Ыдырау қалай болды? 1991 жылғы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР жоне Украина республикаларының басшылары Минск қаласында /Беловеж кездесуі/ кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыкқа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап, өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық Одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын /ТМД/ құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық карудың таралуына жол бермейді және оған бірынгай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді - деп корсетті.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені заң бойынша Одақка кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осымен байланысты 1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығына тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы айырықша атап көрсетілді.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы женіндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрылды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу көзделінді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен ұлттар ұйымы алдында бұл Тәуелсіз Мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің әрдайым орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті.