Лекция сабағымыздың тақырыбы: Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет


Мемлекет нысаны мен кейпінің арақатынастары



бет9/11
Дата06.02.2022
өлшемі155,5 Kb.
#81691
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
726 9146 28559

Мемлекет нысаны мен кейпінің арақатынастары
Мемлекет кейпі – біртұтас қоғамдық-экономикалық формацияның мемлекеттеріне тән маңызды белгілердің жиынтығы.
Бір жағынан, әр түрлі кейіптегі мемлекеттер көптеген нысандармен қоршалады, қалыптағы тарихи бір кейіпте, әр түрлі нысандағы мемлекеттер кездеседі. Құл иелену монархиямен сипатталса, республика кейпіне – республикалар сәйкес келеді. Феодалдық кейіпке – монархиялар, буржуазиялық кейіпке – демократиялық республикалар және конституциялық монархиялар, социалистік кейіпке – Париж коммунасы, Кеңес республикасы және халықтық демократия республикалары.
Екінші жағынан, белгілі тарихи кейіптегі мемлекеттердің кейбір нысандары тек солардың өзіне тән болады. Мысалы, сословиелік – өкілетті монархия, тек феодалдық мемлекеттің белгілі даму кезеңіне жатады, ал парламенттік монархия және демократиялық республика тек буржуазиялық кейіптегі мемлекеттерге тән.
Сонымен, көрсетілген кейіптегі мемлекеттер кез-келген нысандарға ауыса алмайды, себебі, олардың мазмұнына ашық қайшы келеді және экономикалық негізіне сай емес. Мысалы, құл иеленуші мемлекетті шектелген монархия нысанында, не демократиялық республиканы жалпы ұлттық өкілеттілігі бар мекемелермен бірдей ойлауға болмайды.
Нақты мемлекеттің нысаны оның тараихи кейпімен алдын ала белгіленеді. Бірақ ол басқа да факторларға: қоғамның экономикалық дамуының деңгейіне, халықаралық жағдайларға байланысты.
Сондықтан мазмұны мен нысан ретіндегі ара қатынасында белгілеуші рольді, тек мазмұны көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет