Лекция сабағының әдістемесі



бет47/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
Бақылау сұрағы:
1. Көне түркі тайпаларының мәдени өміріндегі ақуалды сипаттау.
2. Түркі тілдес тайпалардан шыққан қандай ғұламаларды білесіңдер.
3. Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссаларға тоқталып, олардың мазмұны қандай?.
Әдебиет: Н-3,5,8,9,11, Қ-1,4,6,8

10-11. Тақырыбы: ХІІІ-ХV ғасырлардағы ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс,тайпалардың мәдениеті.


Мақсаты: ХІІІ-ХV ғ.ғ. ежелгі қазақ жеріндегі ұлыстардың құрылу тарихын еске түсіре отырып, тайпалардың мәдениетіне сипаттама беру.
Жоспары:
1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениеті.
2.Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары.
3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері.


1.Х-ХV ғасырларда осындай орасан зор жер аумағына иелік етіп, бір-бірімен тығыз араласып жатқан түркі тектес тайпалардың бірыңғай мәдениеті, тілі болғанын айтуымыз керек. Олардың тілі негізінен қыпшақ тілі болды.Осы тайпалардың ортақ мәдениетін қалыптастыруға әлеуметтік тәжірибелерін шыңдауда шығыс пен батысты жалғастырушы керуен жолдарының бойына орналасқан қалалардың сіңірген еңбегі аз емес.
Бұл қалалардың бірқатары жаугершілік заманда қирап, бүлініп, зардап шеккенмен кейін олар қалпына келтіріліп, жаңадан бой көтерген шаһар, кенттермен қатары өсіп, көбейіп ондағы халықтар сән-салтанатпен тұрып жатты. Сөйтіп, XIII ғасырдың орта шенінен бастап бұл жерлерде қала тіршілігі жанданып, құрылысы, шаруашылығы, мәдениеті көркейіп, олардың өмірдің барлық жақтарына ықпалы артты. Монғол шапқыншылығы кезінде зардап шеккен Отырар қаласы қайтадан қалпына келтіріліп, құлпырған қалпына түсті. Онда алтыннан, күмістен, жезден ақша шығару жолға қойылды. Ондағы күміс ақшалар тек сол жердегі ғана емес басқа аймақтарда да сауда-саттық жүргізу үшін пайдаланылды. Бұл тұста мұндай ақша шығару Жент, Кенже сияқты қалаларда да іске асты. Ақ Орданың билеушісі Ерзен хан (1320-1344) Отырар мен бірге Сығанақ қаласын қалпына келтіріп көркейтуге, Сауран, Кент, Баршынкент шаһарларында жаңа құрылыстар салдыруға көп күш-жігер жұмсады. Осы тұста кірпіш күйдіретін шеберханалар іске қосылып, оларда дайындалған кірпіштерден мешіт, медреселер, басқа да осындай сәулетті құрылыстар салына бастады. Мәселен Отырарды қазған кезде онда күйдірген кірпіштен салынған аса ірі мешіттің қаңқасы табылған.
Осы тұста аттары ауызға ілігіп, сауда жолында өсіп өркендеген көптеген қалаларды оның арасында Сайран, Ясы, Шолақ Қорған, Барукент, Саудакент, Құмкент, Тарсатөбе, Баба ата, Ақсүмбе, Созақ сияқты шаһарларды жұрт ірі сауда, мәдениет ошағы ретінде білді. Жайықтың Каспийге құятын жерінде салынған Сарайшық қаласы да шығыс пен батысты байланыстырып жатқан сауда жолының үстінде пайда болды., Бұл қалаларда үй салу, орамдарды орналастыру, көшелерді жоспарлау басқа елдегі ірі орталықтардың ықпалымен үлкен өзгерістерге ұшырады. Оларда ісмерлік, зергерлік қолөнері дамыды. Саз балшықтан күйдіріп ыдыс, сән бұйымдарын жасайтын шеберханалар пайда болды. Отырар қаласындағы осындай шеберханалардың бір-бірімен тығыз өндірістік байланыста болғаны, серіктесіп, септесіп еңбек еткені белгілі болып отыр. Бұл тұста мыстан, қоладан, қорғасыннан сәндік бұйымдар жасалатын болды. Күмістен сақина, сырға, білезік, салпыншақтар, мыстан айна, шыныдан ыдыс, құты, әсемдік заттары істелді. Өндірістің белгілі бір мақсатқа сай өркендеуі онан әрі өріс алды. Темірден жасалған еңбек құралдары, қару-жарақтың жетілдірілуі өндіріс күштерін айтарлықтай дамытты.
Қалаларда бұрынғыдан әлдеқайда жетілдірілген, өзгерген, тұрмыс-тіршілікке неғұрлым икемді, жинақы үйлер салына бастады. Оларда отырықшылыққа ауысқан бұрынғы көшпелілердің өкілдері тұрды. Бұл қалалардың мәдениеті өздерімен барыс, келіс, сауда-саттық негізінде қоян-қолтық араласып жатқан Шығыс Еуропа, Кіші Азия, Персия, Үндістан, Қытай, Шығыс Сібір, Орталық Азия халықтарының мәдениетімен тығыз байланыста, солардың әлемдік мәдени жетістіктерінің бәрін бойына сіңіре отырып дамыды.Оның мұндай жаңалықтарды игеруінде қазақ жерін басып өтетін ұлы Жібек жолының маңызы зор болды. Бұл жолдың адамзат тіршілігіне әкелген жаңалығы, қоғам мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесі көп. Осы жол арқылы жасалған байланыстың барысында Шығыс пен Батыс елдерінің ежелгі қазақ жеріндегі сәулет өнерінің дамуына да әжептеуір ықпал жасағанын байқау қиын емес. Шығыс елдерінің әсерімен ежелгі қазақ жеріндегі сәулет өнерінде соны сипаттар пайда болды. Жаңа архитектуралық стиль қалыптасты. Ертеден сақталған құрылыстардың күмбез-шатыр жүйесі жетілдірілді, жаңадан қаптама материалдар іске қосылды. Соларды кеңінен пайдалана отырып салынған әсемдік дүниесінің, сәулет өнерінің аса әсерлі туындыларының бірі Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесі. Екі жағы биік мұнаралармен тұтасқан биік порталды кіре берістен басталатын мұндагы тай қазандар қойылған Орталық зал мәрмәр құлпытастар орнатылған бейіт бөлмесімен жалғасып жатыр. Бұл зал мен бөлме үстінен зәулім күмбез бой көтерген. Орталық залдың тұс-тұсында ғибадатхана, мінәжат үйі, ас үй, кітапхана, дінбасылар бөлмесіне апаратын әшекейлі есіктер көзге түседі. Кесененің іші сырты ойып жасалған түрлі мозаикалармен безендірілген. Осы тектес сәулет өнерінің тамаша туындыларының қатарына Рабиға Сұлтан-бегім, Сырлытам кесенелері де жатады.
Ортағасырлық архитектуралық мұралар Орталық Қазақстанда, Сарысу, Кеңгір, Торғай өзендерінің бойында да біраз сақталған. Тік бұрышты, шатыр тәрізді күмбезі бар, сыртын жасыл, көкшіл, қаракөк немесе көгілдір әсем плиталармен қаптаған Алашахан, Жошыхан, Болған ана кесенелері сол ортағасырдан азбай, өшпей бізге жеткен ескерткіш мұралар.
Қала қолөнершілері егіншілік-диқаншылықпен айналысатын отырықшы тайпалармен тығыз байланыс жасап тұрды. Егіншілік құралдарын, құдықтан шығырмен су шығару тетіктерін жасап беріп, күнделікті өмірге еңбектің өнімді әдістерін енгізуге көмектесті.
Бұл жерлерді жайлаған елдердің ертедегі тұрғындарынан кейінгіге мирас, мұра болып қалған баға жетпес асылы - киіз үй.
Ол оғыздар заманында пайда болған. Олардың әміршісі Оғыз-қағанды казақтар Уызхан деп атаған. Қазақтың белгілі мәдениет қайраткері Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің «Қазақ шежіресі» деген кітабында Уызханды арғы тегінен бастап таратып, қазақ соның тұқымы деген қорытынды жасайды. Киіз үйдің шығуы да соның тұсында іске асқан, ол осыған орай уыз үй атанған дейді. Арғы аталардың шеберлігінің тамаша үлгісі болып табылатын киіз үйдің негізі айқыш-ұйқыш көктелген уықтардан құрастырылған керегеден тұрады. Керегелер жиылмалы қанаттарға біріктіріледі. Олардың жоғарғы жағы үй күмбезінің төбесі, өрі терезесі болып саналатын шаңырақпен ұштастырылып бекітіледі. Керегенің сыртынан әр алуан түске боялған жұмсақ жүн оралып, өрнектеліп тоқылған ши ұсталады. Киіз үйдің сықырлауық деп аталатын есігі, оның сыртынан ораулы шиден тоқылған, оюлы киіз қаптаған жаппасы болады. Киіз үйдің ішіндегі оң жақтағы төсекті әдетте шымылдықпен қоршап қояды. Оған жалғас орналасқан сүйекті жүкаяққа көрпе-жастық жиналады. Оның жанында сандық, әбдіре қойылады. Үй-ішіне түскиіз, кілем, алаша ұсталады. Еденге текемет, кілем төселеді. Ауқатты үйлерде кереге, уық сырланып жез, күміс алтынмен айшықталып ою-өрнектермен әсемделеді. Киіз үйлердің «қазақы киіз үй», «қалмақ киіз үй» деп аталатын үлгілері бар. Соңғысы шошақ болып келеді де, қазақ үйлер еңселі, иығы шығыңқы дөңгелек күмбезі болады. Олар жорық немесе көші-қоны үйі, тұрғын үй, қонақ үй немесе салтанат үйі болып қанаттарының санына қарай бөлінеді. Бұл үйлер сегіз қанаттан жоғары қарай салтанат үйі болып есептеледі. Алты қанат үй - ақ үй, сегіз қанат болса - ақ ала орда, он екі қанат - ақ орда, он сегіз қанат - ақ шаңқан, жиырма төрт қанат - алтын үзік, отыз қанат алтын орда деп аталады. Кейінгілерінің түндігін, шаңырағын көтеруіне биік баспалдақтар, аттылы жігіттер пайдаланылған. Мұның өзі бұл үйлердің қаншалықты биік және кең болатынын байқатады. Ауасы таза, күннің аптап ыстығынан, жауын шашыннан, қыстың қарлы боранынан сақтайтын, демалуға тұрмыс-тіршілікке ыңғайлы, қолайлы бұл үйлерді көшпелі халық тез жығып, жинап, барған жерінде аз уақыттың ішінде құрастырып, тіге салатын Оның қасиеті талай өлең жырға да өзек болған. Қытай
халқының атақты ақыны Бо-Цзюй-Идің «Киіз үй» деген өлеңі белгілі ақын Несіпбек Айтовтың аударуында бұл тамаша өнер үлгісін былайша жыр етеді:
2.VІІІ -XV ғасырларда мейманасы тасып, дүрілдеп Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі үлан-ғайыр өлкені алып жатқан Алтын Орда Қазақстанның, Орта Азияның, Шығыс Еуропаның түркі тілдес тайпалары-на хазар, қыпшақ, огыз, орыс, армян сияқты халықтар қоныс еткен орасан зор, кең байтақ жерлерге билік жүргізді. Оның қол астында сән-салтанатқа бөленген ондаған ірі қалалар, мыңғырған мал өсіріп жасыл шөбі бар жайылымды, жарқыраған суы бар өзен-көлді сағалаған малшы қауымдары егін егіп, дән өсіріп, диқаншылықпен айналысқан Еділ бойының тұрғындары болды. Егіншілік пен Еділ бұлғарлары, орыстар, армяндар, гректер, хазарлар шұғылданса мал шаруашылығымен түркі тілдес тайпалар айналысты. Алтын Орданың Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Сығанақ, Үргеніш сияқты қалаларын әртүрлі тайпалар мен халықтардың еті тірі, епсекті, дәулетті, дәулетсіз әртүрлі адамдары мекен етті. Олар зергерлікпен, сәулетшілікпен, қолөнер кәсібі, сауда-саттықпен айналысты. Алтын Орданың Батыс Еуропа, Мысыр, Үндістан, Кіші Азия, Қытай елдерімен сауда-саттық, мәдени-экономикалық байланысын дамытуда бұл қалалардың рөлі зор болды.
Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі тілдес тайпалардан, оғыздар мен қыпшақтардан болғандықтан Алтын Орда, Ақ Орда дәуірлерінде көне қыпшақ тілі ресми әдеби тіл ретінде қолданылды.
XIII ғасырда қыпшақ тілі Батыс Еуропа жиһангездері мен саяхатшылар үшін халықаралық тіл болып есептелсін» - делінеді бір құжатта. XIII ғасырдың екінші жартысында жазылып XIV ғасырдың басында, қыпшақ тілін насихаттау, бұл тілдің басқа негізгі тілдермен баламасын түсіндіру мақсатымен ізгі, зиялы қауымға арналған «Кодекс Куманикус» атты кітап шығарылған. Мемлекетаралық қарым-қатынаста кеңінен қолданылатын ресми тілдер Еуропа елдерінде Латын, Азия елдерінде парсы, Алтын Орда елдерінде - қыпшақ тілі болғандықтан кітапқа осы үш тілдің латынша - парсыша - куманша (Куман-қыпшақ деген мағына береді) сездігі енгізілген. «Кодекс-Куманикус» немесе «Қыпшақтың жазба кітабы» деп аталатын бүл басылымның шығуы қыпшақ тілінің әлемдік сипатын танығандық. Сонымен бірге бүл кітапты шығарғандағы тағы бір мақсат христиан дінін уағыздау еді. Оның пайдасы жайында кітапқа түрлі уағыз-өсиет, Христостың өмірі, Мария ананың еулиелігі, киелі Апостол жөніндегі аңыз-хикаяларды енгізе отырып оны шығарушылар христиан дінін насихаттауды, оның артықшылығына жұүртты таңдандыруды ез алдарына міндет етіп қойған.
ХІІІ-ХҮ ғасырдағы Алтын Орда дөуірінің әдеби мұраларына жататын бұдан басқа да кептеген туындылардың бар екенін айту керек. Ақын Хорезми жазған «Махаббат наме» солардың ішіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі. Алтын Орда ханы Жәнібектің түсында өмір сүрген Хорезми сол Жәнібектің Сыр бойындағы өкімі Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойьшша 1353 жылы осы дастанды жазған. Оның Лондондағы Британия музейінде сақтаулы тұрған екі нұсқасы бар. Дастанның мазмұны мен бүкіл болмысы бүгінгі жұртқа сол нұсқалар арқылы жетіп отыр. Алтын Орда қыпшақтарының тілінде ғашықтық, сүйіспеншілік тақырыбына жазылған бұл туындыда бір жігіттің сүйген қызына деген ынтық жүрегінің ыстық лебі, шынайы сезімі жыр болып төгіледі. Мөлдір де таза кіршіксіз махаббаты пөк көңілдің жан сырын жырға толғана қосқан жас жігіт өзінің ол қызды не үшін сүйетінін айтып, сын-сипаты, ақылы мен ажары бөлек жаратылған оған ешкімнің тең келмейтінін, сондықтан да көңілі одан басқа жанды қаламайтынын тебірене толғайды. Басқаға басы байланып, бұрынырақ таңдау жасаған қыздың жігітке берер жауабы болмайды. Мұның өзі жас жігіттің үмітін өшірмей оны үзбей хат жазып зары мен мұңын үсті-үстіне айтуға мөжбүр етеді. Ақыры жігіт қыздың оған бұйырмайтынын түсінеді. Бірақ соның өзінде де мәңгі бақи оны сүйіп, тәңірі силаған махаббатын ардақтап өтетінін айтып: «Көңілге өзгені жуытпан, жырақта жүрсем де өзіңді ұмытпан, дейді. Азапқа шыдайды ғашықтар, тартады жазаны, сүймеген адамнан мың артық сүйгеннің азабы», - деп ғашықтық азабының ауыр екенін, осы азапқа сүйенгені үшін өле-өлгенше шыдайтынын паш етеді.
Сүйіспеншілік тақырыбына жазылып, мазмұны жағынан «Махаббат-наме» мен үндесіп жатқан Алтын Орда өдеби мұраларының бірі «Хүсрау-Шырын» деп аталатын Хұтып Шайырдың дастаны. Алтын Орда хандығының астанасы Сарайда өмір сүріп, тіршілік еткен Хұтып оны 1341-1342 жылдарда жазған. Оған негіз етіп әзірбайжан халқының ұлы ақыны Низами-дың «Хұсрау уа Ширин» деп аталатын поэмасын алып оны өз елінің өміріне, жағдайына орайластырып жыр еткен. Дастан оқиғасы қызық. Иран патшасының парасатты, ақыл-ойы кемелденген жалғыз ұлы Хұсрау патша сарайындағы суретші досы Шапурдың айтуымен Армян елінің билеушісі Мехинбанудың жиені Шырын атты сұлуға ғашық болады. Сол қызбен арамызға дәнекер болып мені соған таныстыр деп қолқалайды. Суретші Шырынның елінде болып сұлудың серуен құратын бағына Хұсраудың суретін іліп кетеді. Оны көріп жігітті ұнатқан, көруді арман еткен Шырынға Шаһүр Хұсраудың оған ғашық екенін айтып, арнайы беріп жіберген алтын жүзікті табыстайды. Осының артынша жүздесіп көрісуге ынтыққан екі жас елдерінің шекарасына барып, сол жерде кездесіп бір-бірін қатты ұнатады, сүйеді, мәңгі-бақи бір болуға сөз байласып уәде етіседі.
Міне, осы кезде екі жастың өмірінде күтпеген, ойламаған оқиғалар болып оларды өз иіріміне тартып әкетеді. Енді Шырынсыз өмір жоқ деп махаббатына мас болып жүрген Хұсрау әкесінің қайтыс болғаны жөнінде хабар алады. Еліне оралған оны дұшпандары патша тағына отырғызбайды. Әкеден бір, тақтан екі айрылған ол Шырынға келіп «қосылайық» дейді. Шырын «асықпа, алдымен Иран тағын иелен» деп көптеген кеңестер айтады. Осы кеңеспен Үрумге (Византияға) аттанған Хұсрау онда біраз уақыт болып Үрум патшасының қызы Мариямға үйленіп, атасынан әскер алып еліне келіп, Иран патшалығының тағын йеленеді.
Осы тұста Армения патшасы Мехинбану өліп, оның орнына таққа Шырын ие болады. Оның тұсында ел көркейіп, қалалар гүлденіп, халыктың тұрмыс-тіршілігі жақсарады. Ел қамын, халық бақытын қастерлеген Шырын шөл далаларды суландыруды қолға алады. Оны іске асыруға Фарғад деген ұста жігіт орасан зор еңбек сіңіреді. Патшасының ақылы мен көркіне, білгірлігіне тәнті болған Фарғад Шырынды ғұмырлық жары етуді армандайды. Мұны ел біледі, Хұсрау да естиді. Ол Фарғадқа осынау төбесі көкке жеткен Бесотын тауын қақ жарып әскеріме жол ашсаң, Шырын сұлу сенікі болады, - деген шарт қояды. Оның орындалмайтынына шын сенеді. Фарғад мұны істеуге жанын сала кірісіп, тауды қақ жарып жол салып шығады. Бұл хабарды алып Фарғадтың алдында шарасыздығына көзі жеткен Хұсрау оған бір кемпір арқылы Шырын өліпті дегеп хабар жеткізеді. Бұған шыдай алмаған Фарғад өзін өзі өлтіреді.
Осы тұста Мариям қайтыс болып, Шекер деген сұлуға үйленген Хұсрау ұзамай одан да айрылып, Шырынға сөз салады. Ақылы асқан сұлу патша Хұсрауға алдымен тозып-азып бара жатқан елдің жайын жақсартуға кеңес береді. Оның осы кеңестерін іске асырып, келелі істермен айналысып жүрген Хұсрауды, оның күндестерімен келісіп Мариямнан туған баласы Шеруя қапыда өлтіреді. Сөйтіп тақты иеленген ол Шырынға үйленбекші болады. Оның әрине сәті түспейді. Шырын келіспейді.
Ақылды, парасатты патша әйел қол астындағы құлдарына бостандық жариялап, мал-мүлкін, бар дәулетін кедейлер мен кем-кетіктерге таратып беріп, тірлігін, алғашқы махаббатына құрбан етіп, Хұсрау қабірінің басында өзіне өзі қанжар салып өледі. Осын-дай шым-шытырық, күрделі оқиғаға құрылған адамгершілікке, адалдыққа, ел қамын қастерлеуге, махаббатты қадірлеуге үндейтін тамаша шығарма осымен аяқталады.
Алтын Орда дәуірінен әдеби мұра болып кейінгіге жеткен бұдан басқа да туындылар аз емес. Саиф Сарайдың «Түрік тіліндегі Гүлстан», Дүрбек акынның «Жүсіп-Зылиқа» дастандары, Әбілғазының «Түріктер шежіресі», Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-намесі» сияқты шығармалар Алтын Орда мемлекетінің әдебиеті мен мөдениетінің, рухани болмысының қаншалық биік, парасатты болғанынан хабардар етеді. ХІІІ-ХУ ғасырларда бүкіл әлемдік дамуда айырықша орын алған Еуроазиялық ұлы мемлекет Алтын Орданың халықтары бұл тұста өз ортасынан көптеген жыршыларды, ауыз әдебиетінің өкілдерін де шығарды. Тоқтамыс пен Темірдің арасындағы тартыстарды өз жырларына өзек еткен Сыпыра жырау, дешті қыпшақтың әйгілі жыршылары Кодан-Тайшы, Асан қайғы, Казтуған, сол кезеңнің өкілдері. XIV ғасырдың 60-жылдарында туып, жүзден аса өмір сүрген Асан қайғының кейінгіге қалдырған ғибрат сөздері көп.
3 .ХІІІ-ХҮ ғасырларда өмірге келген түрік тектес тайпалардың он сан ноғайлы кезеңінің музыкалық мөдениеті халқымыздың рухани тіршілік тынысының ажырамас арналарының бірі болды. Неше түрлі музыкалық аспаптарды - домбыраны, қобызды, сырнайды, сыбызғыны тағы басқаларын жасай білген халық оларда орындалатын өмірмен өзектес, тыңдаушысына рухани лөззат сыйлайтын небір тамаша күйлерді де шығара білген. Олардың басым көпшілігі халықтың, елдің өміріндегі белгілі бір оқиғаға әртүрлі әлеуметтік жағдайға байланысты шығарылған. Сонымен бірге олардан қоршаған орта, жан-жануарлар дүниесінен бастап, адамдардың өнегелі өмірі, қуаныш шаттығы, күйініш зары, салт санасының күйдің қүдіретті сазына айналғанын көреміз.
Сол әсем де әуезді сазымен жұртты ұйытқан қазақтың көне аспабы домбыра туралы елге тараған аңыз әңгімелер өте көп. Соның бірі Алтын домбыра жайлы аңыз. Онда ертеде аты елге кеңінен танылған бір қарт жырау дүниеден қоштасар шағы келгенде жұртын жинап «көкірегімде қаттаулы тұрған тоғыз тараудың шежіресін кімге қалдырам» дегенде, жұрт әрі ойлап, бері ойлап тоғыз тарауды қарт жыраудың домбырасының шанағына құйған дүрыс деп шешкен екен дейді. Сөйтіп оның қуыс мойнынан құйылған алтын шығып кетпесін, өрі тоғыз тараудың белгісі болсын деп домбыраға тоғыз тосқауыл перне, ал қарт жыраудың құрметіне аспаптың бетіне екінші ішек таққан екен. Осыдан оның шанағы кеңейіп, мойны үзарып, шежірелі сыр шертетін болған. Алтын домбырамен бірге қазақтың музыкалық аспаптарының бірі қобыз да халыққа ертеден белгілі. Мойны имек, шанасы ожау тәрізді, бет жағы ашық, түбі көнмен қапталған қобыз талай ғасырлардан бері ешбір өзгеріске ұшырамай пайдаланылып келеді. Бұлар қазақтың классикалық аспаптары болып есептеледі. Оған қамыстан, кейде ішін кеулеп ағаштан жасалған сыбызғыны да қосуға болады. Сонымен бірге қазақта ертеден келе жатқан басқа да фольклорлық аспаптар бар. Оларға уілдек, сазген, дабыл, даңғыра, дүдыға, дауылпаз, желқобыз, желбуаз, тоқылдақ, түяқтас, адырна, асатаяқ, керней, шыртылдауық, ауыз сыр-най, шаңқобыз, жетіген, сырнай, сақпан, дүңгіршек, бүғышақ, кемшік, сияқты аспаптарды жатқызамыз. Бүл аспаптар жаугершілік, саяткерлік жағдайда, со-нымен бірге көңіл көтеру үшін де пайдаланылған.
Халық аспаптары мен оның ішінде домбыра, қобыз бен күйлерді орындағанда олардың мағына-мазмұнын баяндайтын сұлу сырлы әңгіме аңыздар болған. Күйді тартарда елдің өткені, халықтың қасірет-қайғысы, қуаныш-қызығы немесе жеке бір батырлардың, бидің көшпелілердің бітім-болмысы туралы мол айғақты деректі әңгімелер айтылады екен. Соңғы уақытта олай істелмейтін болған. Сөйтіп, бірқатар күйлерге байланысты әңгіме-аңыздар кейінгі ұрпаққа жетпеген.
Академик-жазушы Мұхтар Әуезовтің күй аңыздары жөніндегі ескертпелер мен тілектеріне әлеуметтік заказ, қазақ әдебиеті классигінің кейінгілерге қалдырған нұсқау-тапсырмасы ретінде қараған көрнекті әдебиетші Ақселеу Сейдімбеков 1992 жылы өзінің ұзақ жылдар бойы тірнектеп, жинап жүрген күй, аңыздарын арқау етіп «Күй шежіресі» атты көлемді еңбек шығарды. Музыка фольклорына әдемі айшық, нақыш қосқан оны жаңа мән-мазмұнымен байытқан зерделілігі, зерттеушілік парасаты жанынан өнер тарихына қатысты басқа еңбектерден оқшау да биік тұрған бұл туындыда автор ертеден келе жатқан халық күйлеріне, ХІІІ-ХХ ғасырлар арасындағы халық композиторларының өмірі мен өнеріне тоқталып, олардың қолынан шыққан күйлердің қалай, қандай жағдайда пайда болып, бізге қалай жеткені жөнінде нақты деректер арқылы толық жөне тұжырымды мағлұмат береді. Кітаптың «Күй шежіресі» аталатын бастапқы кіріспе тарауында ежелгі қазақ даласында өмірге келген күйлердің шығу тарихын ол бес кезеңге бөледі. Соның үшіншісі XIII-XVI ғасырлардағы Ноғайлы кезеңінің күйлері. А.Сейдімбеков бүл тұста туған музыкалык мұралардың санатына «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», «Әмір ақсақ», «Қамбар күйі» сияқты халық күйлерімен бірге Кет-бұғаның «Ақсақ Құлан», Асан Қайғының «Ел айрылған», Қазтуганның «Сағыныш» атты күйлерін жатқызады. Осы күйлердің қалай туғанын олардың авторлары кім екенін жатық тіл, терең білгірлікпен баяндайды.
ҮІІІ-ХУ ғасырларда шыққан Асан қайғының «Ел айрылған» күйі, Қазтуғанның «Сағыныш» күйі түркі тілдес тайпалар іріктеліп, ноғай, қазақ айрылып тұтас бір халықтың, қазақ халқының өмірге келуі карсаңындағы толғақ күйі іспеттес. Олардың бұдан да басқа да күйлері болғаны туралы да айтылады. Бірақ олар бізге жетпеген.
Жалпы қазақтың музыкалық аспабы домбырада тартылатын күйлердің санын алты мыңнан асты деп айтады. Олардың бір мыңдайы XVII ғасырға дейін шыққан. Бұл күйлер бастапқы шыққаннан айнымай, ауыспай, өзгермей бізге жеткен. Бұл жөнінде Ақселеу Сейдімбеков «Ең көне деген күйлердің өзі байтақ да-ланың әр пұшпағында әуен-сазы өзгерместен бір үлгіде сақталған. Әр домбырашы, қобызшы немесе сыбызғышының орындау шеберлігіндегі айырмашылықтар болмаса, күйдің сарын-сазынан айырмашылық таба алмайсыз. Күй тілі де ана тіліміз сияқты бір тектілігімен, біртұтастығымен таң калдырады, -дейді өзінің күй мен күйшілер жөніндегі «Сонар» деп аталатын еңбегінде. (Алматы, «Жалын» баспасы, 1989 ж.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет