2. Қазақстан экономикасын реформалау бағыттары
1992 ж. наурыз айында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге халықаралық басқа да ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта - қаржы ұйымдарына - Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Мұның өзі Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында игі нәтижелерін беруде. Нәтижесінде соңғы бес-алты жылда Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мәселен, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институттарының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім - шарттарға қол қойылды. Осы жылдары бірқатар елдер - Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания т. б. - Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие берді. Сондай-ақ, Жапония, АҚШ секілді және басқа да донор елдердің үкіметтері Қазақстанмен қаржылық ынтымақтастықты жылдан-жылға дамытып келеді. Мұның өзі Қазақстандағы нарықтық экономика бойынша жүргізіліп жатқан реформаларға көмектесу мүмкіндігін және республика экономикасына шет ел инвестицияларын көптеп тартуда зор ықпалын тигізуде. Оған шетел бірлескен кәсіпорындары да өз үлесін қосып отыр. Олардың жалпы саны 1996 ж. 746 болса, 2002 ж. 1,5 мыңнан асты.
Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одаң кейің Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея мемлекеттері бар.
Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін шешуде Америка Құрама Штаттарымен қарым - қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Бұл бағыттағы алғашқы байсалды қадам американдық "Шеврон" компаниясы мен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылуы еді. Бұл келісім Америка капиталының Қазақстан экономикасына ірі көлемде тартылуының бастамасы болды. "Теңізшевройл" жобасы бойынша 2010 ж. тәулігіне 700 мың барелден /100 млн тоннадай/ асатын мұнай өндіруге қол жеткізу көзделген. Бірлескен кәсіпорын жұмысына қатыса отырып, "Шеврон" сонымен бірге Қазақстанның аймақтық инфрақұрылымын жетілдіруге, мәселен, аурухана, мектеп, жол құрылыстарын салуға көмектесіп, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға да қатысатын болады. Осы бағытта соңғы жылдары республикада бірнеше ондаған американ компаниялары мен банктерінің өкілдері және бірлескен кәсіпорындар құрылып, жұмыс істеуде.
1997 ж. қыркүйектің 12-ші жұлдызында Президент Н.Назарбаев АҚШ-тың Халықаралық қатынастар жөніндегі кенесінің төрағасы Питер Питерсон мен осы ұйымның құрметті төрағасы, белгілі қаржыгер Дэвид Рокфеллер бастаған осы кеңестің делегациясын қабылдады. Н. Назарбаев АҚШ делегациясын біздің экономикамыздың ерекшеліктерімен, оны тұрақтандырудағы белгілі бір табыстарымен, Қазақстан рыногын одан әрі ырықтандыру және шетел ипвестицияларын тарту жөніндегі шаралармен таныстырды. Кездесу барысында Қазақстанның-2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспа-рының жекелеген қағидалары, Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің келешегі, еліміздің Иран аумағы арқылы Парсы шығанағына шығып әлемдік рынокқа қосылу мүмкіндігі талқыланды. Бізде қолданылып отырған экономикалық зандардың Еуропалық стандарттарға бейімделе түсу қажеттілігі АҚШ делегациясы тарапынан түсіністік тапты.
Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен косіпорыны жұмыс істейді, сондай-ақ 100 - ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Олардың Қазақстан Республикасының экономикасына салған инвестициясының көлемі елімізге тартылған шетелдік инвестициялар көлемінің үштен бірін құрайды және Орталық Азия аймағындағы аса ірі көлем болып табылады.
Қазақстан экономикасына инвестицияларды көптеп тартуда 1997 жылғы қыркүйекте Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен "Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктер" атты халықаралық конференцияның маңызы зор болды. Онда сол кездегі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары — Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Ахметжан Есімов, Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Александр Павлов, Қазақстан ұлттық банкісінің бастығы Ораз Жандосов т. б. баяндама жасады. Конференция жұмысына өз өкіметі атынан Ұлыбританияның сауда мииистрі Лорд Стэнли Клиитон-Дэвис қатынасып құттықтады. Ол өз сөзінде Қазақстанның нарықтық экономика жолындағы алғашқы қадамдарына жоғары баға бере келіп, біздің елімізде шетелдік инвесторлардың еркін жұмыс істеуіне қажетті құқықтық және іскерлік жағдай жасалғандығына ерекше назар аударды.
Инвестициялардың артуы қазіргі уақытта ең алдымен шетелдік инвестицияларды тікелей тартумен байланысты екенін ашып айту керек. Егер өтпелі кезеңнің алғашқы жылдары Үкімет кепілдемесі арқылы алынған шетелдік банкілердің несиелері басым болса, бүгінгі таңда тікелей инвестициялар көлемі өсіп келеді. 1996 ж. біздің елге тікелей инвестициялар көлемі 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Халықаралық салыстыру /рейтинг/ агентстволарының бағалауы бойынша Қазақстан қазір Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдерінің арасында тікелей инвестициялардың мемлекеттегі әр адам басына шаққандағы көлемі жағынан Мадьярлар елінен кейінгі екінші орынға көтерілген. Осымен байланысты 1997 ж. 28 ақпанында Қазақстан Республикасының "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңы қабылданды. Заң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылып, ол бұл бағыттағы алға қойылған жұмыстарды іске асыруға кірісті. Осының нәтижесінде Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлемі бүгінде 24 млрд. АҚШ долларына жетті.
Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы ерекше зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Осының нәтижесінде Қазақстанның сыртқа шығаратын және сырттан бізге алып келетін тауарлардың /қаржы түріндегі/ көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Бір қуанарлық нәрсе, республиканың экспортқа шығаратын тауары импорттан асып отырғандығында болып отыр. Мысалы, 1995 ж. экспорт импорттан 1 млрд. 250 млн. доллар көлемінде асып түскен, немесе 64 пайызға өскен. Сол жылы оның алдындағы 1994 жылмен салыстырғанда агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын 2,5 есе арттырды. Сөйтіп, ол импорттан алғаш рет 1,7 есе асып түсті. Ал 2001 ж. Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 14 млрд. АҚШ долларынан асты.
Қазақстанның сауда айналымының шамамен 62 пайызы ТМД елдерінің үлесіне, 23-24% Еуропа елдерінің (35ел), 13 % Азия аймағы елдерінің үлесіне тиеді. Ескере кететін бір нәрсе - сауда көлемі Батыс Еуропа елдерінде арта түсіп, Шығыс Еуропа (бұрынғы социалистік мемлекеттер) елдерінде едәуір кеміп бара жатқаны байқалады. Батыс Еуропаның қалтасы қалын инвесторлары үшін Қазақстан кәсіпорындарының есігі барган сайын айқара ашылып келеді. Алдағы кезде Еуропа Сыртқы сауда бірлестігіне мүшелікке өтетін болады. Міне, сол кезде Еуропа Одағына кіретін елдермен екі арадағы сауданың бұдан да кең өріс алуына қолайлы жағдайлар туатыны сөзсіз.
Қазақстанның сыртқа шығаратын тауарларыныц басты түрі металл (34 %), мұнай, газ, көмір, минералдық тыңайтқыш (35 %), азық-түлік тағамдары (12 %) қалғандары химия тауарлары (9 %), транспорт құралдары, приборлар және аппараттар (5 %). Оның басым көпшілігін бұрынгы одақтас республикалар сатып алады.
Қазақстан басқа елдерден отын-энергетика ресурстарын (27 %), машиналар, құрал-жабдықтар, байланыс құралдары, приборлар және аппарат құралдары (26 %), химиялық тауарлар (10 %), азық-түлік (11%) алады. Сырттан алынатын тауарлардың 75 %. ТМД елдерінен келеді. Бізбен негізінен сауда істейтін елдер Ресей (57 %), Түрікменстан (7 %), Белоруссия, Еермания, Қытай, Түркия (3 %), Украииа, Моңғолия, Финляндия (әрқайсысы 2%-дан). Бұл көрсеткіштердің, әрине, жыл сайын өзгеріп отыратынын айтқан жөн.
Тағы бір көңіл аударатын мәселе - Қазақстанның жағрафиялық жағынан әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасқандығы. Сондықтан мұның өзі де Азия-Тынық мүхит аралығындағы елдер мен сыртқы экономикалық байланыстар орнатуға тиімді болып, кең мүмкіндіктер ашып отыр. Бұған ерте кездегі Ұлы Жібек жолы жүрген жерлерде енді темір жол қатынасының дамуы үлкен әсерін тигізуде. Бұл жолдың ұзындығы болашақта 13,5 мың шақырымға жеткізілуі тиіс. Қазақстан жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы - 1,8 мың шақырым, соның ішінде -Достық-Алашанькоу темір жолы 1991 ж. салынды, ал 1996 ж. май айында Иран мемлекетінің күшімен Теджен-Серахс-Мешхед (ұзындығы 290 шақырым) темір жол торабы іске қосылды. Болашақта жол Ақтоғайдан -Алматы - Шеңгелді, одан әрі Ташкент-Теджент-Серахс-Мешхед-Тегеран-Анкара-Стамбул арқылы өтеді. Бұл жолдың тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ халықаралық маңызы өте зор. Атап айтқанда, бұл темір жол магистралі арқылы егер 1997 жылдың аяғы 1998 жылдың басында Қытайға Батыс Қазақстаннан 100 мың тонна мұнай әкелінген болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш бес есеге жуық өсіп, 500 мың тоннаға жеткен. Тек Достық-Алашанькоу стансасы жыл сайын 5 млн. тоннадан астам жүк өткізеді. Ал болашақта оны 12 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, екі ел арасындағы автомобиль жолы арқылы жүргізілетін жүк тасымалының үлесі де артып келеді.
Қорытып айтқанда, 1999 жылдан бері тәуелсіздік тұғырына қонған Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен терезесі тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орнатты. Осы уақыт ішінде елдің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің арқасында орасан зор тарихи маңызы бар міндеттер орындалды, ол дүниежүзілік аренадан беделді өз орнын алды. құқықтық негізге Сондай-ақ, Қазақстан шекарасының өн бойында берік халықаралық сүйенетін қауіпсіздік, тату көршілік және достық белдеуі жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |