Лекция. Пәнге кіріспе. Жоспары: Қазақстан тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстан тарихын оқытудың маңызы


-лекция. Қазақстан – Егеменді мемлекет. Ел тарихындағы қазіргі кезең (желтоқсан 1991ж - бүгінге дейін)



бет53/64
Дата22.09.2022
өлшемі1,18 Mb.
#150329
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
Байланысты:
Қаз тар лек 2013

14-лекция. Қазақстан – Егеменді мемлекет. Ел тарихындағы қазіргі кезең (желтоқсан 1991ж - бүгінге дейін)
Жоспары:

  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялау және мемлекеттілік негіздерінің қалыптасуы.

  2. Н.Ә.Назарбаев- Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекіту.

  4. «Қазақстан-2030», «Қазақстан- 2050» стратегиясы.

  5. Астанадағы «EXPO – 2017» халықаралық көрмесі- инновациялық экономика тетігі.



Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары. 1997-2012жж / www.akorda.kz


2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстаннның егемен мемлекет ретінде қалыптасу мен даму стратегиясы.- Алматы: «Дәуір», 1992.-567б.
3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.- Алматы: «Ата мұра»,2003.-256б.
4. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері.-Алматы: «Ата мұра»,2003-336б.
5. Назарбаев Н.Ә.Сындарлы он жыл.-Алматы: «Ата мұра»,2003.-240б.
6. Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде.- Алматы: «Ата мұра»,2005.-192б.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам // Егемен Қазақстан.-2002.-10 шілде.
8. Жаһандық деңгейдегі оқиғалар. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдануына байланысты Қазақстан халқына Үндеуі // Егемен Қазақстан.-2012.- 7желтоқсан.
9. Аяған Б.Ғ, Әбжанов Х.М, Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық.- Алматы: «Раритет» ,2010.-448б.
10. Кан Г.В, Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Оқулық.-Алматы: «Кітап»,2012.-312б.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, Кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты. КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттык табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ- тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-тендікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 жж./ арасындағы әскери-стратегиялық тепе- теңдікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты.


Бұрынғы кеңестік экономикалық кешеннің құрылымы тым күйкі тартып, негізінен шикізат өндірушілік пен әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет етуге бағытталды. Кеңестер одағында әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министрлік қызмет етті. Олардың кажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанымен, шын мәнінде, халық шаруашылығы мойнына асылған масылдық еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Ауғанстандағы, Африка елдеріндегі майдан далаларында әлденше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.
КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін/ 25 жылда КСРО-да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы /АҚШ-пен салыстырғанда/ үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 проценттен астам адам қол еңбегімен айналысты.
Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-1985 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері оспеді, қайта төмендеп кетті. Егер ұлттық табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта - 41 пайыз болса, тоғызыншы бесжылдықта - 28 пайыз, оныншы бесжылдықта - 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта -17 пайыз болып артуы сегізінші бесжылдықта - 37 пайыз, тоғызыншы бесжылдықта - 25 пайызға, оныншы бесжылдықта - 17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО-ның өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972-1990 жж. жоспарлар 13 рет орындалмаған-ды.
КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей койған жок. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан Одақ кұрамындағы ірі индустриялық аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтып келдік. Оған негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан соңғы үшінші, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбір төртінші тонна қой еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.
Бірақ, бұл мүмкіндіктер, ашығын айтсақ, соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Оның әр түрлі себептері бар еді. Біріншіден, республика халық шаруашылығының құрылымы бір жақты дамып, оның аса маңызды салалары кейін қалып қойды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі басым дамыды, Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, осіресе, машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды. Мәселен, машина жасау республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 17,1 пайызын ғана қамтыды, ал Одақ бойынша бұл көрсеткіш 27,4 пайыз еді. Қазақстанда қазіргі кезеңдегі талапқа сай құрал-жабдық жасау, радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ енеркәсібі үшін қажетті машиналарды жасау салалары жетіспеді.
Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардын 60 пайызға жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғай облысында алюминий жасау үшін кажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павлодарға жөнелтіліп, онда өңделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай Орал қаласынан 200 шақырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып, онда қайтадан өңделді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында балықтың аса қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың әмірімен Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы өнімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.
Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымбат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртка шығарылған тауар 6,7 миллиард сом болса, сырттан алынған тауар - 13,8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді. »
Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта калды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.
Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дәрежеде-тін. 1987 жылы республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шарушылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді.
Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қазақстандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, әсірелеп көрсету, даңғазалық орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді.
Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ кезден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толкулары күшейді. Ең қауіптісі - олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Қарабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анықтады. Кенестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбына терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылыктар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан окиғасын айтуға болады.
Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесіиде 1988 жылдың қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары оздерінін егемендіғі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО кұрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сойтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген республикалар Одағы ыдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет