Жоспар
1. Көне түркі тайпаларының мәдени өміріндегі ақуал.
2. Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалар.
3. Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалар.
1.VIII ғасырдағы арабтардың Солтүстік Африканы, Испанияны жаулап алуы, Таяу Шығыс пен Орта Азияға, Қазақстанға баса көктеп енуі бұл жерлердегі халықтардың саяси, рухани, мәдени өмірін үлкен өзгерістерге ұшыратты. Соның бірі осы жаулап, күшпен басып алған елдердің халқын арабтандыруға бағытталған шаралардың іске асырылуы болды. Соған байланысты бұрыннан бар, ертеден келе жатқан мәдени ғимараттар, мектептер, медреселер, тарихи ескерткіштер қиратылып, жергілікті тілде сөйлеуге, оқуға, кітап шығаруға тиым салынды. Мемлекеттік ресми тіл араб тілі болып жарияланып, осы тілде оқытатын мектептер ашылды. Араб тілінде кітап шығару жолға қойылды. Сонымен бірге арабтың классикалық ғылымын байытатын, даңқын дүние жүзіне жаюға үлес қосқан Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан оқымыстылар да аз болған жоқ.Орыс ғалымы Ю. Рушко өз еңбектерін араб тілінде жазған көптеген астрономдар мен математиктердің Хорасан, Трансоксания,Бактрия, Ферғана сияқты жерлерден екенін айтады. Бағдад қаласында Таяу Шығыс пен Орта Азиядан шыққан көптеген әдебиетшілер мен оқымыстылардың болғанын В. В. Бартольд да атап көрсеткен. Бағдатта арабтар басып алған елдерден жиналған үш жүзден астам ғалымдардың Грек, Рим, Үнді тілдеріндегі кітаптарды араб тіліне аударып, олардан төл туындылар жасауы арабтардың ғылымы мен мәдениетін жаңа сатыға көтерді, олардың мазмұнын байытып, ғылыми дәрежесін биіктетті.
Орта Азия мен қазақ жерінің араб Халифатына қарауы бір жағынан арабтардың мәдениеті мен ғылымын дамытуға әсерін тигізсе, екінші жағынан жергілікті халықтардың мәдениетінің дамуына да игі ықпал жасады. Араб тілінде оқыту, араб тіліндегі әдебиеттің тарауы, ислам дінінің өркендеуі Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтардың мәдени өрісін кеңітті. Бұл жерлерде жалпы білім беретін мектептердің, кітапханалардың көбеюі халықтың білім дәрежесін көтеруге көмектесті. Кітапханалар әдетте мешіт, медреселер жанында болды. Медреселер ол кезде діни оқу орны болуымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысты. Олардың қабырғасында ғылымның оқытылуына кейінірек тиым салынды да, мұның өзі мәдени өсіп өркендеуге кері әсерін тигізді. Біз сөз етіп отырған тұста, яғни X ғасырда, медреселердің Орта Азияда, Хорасан, Маве-реннахрда, Бұхарада пайда болып соның үлгісімен тек XI ғасырда ғана арабтың Бағдад сияқты басты қалаларында бой көтеруі Орта Азия мен Қазақстан жерін жайлаған халыктардың мәдени дәрежесінің арабтардан біршама жоғарырақ болғанын байқатты.Айта кету керек, VIII ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінің біріне бірі бағынбайтын, тәуелсіз ұсақ хандықтарға бөлінуі арабтардың оларды көп қарсылықсыз басып алуына мүмкіндік жасады. Бұл басқыншылық жорықтар барысында осы хандықтардың кейбіреулері арабтардың тегеурініне шыдай алмай жойылып кетті. Кейбіреулері Ислам дінін қабылдап, діндерінін елдігінен айрылмады. Сөйтіп, Қазакстанның оңтүстігінде өзінің дербес елдігін сақтап қалған Қарахан қағанаты солардың бірі болды. Қазақ халқының мәдениетін қалыптастыруға елеулі еңбек сіңіріп із қалдырған, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бойын құтты қоныс еткен бұл иеліктің Білге құл Қадірхан, Әбділкәрім, Сатұқ Қарахан, Мұхаммед Насыр, Сүлеймен Жүсіп, Ыбрахим Арыстан, қылыш Арыстан сияқты қағанаттың қабырғасын қалаған, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен, дербес, егеменді елдігіне, мәртебелі мемлекеттігіне жол салып, атақ даңқы бүгінгі ұрпаққа жетіп жатқан айтулы ерлері, ақылы асқан данышпан даналары елдің бірлігін нығайтуға, мәдениетін, рухани қазынасы мен дінін дамытуға қамқоршы болды. Бұл елден X ғасырдың басында Ислам дінін бірінші болып қабылдаған қара-ханидтер әулетінің ру басы Сатук болды. Оның ұлы Бограхан харун-б-Муса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Сөйтіп жаңа дін көшпелілер арасында, Қарахан иелігімен қанаттас жатқан қыпшақтар арасында да кеңінен тарай бастады. Бұл аймақтарда, әсіресе қалалы жерлерде, бұрыңғы шіркеулер құлатылып олардың орнына мешіттер, алқалық ғибадат үйлері бой көтерді. Мөселен Жетісудағы Тараз, Мерке шаһарларындағы шіркеулердің орнына мешіттердің салынуы сол тұста іске асты. Осы өңірдегі Баласағұн қаласында Х-ХІ ғасырлардың бірінде бой көтерді деп саналатын, кезінде елдің назарын өзіне тартып тұрған еңселі де ерекше сөнді мешіттің мұнарасы осы уақытқа дейін сақталған. Сонымен қатар бұл тұста Қазақстан қалаларында мешіт, ғибадат орындарымен бірге қала жұртшылығының көпшіліктің жуынуына арналған моншалар салына бастайды. Басқа да араб үлгісіндегі ғимараттар, сәнді құрылыстар бой көтерді. Сол кезде салынған қарахан қағанатынан қалған Қарахан, Айша бибі, Бабажа қатын, Аяққамыр, Алашахан, Сырлытам сияқты күні бүгінге күмбірлеп тұрған күмбездер, басқа да құрылыстар қағанатта сәулет өнерінің, медениеттің қаншалықты күшті дамығанын байқатады. Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Бабажа қатын мен Айша бибі күмбездерінен күні бүгінге дейін оларды көріп тамашалап жүрген адамдар арылмайды. ХІ-ХVІ ғасырға жататын бұл құрылыстардың жұрнақтарында сақталған өсімдік бедерлерімен ою-өрнектері, әшекейлері өздерінің нәзіктігі, сәнділігімен көз тартады. Сырдарияның төменгі ағысындағы бұдан 800 жыл бұрын салынған Сырлытам күмбезі күйдіріліп оймышталған, Сарысаз тақталармен безе-ндірілген Қасбеті сақталған. Соның өзі де бабаларымыздың эстетикалық талғамының каншалықты биік болғанын аңғартқандай.
Х-ХІІ ғасырлардағы Ордакент (қашғар), Тараз, Үзген, Баласағун, Мерке, Құлан сияқты қалаларда зергерлік және саз балшықтан ыдыс-аяқ, сәндік бұйымдар құю сияқты қолөнерінің қатты дамығанын көреміз. Жылтыр сыр жалатылып, ою тәрізді араб өріптеріне ұқсас әшекейлермен безендірілген қыштан жасалған қазба зерттеу жұмыстарының барысында табылған ыдыстар өздерінің әсемдігімен көздің жауын алады. Олардың кейбіреулеріне діни мазмұндағы алуан түрлі оң тілектер мен өсиеттер жазылған. Мұндай жазулар солардағы мыстан, қоладан жасалған бұйымдардың да сыртқы бетінен кездеседі. Бұл ыдыстарды, сондай-ақ, бұл жерлердегі сәулет өнерінің туындыларын көріп тұрғанда оларды әшекейлеп безендіруге, сәндеуге тигізген басқа елдердің, өсіресе шығыс елдерінің өнер-өрнегінің, өнер жетістігінің ықпалы мен өсерін де байқайсыз.
Әлемнің, дүниенің шартарабының байланысы, қарым-қатынасы барған сайын күшейіп келе жаткан орта ғасырдың бастапқы кезінің де өзінде-ақ елдерге әлемдегі төрт патшалық жөніндегі ортақ пікір кеңінен тарады. Бұлардың әрқайсысының тек өзіне ғана тән қайталанбайтын ерекшеліктері бар деп есептелді. Осыған орай олар жұртшылык санасында оңтүстікте піл патшасы (үнді елі) батыста - бағалы, құнды заттар патшалығы (Иран, Византия), Солтүстікте -арғымақтар патшалығының иелігі (түрік, қағанаттары), Шығыста-адамдар патшалығының империясы (Қытай) болып бөлінді. Осы патшалықтардың арасында тығыз қарым-қатынас, алыс-беріс, бірінің жетістігін екіншісінің игеруі сияқты игі істер кеңінен өрістеді. Оның өрістеуіне батыс пен шығысты, шығыс пен батысты жалғастырып сауда-саттық мәдени байланысты өркендетуге арқау болған Жібек жолы мықты ықпал жасады. Шығыстан батысқа Қытайдың Жібек тауарларын тасымалдау үшін ашылған бұл жолмен батысқа ағылған саудагерлер батыстан алтын, алмаз, аң терісі, қару-жарақ, жылқы алып кайтты. Осы жолдың нақ ортасындағы Қазақстан қалалары шығыс пен батыстың байланыс аясына кеңінен тартылды. «Ұлы Жібек жолы және Орта ғасырлық Қазақстан» деген еңбегінде К. Байпақов пен А. Нұржанов атап көрсеткендей Шығыс пен Батыс, Азия мен Еуропа тоғысқан Қазақстан қалаларында біріне бірі мүлде ұқсамайтын мәдениеттердің өзара кірігіп бір-бірін байыта түсулеріне аса қолайлы жағдай ахуал туды. Өзара қарым-қатынас жасасу нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай жарқыраған мәдениет жасай алды»
Шынында, қалалар халықтың мәдениетін, салт-дәстүрін қалыптастыруға, өнерін өркендетуге үлкен үлес қосты. Жоғарыда біз үзінді келтірген кітапта орта ғасырдағы Қазақстанда ірі мәдени ошақтардың бірі Испиджаб қаласы болғаны айтылады. Ол бірсыпыра деректерде Сайрам деген атпен белгілі. Ол X ғ. мен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстаннын оңтүстігінде жатқан Сыр бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран, Янгикент, Жетісудың Тараз, Құлан, Мерке, Суяб шаһарларын қапсыра қамтыған, қарауында ұстаған Испиджаб округі ретінде де танылған. Испиджаб басқа жерлерге ақ мата, кару-жарақ, семсер, мыс, темір сияқты нәрселерді шығарып тұрды. Сонымен бірге құл ретінде әртүрлі түрік тайпаларынан қолға түскен тұтқындарды сатумен әйгілі болды.
Иран, Түрік тілдерінде сөйлейтін, сондай-ақ, әртүрлі дінді ұстанған қала тұрғындарының елеулі бөлігі қолөнершілікпен айналысты. Олардың арасында ұсташылық, зергерлік, емшілік, тоқымашылық, былғарышылық, қыш көзе, әйнек жасау сияқты кәсіп иелері аз болған жоқ.
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі қалалардың ірісі-Отырар болған. Ол туралы тарихта мол мағлұмат сақталған. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстандағы ірі қалалар Сайрам, Түркістан өңіріндегі Яссы, Сырдария бойындағы Сауран, Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген оғыздардың Жент, Янгікент, Қора, қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің астанасы болған Сығанақ шаһарлары қазақ мәдениетінің қалыптасуына, өсіп-өрбуіне, дамуына күш-қуат берген, арқау болған қалалар.Бұл қалалар әртүрлі жағдайда қирап, құлап, құрып, жойылып кетті. Бірақ олар кейінгі ұрпаққа мәңгілік мәдени мұра, өшпес өнер туындыларын, салт-дөстүр, жол-жоралғысын қалдырды. Осы қалалардан аты айдай өлемге мәлім болған ғұлама ғалымдар, ақын жыршылар, өнер адамдары көп шықты.
2 Қазақ жерінде Х-ХІІ ғасырда өмір сүрген аттары Шығыс пен Батысқа, бүкіл әлемге кеңінен таныс болған, өздерінің ғылымға қосқан үлесімен дүниежүзілік дамудың барысына елеулі ықпалын тигізген ғұлама ғалымдар Әбу-Насыр Әл-Фараби, Жүсіп-Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Иассауидың әрқайсысына жеке-жеке тоқтала кетудің жөні бар. Әл-Фараби Мухаммед ибн Мұхаммед уз лаг Тарахни Әбу Насыр Әл-Фараби - 870-950 жж.) дүниежүзілік білім мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі тарихындағы екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, жан-жақты білімдар ғалым, өнер зерттеуші, ақын болған кісі. Сыр бойындағы Отырар қаласында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауданы) туып, Дамшық шаһарында қайтыс болған.Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерінде, Иракта, Мысырда, Шамда оқып білім алған. Философия, әлеуметтану, математика, физика, астрономия, ботаника, этика, эстетика, лингвистика, логика, денсаулық сақтау, музыка зерттеу салаларында терең білім алған.Ол ғылымның осы арналарының бірде-бірін назарынан тыс қалдырмай оларды дамытуға, елеулі үлес қосты. Ол ғылымның осы салаларынан 160-қа тарта трактаттар жазып онда құнды пікірлер айтты.Оның өмірі мен шығармашылық қызметін зерттеу оның туғанына 1100 жылдығын атап өтуге байланысты мақсатты сипат алды. Казақстан ұлттық ғылым академиясы бұл мәселемен дәйекті шұғылданды, соның нәтижесінде республикамызда оның еңбектері 7 том болып жарық көрді. Бұл үшін Мөскеу, Ташкент қалаларындағы,бақытты, бай, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты деп түйеді. Жан-жақты білімі бар, өділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді дейді. Ол сонымен бірге тірліктің тетігі еңбек, білім, адалдық пен тазалық екенін айтты. Ақындықтың мәні туралы трактат». Данышпандықтың інжу-маржаны»,(«Ғылымдардың шығуы» т.б. еңбектерінде ол қоғам дамуының, адам болмысының мәселелері жөнінде философиялық тұрғыдан терең пікірлер айтты. Жүздеген еңбек жазып халқының рухани, мәдени қазынасына үздік үлес косқан Әл-Фараби халқының қайталанбас ұлдарының бірі болды.
Осы Әбу Ибраһим Исхақ Әл-Фарабидің шәкірті болған Әбу Насыр Исмаил бин-Хаммад Әл-ЖауҺари да Отырар маңындағы Жауһара деп аталатын елді мекенде дүниеге келіп, дүниенің төрт бұрышын түгел шарлап Басрада, Шамда, Бағдадта, Харасанда, Дамғанда болып терең білім алып зерделі зерттеуші, айтулы ақын өнер иесі болып қалыптасады. Ол «Ас-Сихах» (»Ақикат», «дұрыс», «заңды») деп аталатын араб тілінің табиғатын танытатын теңдесі жоқ тамаша еңбегін жазып ұрпаққа ұлағатты туынды қалдырады. Орта ғасырдағы Тұран өлкесінен шыққан Әбу-Бәкір ән-Наршаһи (899-960 жж.) «Бұхара тарихы» деп аталатын бағалы мұрасы арқылы тарихта атын қалдырған. Казақ тарихына тікелей қатысты еңбек ретінде кезінде Абай оқып пайдаланған бұл шығармада ол Бұхара, Түркістан, Қорасанда болып өткен тарихи оқиғаларды, әлеуметтік өзгерістерді баяндау арқылы кейінгі ұрпаққа алыстағы ақиқат шындықтың мол деректерін өсиет еткен. Бұл аталған ойшыл-оқымыстылардан шоқтығы биігірек болмаса кем емес, қазақ жерінің мақтанышы, ғылым мен мәдениет өлеміндегі шоқ жұлдыздардың бірі Жүсіп Хас Хаджи Баласағұни (1021-1075 жж.) қазіргі Жетісу өлкесіндегі Шу өзенінің жағасында, Шығыс Түркістан мен Орта Азияның елеулі бөлігін қамтып жатқан Қараханидтер мемлекетінің екі рет астанасы болған Баласағүн (Құз Орда) қаласында дүниеге келіп, сол қалада өмір сүрді.XIX ғасырдың басынан мәлім болған «Құдатғу біліктің» Қаир, Вена, Наманған қалаларында сақталған нұсқаларының 1942-1943 жылдарда Стамбулда үш кітап болып басылып шығуы әлемдегі мәдени өмірдің аса маңызды оқиғасы болды. 73 тараудан 6407 беттен, 12814 өлең жолдарынан тұратын бұл мұра 1971 жылы Ташкент қаласында жарық көрді. Бұл еңбек қазақ оқушыларына ана тілінде әлі толық жетіп болған жоқ. Бірақ соның өзінде де Баласағұнды білмейтін, оның накыл сөздерін айтпайтын қазақ аз. Мөселен оның аузынан шықан мына мақал-мәтелдерді кім білмейді: «Сөздің көркі мақал», «Ауру қалса да әдет қалмайды», «Қартайғанда дәулет бер, жастығымда бейнет бер», «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» немесе «Маңайлама ар-ұяттан безгенге, мыңдап алғыс инабатты сезгенге», «Ізгі атымен ер алғысқа бөленеді», «Құр атақ қуған ер өзінің түбіне жетеді», «Сен дүние-малға сұқтанасың, саған өлім сұқтанады», «Сақтана біл сараңдықтан өспейтін, Жомарт ердің аты қалар өшпейтін», «Дүниеге жаям десең атыңды, жолаушыға қызмет қыл татымды».
Қазақ жерінде дүниеге келіп, халқымыздың мәдениетін дамытуда, дәстүрі мен салт-санасын қалыптастыруға үлкен үлесі бар ұлылардың бірі Махмұд Қашқари. Оның әкесі Хусайын мен бабасы Мұхаммед ХІ ғасырдағы Жетісу өлкесінің ірі мәдени орталықтарының бірі Барсаған қаласында (Ыстықкөлдің шығыс-солтүстігінде) туып өскен. Түркі халықтарының белгілі қаласы Қашғарға көшіп келіп, Махмұдтың бүкіл саналы өмірі сонда өткен.Ол 1029-1038 жылдар аралығында дүниеге келген деп есептеледі. Оның атақ-даңқын шығарған «Түркі тілдерінің лұғаты» (»Диуану луғат-ат-түрк») деп аталатын еңбегі. Ол араб тілінде жазылған. Оған кіріспестен бұрын Махмұд Қашқари түріктің елі мен кең даласын тегіс аралап, түркі тілдеріне қатысты мол материал жинаған. Ол өз еңбегінде қыргыз, қыпшақ, оғыз, түхси, ягма, чыгыл, ығырақ, ярук тілдерін «таза түркі тілдері» деп атап, оларға ортақ, бәріне бірдей түсінікті, ұғынықты сөздерді алып, олардың мәні мен маңызын, сөздік қасиеттерін тексерген, талдаған. Жалпы теңдесі жоқ тамаша бұл туындымен танысқан адам қазақ жеріндегі құнарлы да қымбат әдеби мұраларға бай, онда өмір кешкен ата-бабалардың мәдени дәрежесінің биікте, парасатты болғанына даусыз дәлел тапқандай болады.
Х-ХІІ ғасырлардағы қазақ топырағындағы ғұламаларды сөз еткенде XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында өмір сүрген, өз заманының ереулі ақыны, өнегелі білімпаз, оқымысты Ахмет Йүгінеки (толық аты-жөні: Әдиб Ахмет ибн Йүгінеки) туралы айтпасқа болмайды. Жасынан зағип болып мүгедектіктің михнатын тартқан ол Түркістан қаласына жақын жердегі Жүгінек деген жерде дүниеге келген. Сол жерде оның асқан ақындығымен аты шыққан. Онан қалған мұралардың ішінде төрбие, білім, абзал адамгершілік, кіршіксіз кісілік талаптары туралы әңгіме, ақыл-кеңестер бар. «Ақиқат сиы» деп аталатын шығармасы жұртқа кеңінен тараған. Кітаптың бүгінге жеткен үш түрлі нұсқасы бар. Солардың бірі - Ыстамбұлда Топ-қапы сарайында сақтаулы қолжазбадан қазақ тіліне аударылған баламасы (аударған Б.Сағындықов).Ол 1991 жылы «Ежелгі қазақ әдебиеті» деген кітап арқылы қазақ оқырмандарының назарына ілікті. Онда Ахмет Йүгінеки қандай қасиеттерімен құнды, бұлды болатынына көңіл бөліп, алдымен адам үшін қажетті нәрсенің білім екенін айтады. «Бақыт жолын білімнен ізде, білімді кісі бағалы динар, білімсіз құны жоқ қара бақыр, білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты», - деп өз замандастарын білім алуға, ғылымды игеруге үндейді. Оның әдептілік пен ибалылық туралы айтқандары да адамгершіліктің өнеге өлшемдерімен ұштасып жатыр. Әдептіліктің бір шарты тілді тыю, орынсыз сөйлемеу екенін айта келіп, «Тісің сынбасын десең тіліңе ие бол, оқ жарасы жазылады, тіл жарасы жазылмайды», - дейді. Оның жомарттық, қайырымдылық, қаталдық пен қайырымсыздық, сараңдық, тойымсыздық пен дүниеқоңыздық туралы, ашу мен алаңғасарлық, сабыр мен салауаттылық жөнінде айтқандары, достықты дәріптеуі «Мың дос аз, бір дұшпан көп» деуі адам боламын деген кісінің қандай қасиеттерге ие болуға тиіс екенінен хабар береді. Түркістан өңірінде Иугінеки жалғыз болмаған. Оның замандасы Хакім ата деген атпен белгілі Ахмет Иассауидің шәкірті «Бақырғани кітабы» (Ақырзаман кітабы) деген жазба мұрасын қалдырған, XII ғасырдың басында өмір сүрген Сүлеймен Бақырғани да түркі тектес халықтардын, оның ішінде бүгінгі қазақ халқы мәдениетінің негізін қалыптастыруға үлкен еңбек сіңірген. Адамгершілік асыл қасиеттерін қандастарының бойына орнықтыру үшін аянбай атсалысқан. Бақырғани адам бойындағы жамандықты, жігерсіздікті, маскүнемдікті өлтіре мінеп шенеген. Ол малына көңілі өскен мақтаншақты «Малыңа көңілің өсіп дүниеге симаушы едің, қара жерге қайтіп сиясың»,-деп, тәубаға келтіреді. «Қанша пікір етсең де, өлімге жоқ еш ылаж, барша туар өлім үшін өлімге жоқ еш ылаж», - деп туа білген өле білуі керек, тірлікті қастерлеп адамгершіліктің ақ жолынан ауыспауы керек деген ғибрат боларлық шындықты айтады.
Х-ХІІ ғасырдағы ежелгі қазақ жерінен шыққан ғұламалар кейін шыққан қазақ халқының мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүріне, жол-жоралғысына негіз қалады. Олардың бәрі де адамгершіліктің асыл қасиеттерін орнықтырушы болды.
Хорезмде 1187 жылы дүниеге келіп, 86 жыл өмір сүріп, артына ғылыми мол мұра қалдырған Шайқы баба Сығанақи туралы Дербісәлиевтің зерттеуінде көптеген деректер келтірілген. Сондай-ақ ежелгі қазақ жерінен шыққан орта ғасырлық ғұламалар Мұхаммад Әл-Женди, Сирадж Баршкенти, молда Ахмет Әл-Женди сияқты оқымыстылардың болуы бүгінгі қазақ мәдениетінің тақыр жерде пайда болмағанын, анық атамдар заманынан келе жатқан сарқылмас мол қайнары болғанын көрсетеді. Бұл оқымыстылардың шығармалары парсы, араб, түрік тілдерінде жазылған. Оларды қазақтың қазіргі қолданып жүрген тіліне аударып, жұртшылық игілігіне айналдыру кезектегі келелі істердің бірі.
3. Шыңғыстан бұрынырақ дүние салған Жошының иелігіндегі жерлерді оның Ежен, Батый, Берке, Шайбақ, Тоқай-Темір атты бабалары бөліседі де, олардың ішінде Батыйға бәрінін үстінен қарайтын Алтын Орда хандығы тиеді.Жошының Моғол атты тағы бір ұлы болды. Ноғай деген көшпелі түркі тілдес рулардың ханы болған, оның немересі өзінің ақылдылығы, мықтылығымен аты шықты. Оның қарауындағы рулар бір-бірімен тату, тығыз қарым-қатынаста болды. Олар Алтын Ордаға қарайтын хандардың қол астында жайлы қоныс, жақсы жерлерге еркін көшіп жүрді. Ноғай ханның елін ешкім ренжіткен жоқ. «Ноғай» деп құрметпен атап, оларға ізет, игі ниет білдірді.
Сол ноғайлы заманында шыққан, қазақтың бізге жеткен қисса-жырларын сөз еткенде ғасырлар бойы ескірмей, жоғалып жойылып кетпей жұрттың жадында, елдің есінде сақталып, ауыздан ауызға, ауылдан ауылға тарап кейін кітап болып басылып жұрт игілігіне айналған олар қазақ халқының бүгінгі биік мәдениетінің сол ноғайлы дәуірінде қалыптаса бастағанын дәлелдейді. Бұл дастандар батырлар жыры, ғашықтық жырлар болып екіге бөлінеді. Олардың алғашқысына «Қобыланды», «Шора», «Едіге», «Алпамыс» «Қамбар батыр» «Ер Тарғын», «Ерсайын», «Ер көкше», «Ер Қосай», «Ер Төстік», «Жабай батыр» жыр-толғаулары, Орақ, Мамай, Қарасай жырлары жатса, соңғысына «Баян-сұлу», «Қыз Жібек» жырларын жатқызуға болады. Олардың қай-қайсысы да кейіпкерлерінің адамгершілік рухани қадір-қасиеттері, тамаша тапқырлығы, асқан ақылдығы мен төрбиелік мәнінің тереңдігімен көзге түседі. Олардың оқиғалары адамдардың аңсаған арманы, тәңіріден қол қусырып сұраған өтініш тілегімен ұштасып жатады.
Елдің тыныштығы мен халқының жайын ойлаған, ел қамын қара басының қамынан жоғары қойған батырларды казақ жоғары бағалаған. Осындай қасиеттің иесі Ноғайлы елінің алпыс үйлі орынды, тоқсан үйлі тобырлы кедей ауылынан шыққан қара қасқа атты Қамбар батырдың ерлік дастаны ноғайлы заманының тамаша туындыларыны бірі. Онда Қамбар өз елінің, өзі өскен кедей ауылдың кереметтей қамқоршысы болып, жан серігі қара қасқа аттың терін құрғатпай ерте кетіп, кеш оралып аң аулап аз ғана ағайынының талшық қылар тамағын тауып жүрген, бір тоға елді аузына қаратқан батыр ретінде суреттеледі. Оның желден жүйрік құмай тазысы, құстан құс қоймайтын сұңқары, қашқан аңды қуса жетпей қоймайтын тұлпары, жеткен аңын шаншып алатын найзасы, атса мүлт жібермейтін садағы, ұрса құлататын айбалтасы болады. Ол аң патшасы арыстан мен жолбарысты да олжалап кете береді екен. Атақ-даңқы алысқа тараған Қамбарға ноғайлы-өзбектің өрелі байы Әзімбайдың сұңғыла сұлу Назым атты қызы ғашық болады. «Қапысын тауып жолығып талай байдың баласы ғашық болса да бірін өзіңе тең көрмеймін. Сен елге тұлға болғандай адамсың, - сондықтан сені қаладым. Атыңнан түс, ауылға қонақ бол», - дейді. Бұған Қамбар «Сен шалқыған байдың қызысың, мен кедеймін, мен саған тең емеспін. «Іздеген асылың, мен емес таңдап тиерің, ыңырсыған байлаған, көшкенде топтап айдаған, мастығы шығар биенің! Байларды шалқар көл қылған, кедейді құла шөл қылған, жарлығы күшті иенің...» - дейді.
Әзімбайдың Назымнан басқа алты ұлы бар екен. Назымның Қамбармен сөйлескенін көрген олардың кейбірі Назымның жалғыз атты кедейге бейіл көрсеткенін ар көреді. Олардың бірі Алшы Ораз басқаларына Назымды Қамбар сынды батырға бермегенде кімге бересіңдер? Малдың көптігіне мастаңбаңдар, - дейді. Сол екі арада қалмақтың ханы Қараман Әзімбайға Келмембет деген уөзірін көп әскермен «қызын маған берсін» деп елші етіп жібереді. Ол келіп ханының мықтылығын айтып, қызын ханға бермесе істің насырға шабатынын, елінің шабылатынын айтып қоқан-лоқы көрсетеді. Мұны қорлық көрген Назымның ағалары Келмембеттің құлақ, мұрнын құңтыйтып кесіп, өзін сабап-сабап еліне қайтарады. Ыза болған қалмақ хан бұларды шабуға жиналады. Мұны білген Әзімбай Қамбарға хабар беріп қалмақтан қорға деп тілек қылады. Қамбар қалмақтың ханы Қараман мен жекпе-жекке шығып, оны өлтіріп, бірнеше күн соғысып әскерін жеңеді. Жеңіс тойынын үстінде халық қаншама жасау жиһазбен Назымды Қамбарға қосады. Сөйтіп шаруасы шалқыған Әзімбай баймен тоқсан үйлі тобырлы, алпыс үйлі арынды кедей ауылы құда болады. «Баймен бай құда болса арасында жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса арасында дорба жүреді, бай мен кедей құда болса сызданып зорға жүреді», - деген теңсіздікке жол шықпай, іргелес екі ел бай мен кедей болып бөлінбей мың жылдық құдалық жолымен барын бөлісіп, жоғын қамдасып, тату-тәтті өмір кешіп, мұраттарына жетеді.
Халқына қамқоршы болған қара қасқа атты Қамбардың, ел қамын жеген Едігенің, атағы шартарапқа тараған Алпамыстың, корқу сескенуді білмейтін Қобыландының, Шора, Ер Кекше, Ер Қосай, Ертөстік, Орақ, Мамай, Қарасайлардың да қасиеті қандай жаудан да жүрегі шайлықпаған ерлігі, қажымайтын қайсарлыгы, тайсалмайтын табандылығы болса, екінші бір қасиеті еліне, жұртына, халқына деген шексіз сүйіспеншілігі, халқы үшін құрбан болуға даярлығы, арға, намысқа адалдығы, аталардан қалған адамдық мұраттарға беріктігі. Олар ел азғанда, заман тозғанда бүргеше көбейіп, залымдыққа, арамдыққа, қулыққа, сұмдыққа үйір болып, ар намысты ойламайтын тәубәсіздерге тіпті де ұқсамайды! Сондықтан да оларды халық сүйеді, қадірлейді. Олар кейбір жөнсіз істерге барса да, мәселен, Қобыланды жолында тап болған, өрісте жатқан қалмақтың ханы Көбіктің жылқысын айдап кеткенде де жырды оқушы дұрыс жасаған екен деп отырады. Өйткені қалмақ қазақты қан жылатқан, қашаннан бері жау болып тиылмай келе жатқан жауы болған. Сол қалмақ ханының қызы Қобыландыға ғашық болып, сол үшін әкесінің өліміне себепші болуы да кісі нанбастық оқиға емес. Өйткені Қобыланды әділдік үшін күреске шыққан, ноғайлының жерін, елін, қаласын азат ету жолында жүрген айтулы батыр. Мұндай адам ешқандай қиындыққа мойымайды. Мойыса да сыр бермейді. Өйткені... туған туысқаны, ел-жұрты жыламасын, қайғырып қара жамылып жасымасын дейді.
Қазақтың қыздары қашан да сұлу болған. Олардың ажарын ашып тұратын ақылдысы да аз болмаған. Қазақ «Сұлу сұлу емес сүйген сұлу», «Әр әйел өзінше сұлу», «Өмір көркі әйел» дейді. Сондықтан да әйелге, жаңа өсіп келе жатқан жасөспірім қыздарға қойылатын сын, талап қатал болып келеді.
Қыздың жақсы болмағы өзінен. Олардың ажарлысы - сұлу, ақылдысы - сүйкімді болып келеді. Жалпы адамға әрқашанда ерлік, өзімшілдік тән. Бұл да керек қасиет. Өйткені өзін сүймейтін адам болмайды. Бірақ шамадан тыс өзімшіл болмау керек. Қырық қыздың хикаясын білесіз бе. Қыздар жігітті тамақтандырып, есін жыйғызып, өздерінің оны өлтіретінін айтады. Қазақ «Қыз қылығынан» дейді. Қыздың ақыл-парасаты көп жағдайда қылығынан, жүріс-тұрысы, әдет, машығынан байқалады. Ер жігіттің ақылы көргенділігінен, халыққа, ағайын-тумаға, ата-анаға, елге деген сүйіспеншілігінен, қайрат жігерінен, батырлығы, батылдығынан байқалады. Ертеде айтылатындай: парасатты, пайымды серпіп тастар уайымды, сезімтал да сабырлы, басатын ушу дабырды, батыл да жігерлі, қиялы ұшқыр өнерлі, қырағы да білікті, жан әлемі от пен судай көрікті ұл болмаса, «ас жеп, аяққа тышар, боза ішіп, балаққа құсар» - сүйегіңе таңба салатын надан ұлдан пәтуа болмайды. Ақылды адамға ізгілік адалдық, имандылық тән болады. Арам мен адалды айырмайтын, сұмдығына сырық бойламайтын, қулыққа келгенде алдына салмайтын, сонысымен шен-шекпен киіп атақ алып жүргендер о заманда да болған, қазір де бар. Адамзатты аяқтан алып, ұшпаққа шығармай келе жатқан солар. Сұлулықты, жарасымдылықты сөз еткенде таразының екі басындағы осындай кереғар, бір-бірінен қарама-қарсы тұрған қасиеттерді еске алмауға болмайды.
Сұлу кыздар «Қыз Жібек» дастанында аз кездеспейді. Жібекті көрмек болып келе жатқан Төлеген талай сұлуларға жолығады. Солардың бірі - Алтын шыны кеседей, екі көздің шарасы, бейістен шыққан шамшырақ, көзінің гауһар карасы, туған айдай иілген екіқастың арасы, сымға тартқан күмістей он саусақтың саласы, сондай-ақ болып туар да адамзаттың баласы, - деп суреттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |