Бақылау сұрағы: 1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениетіне сипаттама беру.
2.Алтын Орда дәуірінің әдеби мұраларын атау.
3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері жөнінде не білесіңдер.
Әдебиет: Н-5,10, Қ-17,18
№ 12-13. Тақырыбы: XV-XVII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті.
Мақсаты: XV-XVII ғғ. Қазақ хандығын құрылу тарихын еске түсіріп, қазақ халқының мәдениетіне талдау жасап, сипаттама беру.
Жоспары:
1. Қазақ хандығының құрылуы – ұлттық мәдениеттің қалылтасуының негізі.
2. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті, ауыз әдебиеті, жыраулары.
3. Қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі.
1. Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп мал өсіріп, жан бағып жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалык топка жіктеліп, қазақтың халық болып қалыптасуы нөтижесінде КУ ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы құрылды. Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды. Ол шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа бірігіп, егеменді ел болу тілегін іске асырды. Олардың этникалык жер аумағын бүтіндеп, ежелгі қазақ жерінің алғашкы шекараларын белгілеуге мүмкіндік туғызды.
Қазақхандығының шаңырағын көтерген Ақ орданың ақырғы ханы Барақтың балалары Керей мен Жәнібек хан болды. Олар асқан ақылды, салихалы саясат жүргізіп, хандықтың алғашқы туын тіккен Жетісу, Шу, Талас алқаптарындағы қазақтардың басын қосып олардың ел болып еңсемізді көтерсек деген тілегін іске асыруға белсене кірісті. Елдің ірі феодалдарын өз төңірегіне топтастырып, олардын арасындағы алауыздықты басып, бірлікке, ынтымаққа ұйытты. Толассыз жүріп жатқан қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар үдеп, халқын күйзеліске үшыратқан көрші елдердегі қазақтарды өз кол астына тартты. Осындай жағдайда XV ғасырдың 50-70 жылдарында Дешті Қыпшақ жерінен қазақ хандығына екі жүз мың үй көшіп келді.Мұның өзі хандықтың атақ-абыройын аспандатып, қадір-қасиетін арттырды. Сонымен бірге оның қол астындағы халықтың өріс-қонысын, жер, су жағдайын кеңіте түсуді келелі міндеттердің бірі ретінде алға тартты.
Бұл тұста көп елдерде ішкі қажеттіктің сыртқы олжамен толықтырылуы айып саналмайтын. Қазақ хандары көршілес Моғолстан, Дешті-қыпшақ жерлеріндегі ел, жер, билік үшін жүргізіліп жатқан бітіспес күрестің ұрымтал тұстарын шебер пайдала-нып олардың есебінен хандықтың жер аумағын барған сайын кеңіте түсті. Олар отырықшылығы - егіншілігі қалыптасқан, қол өнері мен саудасы дамыған Сыр бойындағы қалаларды қол астына қаратуға орасан зор күш-жігер жұмсады. Бұл қалалармен қарым-қатынас жасауға көшпелі халықтар мүдделі болды. Өйткені, олар өнеркәсіптік тауарларды, күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды қалалардан алатын. Сөйтіп, XVI ғасырдың бас кезінде Сыр бойындағы көптеген қалалар қазақ хандығына қарады.
Қазақ хандығының орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ болып келсе, ол кейін Түркістанға ауысып, ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда екі жүз жыл бойы елдің астанасы Түркістан қаласы болды. Осындағы Ақ сарай хан сарайы қызметін атқарып, елдің аса маңызды мәселелері сонда шешілді. 1523 жылы Қасым хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына Мамыш, Тайыр, Бұйдаш, Ахмет, Тоғым сияқты Қасымның туыстары бір-екі жылдан отырып шықты. Бірақ олар хандықтың саяси-әлеуметтік өмірінде елеулі із қалдырған жоқ.
І532 жылы қазақ хандығының тағына Ақназар отырды.1542 жыл бойы елге билік жүргізген ол түркі тектес ру-тайпалардың басын қосып ноғай ордасын, қырғыз ағайындарды қол астына алды. Орта Азиядағы елдермен достық қарым-қатынас орнатып, біртектес халықтардың аралас-құралас, тату-тәтті өмір сүруіне қол жеткізді. 1645 жылы ол қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәңгір отырды.
Ел билігі енді Тәуке ханға тиді. Көсемдіктің қыры мен сырын жастай үйренген ол елдің береке-бірлігіне тірек болатын шараларды іске асыруға белсене кірісті. Елдің ішкі, сыртқы жағдайларын жақсарту, қазақ хандығының мәртебесін көтеру жолындағы оның жаңашылдық әрекеттері жемісті де келісті болды.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы осы айтылған хандардың тұсында казақтың шаруашылығы, экономикасы, өмір сүру дағдылары ғана емес сонымен бірге оның рухани кескін-келбеті, жұрт таныған мөдениеті қалыптасты. Қасым хан тұсында «Қасым салған қасқа жол» деген атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпының ережелері негізінде билік - заң үрдістері, елдік жөн-жоралғылары, салт-дөстүрі бір ізге түсті. «Есім салған ескі жол» деген атпен бүгінгі ұрпаққа жеткен жөн-жоралғы, тәртіп-талғам, киіз-туырлықтар арасындағы қарым-қатынаста кездесетін мал-мүлікке, іс-әрекетке байланысты дау-шарлардың шешімдері жетілдірілді. «Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқының мәдени-рухани салт-дәстүр калыптарының төл-тумалығын одан әрі шыңдай түсуге қызмет етті. Тәуке ханға кеңесші, ақылшы болған Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қарадан шыққан қасиетті билер демократиялық дәстүрлерді қалыптастыруға елеулі еңбек сіңірді. Осы тұста сөз өнерінің қадір-қасиеті артты. Халық сөз өнеріндегі тапқырлық пен ұтымдылықты, білгірлікті бағалайтын болды. Халық арасынан небір жезтаңдай жыраулар шықты. Өнерпаздық өріс алды. Сөйтіп, қазақ халқының мөдениеті, рухани тірлігі өзіндік сипаты келбетімен тұлғалана түсті.
2 .Қазақтың ауыз әдебиеті белгілі бір кезеңнің өмірдегі суреттерін, оқиғаларын, халқының басынан өткен жағдайларын көркемсөздің әртүрлі жанрында баяндап бере білген. Оның маңызды салаларының бірі -батырлар жыры. Қазақтан шыққан қорқу, сескенуді білмейтін тұлғалы батырлардың жеңісті жорықтарын жыр ететін ноғайлы дәуірінде қалған қисса жырлар сияқты дастандар халқымызда өте көп жөне олар соншалықты тартымды қызықты өрнекті болып келеді. Мұхтар Әуезов: «Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық дәлелдер батырлар өлеңінде бар. Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа соққандай барған жерін қырып келіп, жойып келіп үнемі жолы болып отырды. Хазірет ұлы Сейтбатталша батыр емес. Бұларда қазақ мінезі толық бар деуге болады. Қазақ батырларындағы негізгі мақсат: алдымен ұлтшыл болу, одан әрі діншіл болу - дейді».
Мүқаң атап көрсеткендей батырлар жырындағы шепті жарып, шеңбер бұзған еңселі ерлердің басты қасиеті еліне жеріне деген сүйіспеншілік, отаншылдық. Бұл қасиеттер Едіге, Алпамыс, Ертарғын, Кобыланды, Қамбар, Ер Қосай, Төрехан, Ер Сайын, Телағыс,Шора сияқты ежелгі қазақ даласында атақ даңқы ауыздан ауызға тарап ерлігі жұртты тәнті еткен батырлардың бәріне тән.
Қазақ ауыз әдебиетінің бай да құнарлы салаларының бірі - ғашықтық дастандары. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» сияқты лирикалық ғашықтық жырлар, әйел бейнесін жырлайтын, әйел болғанда Құртқа, Гүлбаршын, Қаракөз, Қарлыға, Назым, Ақжүніс, Қарашаш секілді бірі ақылымен, бірі көркімен, енді бірі өжеттік ерлігімен ел есінде өшпес із қалдырған әйелдерді жыр ететін дастандар казақ жерінде толып жатыр. Сондай-ақ қазақ арасына шығыс әдебиетінен келген ғашықтық, эпикалық батырлық сипаттағы өңгіме, өлең, поэма, дастан, қиссалар, мәселен «Сал-сал», «Заркұм», «Сейтбаттал», «Сейфүлмәлік», «Бозжігіт» сияқты шығармалардың қазак хиссалары деген атпен әйгілі болғган «Бақтиярдың кырық бұтағы», «Тотынама», «Қырық уәзір» т.б. секілді бір желіге тізілген қазақ халқының ауызша шығармашылдығымен, ақындығының жемісі болып табылатын нұсқалардың қазақ жерінде аз кездеспейтінін айту керек.
Халық өмірінің әртүрлі жақтарын - қоғам болмы-сын, халықтың арман-аңсарын, талап-талпынысын көрсететін қазақтың ертегілері, киял-ғажайып ертегілер, түрмыс-тіршілікке, хаюанаттарға байла-нысты ертегілер, күлдіргі өңгімелер болып бөлінеді. Олардың кейбіреулері төңірі, мүсылман діндерінің наным-сенімдерімен үштасып солардың тікелей өсерімен өмірге келген. Дазақ арасына көп тараған «Қүламерген», «Алтын сақа», «Қарамерген», «Аламан мен Жоламан», «Тазша» т.б. ертегілерде олардың бас-ты түлға-кейіпкерлері ақылды, өнегелі, үлгілі, күші бойына симайтын балуан, аса сезімтал, алыстан білетін көреген көсем, сөзге тапқыр шешен болып келеді. Өдетте хайуанаттар туралы ертегілерде уй малдары, жылқы, түйе, қой, ешкі - адамның айнымас адал досы, ал қасқыр, жолбарыс, аю, түлкі, жылан-адамның қауіп төндіруші қас жауы болып суреттеледі.
Ертегілердің Аяз би, Жиренше, Алдар көсе сияқты жағымды кейіпкерлері қайырымсыз қатал хандарды, дүниеқоңыз байларды, өділетсіз билерді өлтіре мінеп шенейді.
Әйелдердің ақылдылығын, тапқырлығын, еріне, жүбайына адалдығын дөріптейтін, олардың елдің, халықтың сүйеніші, сүйініші болғанын көрсететін ертегілер де бар. Сонымен бірге ертегілердің балалар мен жасөспірімдерге арналған үлгілері де халкымызда көп кездеседі. «Қаңбак шал», «Мыстан кемпір», «Ал-тынсақа", «Бозінген», «Өлгенқазан», «Алтын сандық», «Қырық өтірік», «Алтын балта» т.б. ертегілер жасөспірімдердің ой-өрісін кеңітіп, акыл санасын түсінігін үштайтын ғажайып туындылар. Ауыз өдебиетінің халық даналығы өмірге келтірген кең тараған бір саласы түрмыс-салт жырлары. Оның өзі бірнеше арнадан түрады. Олар қара өлең, қайым өлең, туған ел туралы өлең, төрт түлік мал туралы өлең, ата өлең, тойбастар, бесік жыры, жар-жар, бета-шар, қоштасу, сыңсыма, жоқтау, жарапазан, бөдік бақсы сарыны, шариғат өлең болып жіктеледі. Әдебиеттанушылар осылардың әрқайсысының табиғатын, тарихын зерттеп, олардың калай пайда болғаны, қан-дай жағдайда, қалай айтылатыны жөнінде терең де толымды пікірлер айтқан/ Солардың бірі көрнекті мөдениет қайраткері Ақселеу Сейдімбеков казақтың қара өлеңі туралы «Мың бір маржан» атты кітап шығарып, онда бүл жанрды ғылыми түрғыдан терең зерделеген. «Қара өлең, - дейді ол - езінің айтып түрғанындай, мейлінше бүқарашыл, көптің енері. Қотан шетіндегі қойшы да қүрық сүйреткен жылқышы да, бойжеткен қыз бен түбіт мүртты бозба ла да, өмірдің ащы-түщысын көрген көне көз қартпен ақ шашты ана да, қысқасы көшпелі қоғамдағы өлеуметтік топтар-дың қай-қайсысы да өзі басына лайық арман-аңсарын, шер-шеменін бір ауыз қара өлеңмен өнге қосып айта беретін болған. Қара өлең айту - бап та талғамайды, айрықша әнші күйшілікті де қажет етпейді. Оңаша жүріп шер тарқатуға да, алқалы топтың ортасында өзіңді таныстыруға да, ойын-тойда астарлы сезімге дәнекер болуға да қара өлең оңқай асықтай оңтайлы жанр». Бұл сипаттамаға бірдеме қосу қиын. Тек қана бір екі ауыз қара әлеңді келтірсек артық болмас.Ойласам емір деген шолақ екен, Адамдар бір біріне қонақ екен Жайнаған қызғалдақтай қызық өмір Қар жаумай, қазан үрмай солады екен -деп келеді қазақтың қара өлеңі. Ал қайым өлең -қыз бен жігіттің бір-бір ауыз өлеңмен жауаптасу түрінде орындалады. Бұлардың қай түрі де той, ду-ман, салтанатты жиын, отырыстарда айтылады. Осын-дай күні бүрын, алдын ала дайындалып өлең шығару машығын жетілдірген қыз бозбала «шай өлең, «жер-су өлеңі», «ет өлең», «қоштасу өлеңі» т.б. суырьга са-лып айта беретін болған.
Халықтың ауыз өдебиетінің қойнауынан шыққан мөдениетке қатысты айтыс жанры өлең өнерімен ақындық шабыт-шалымының қызықты көрінісі болып табылады. Мұндағы айтысқа түскен адамдар шапшаңдық, ұшқырлық, ұтымдылық, шеберлік көрсету арқылы қарсыласынан басым түсу үшін жан салысады. Мұндай айтыстар жас сөби өмірге келген шілдеханадан бастап дүбірлі ұлы тойлардың бөрінде өткізілетін болып ертеден дәстүрге айналған.
Ауыз әдебиетінің абыройын тасытып атын аспанға шығарған ақын жыршылар XV-XVII ғасырларда аз болмаған. Солардың ішінен суырылып шыққан Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа жырауларды атауға болады.
3.ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығы құрылып, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бір ізге түсіп келе жатқан кезде қазақтардың бірін-бірі көргенде үш мәрте құшақ айқастырып, төс түйістіріп, мал-жанның амандығын, денсаулықтың жайын сұрасуы, хал-жайды білісуі адамгершілік дәстүрдің ажырамас салты болып қалыптасқан. Кіші адамның жасы үлкен кісіге сәлем беріп, ізет көрсетуі, егде адамның «аманбысың» айтып, кішіге қамқоршы болуы қасиетті рәсім болған.
Әдетте, қариялар, үш байлығыңды еліңді, жеріңді, тіліңді құрметте: еліңді сыйламасаң көмусіз қаласың, жеріңді сыйламасаң кебінсіз қаласың, тіліңді сыйламасаң қадірсіз боласың. Атаның ұлы болғанша халқыңның құлы бол. Тегіңді біл, бірақ руға бөлінбе, рушылдық індет, еліңді сүй - ол саған міндет деп жастарға тілек айтып, отбасының бақыт берекесі мол болсын деп бата берген.
Казақ жерінде қарияның сөзі қасиетті есептелді. Ру, ауыл, ел болып өткізген той-томалақ жиындарда сөз алдымен жасы үлкен кісіге тиді. Келелі кеңестерде кесімді сөзді солар айтты. Қариялар ел-жұрттың қамқоршысы саналды. Олар халықты жат әдеттен, жаман дерттен сақтандырып әрқашан ауыл, елдің ақылшысы болды.
Қазақ халқының меймандостығы, қонақ жайлылығы әлемге әйгілі болып кеткен айнымас асыл қасиеті, үйге келген мейманды жылы шыраймен құшақ жайып қарсы алып, құрмет көрсетіп риза етіп шығарып салу қазақ үшін қымбатты парыз, абыройлы іс, жалтартпайтын міндет болған. Бұл салт Алаша ханнан қалған өсиет деген аңыз бар. Казақта «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз «Алаш» болғанда, үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» - деген сөз бар. Алаша хан дүние салар алдында өзінің жинаған мал-мүлкін үш ұлына бөлудің орнына төртке бөліпті дейді. Оның бірін Ұлы жүздің атасы Үйсінге, екіншісі Орта жүздің ноқта ағасы Арғынға, үшіншісін кіші жүздің Алшынына беріп, төртіншісін қонақасыға деп бөліске салмай қалдырыпты. «Конақ шығыны бөлінбеген енші» деген сөз содан қалған. «Көшпелі тұрмыс-тіршілікте бір-бірінің үйлеріне түсіп, ішіп-жегеніне ақы-пұл сұрамай, біріңді-бірің қадірмен адамдарындай қошаметтеп отырыңдар» - депті Алашахан. Содан бастап қазақ қонақты қүт санаған. Батаны «Дастарханың мол болсын, үйіңнен қонақ үзілмесін» - деп бата беретін болған.
Казақтың қауымдасып, көп болып жиналып, аяғынан тік тұрып істейтін қызметінің бірі - өлім-жітімді атқару, өлген кісіні жерлеу. Кісі өлімі отбасы үшін ғана емес, ауыл-аймаққа, бүкіл төңірекке үлкен қасірет, ортақ қайғы.
Бұл қайғыны бөлісу оны қайтыс болған, қазаға ұшыраған отбасына естіртуден басталады. Бұл үлкен білгірлікті, шешендікті, шеберлікті керек етеді. Сондықтан бұндай іске көпті көрген, сөзге шешен, тілге жүйрік беделді елағасы болып қалған ақсақал адамдар жүреді.
Қазақта той көп. Ол сәбидің өмірге келуінен басталады. Күллі ауыл болып жиналып, баланың дүниеге келуіне орай өткізілетін шілдехана, сәбиге ат беріп, бесікке бөлеу жорасы - бесік тойы, ер баланы беске келгенде атқа мінгізу, онан кейін сүндетке отырғызу тойы сияқты салтанатты рәсімдер өткізіледі. Бұл тойларға аяқ жететін жердің адамдары тойға шашу, балаға тарту әкеліп жатады. Бала атқа мінгенде жиналған жұрт күміс айшықты жүген, айыл-өмілдірік, шыбыртқы-қамшы, өрнектелген ер-тұрман сыйлаған. Ертедегі көшпелі өмір тұрмысында ер азаматқа аттан гөрі ер-тұрман табу өлдеқайда қиын болған. Қазақтар мүны жасөспірім атқа мінген алғашқы сәттен бастап ескерген.Қыз ұзату, келін түсіру - киіз туырлықты қазақтың қара шаңырағындағы сөн-салтанаты, қуаныш-қызығы мол тойлардың бірі. Бұл тойдан көп бұрын отау тігіп отбасы болуға жарап қалған жасөспірім жігітке жарды ата-анасы іздеген. «Қатын алма, қайын ал», «Ер жігіттің аты жақсы болса бір бақыт, қатыны жақсы болса мың бақыт» деп олар ержеткен баласына қалыңдықты өздері іздегенде оны дәулетті, өмір көрген тәрбиелі жанұясынан таңдауға тырысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |