ЖШС, 2007.-431 б.
5. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері: Көмекші оқу құралы.-Алматы: «Өнер», 2003.-551б.
Қазақ-жоңғар соғыстары
Оның біріншісі - Сырдың сол жақ бетінде, Бетпақдала каналы екіге бөлінетін жерде, екіншісі - Ташкенттен 90 шақырым жерде, ол да Сыр бойында. Халық осылардың алғашқысына барып паналаған. Бұл кезеңді қазақ "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. Яғни, қазақтардың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Сол сұлағаннан талай қазақ жан тәсілім қылып, басын қайта көтермеген. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны сияқты "Елім-ай" әнін білмейтін, оны айтқанда тебіреніп, қатігездіктің құрбаны болған боздақтарын еске түсіріп, бүгінге дейін көзіне жас алмайтын қазақтың кәрі-жасы кемде-кем. "Елім-ай" әнінің сөзі былай болып келеді:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айырылған қиын екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші іспеттес. Қазақты бірлікке, елдікке, ерлікке үндейтін бұл өленді білу, ұмытпау жастар үшін бүгінгі таңда да тарихты білу болып табылады.
Осы бір қиын-қыстау тұста әрбір жүздің ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін тоқтатпады. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі, сол сияқты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұқара мен Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Сондықтан Кіші жүздің батыс шекарасында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды Әбілхайыр хан өзінің басты міндеті деп санады. Сонымен бірге қазақ қауымының ортақ жауы - жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы кақтығыстарға байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар басқыншылары оған құлақ аспады. Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне шектес жатқан жерлерде 20 мың әскер ұстап, қазақтарды мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сену керек екеніне, үш жүздің басын қосып, жоңғарлардың феодалдық әскер күшіне соққы беру арқылы ғана өз жерін жаудан босатуға болатынына көзі жетті. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор еңбек сіңірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет