Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы


тақырып. Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары



бет8/15
Дата04.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171012
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
соц лекция

6 тақырып. Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары

Лекцияның мақсаты: Тұлға, индивид, жеке тұлға ұғымдарын ара жігін ашып көрсету, қоғамдағы индивидтердің алытн орны

Негізгі ұғымдар: Тұлға, индивид, жеке тұлға, адам, мәртебе

Дәріс жоспары:
1Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы.
2.Тұлға - әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі.
3.Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі мен ролі.
4.Тұлғаның әлеуметтенуі.
5.Тұлғаның әлеуметттік құрылымы және түрлері.
Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Дәрісте бұл тақырып бойынша қарастырылатын мәселелер. Тұлға мәні, әлеуметтік байланыс жүйесіндегі тұлға: әлеуметтік қызмет және мәртебе, әлеуметтік роль қоғамның өзара қатынасындағы механизмі, әлеуметтік рольдің және тұлғаның тәртібі, әлеуметтік роль жүйесіндегі тұлғаның мәртебесі, тұлғаның әлеуметтенуі: оның ролі, кезеңдері, формасы, нәтижесі.
Тұлға - қоғам мүшесі, әлеуметтік даралық санадағы адам, қоғамдық қатынастардың жиынтығын айқындайтын биоәлеуметтік өмір сүруі, әлеуметтік өмірде болып отырған құбылыстардың барлығын жинақтап, өз бойына сіңіріп алып жүрген адам. Дәрісте қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін ұғымдардың орны ашылады: индивид, даралық, тұлға.
Тұлға және оның тәртібі, бағыты, эмоциясы және таңдауы бірнеше факторларға сәйкес анықталады: қоршаған орта, әлеуметтік байланыс жүйесіндегі жағдайы, тұлғаның ішкі ерекшелігі, оның рухани әлеуметтенуі. Адамның мәртебесіне сәйкес күтілген тәртібін әлеуметтік роль дейді. қоғам қандай жағдайда тұлғаға әсер етеді, оның ішкі әлемін ұмтылысын, тілегін қанағаттандырады т.б.
Индивид – бұл әлде бір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам мәні жағынан, әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара адам. Даралық оның өзіндік әлемін айқындайды, өзіндік өмір жолын ерекшелейді.
Сәби – жеке адам. Дегенмен, ол - әзірше дара тұлға емес. Жеке адам қоғамда өз болмысында біршама дербестік алғаннан кейін ғана дара тұлғаға айналады. Жеке адам әрқашанда қоғаммен тығыз байланыста болады. Сондықтан да, жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасқан күрделі және көп салалы қатынастарын анықтайды.
Белсенді, саналы іс-әрекет арқасында индивид (жеке адам) бірте-бірте жеке тұлғаға (личность) айналады. Адамның төлға ретінде дамуына қажетті алғы шарттарының бірі – оның табиғи қабілеттері болып табылады. Бұл негізінен қызмет объектісі болып табылатын адам өмір сүріп отырған қоғамда іске асады.
Тұлға негізінен отбасында қалыптасады. Одан әрі тұлғаның қалыптасуы отбасы – балабақша, отбасы – мектеп одақтарының ықпалымен өтеді. Тұлғаның қалыптасуына адамның (баланың) бос уақытын өткізетін ортасының, ол жүрген ұжымның әсері мол.
Қоғам, әлеуметік орта тұлғаның рольдік тәртіпті орындау механизімі жеткілікті түрде иеленеді. Бірақ тұлға өзінің дербестігін сақтайды.
Дәрісте тұлғаның әлеуметтенуіне, оның ішінде кезеңдеріне, формасы мен нәтижесіне кеңінен тоқталамыз. Әлеуметтендіру - қоғам және тұлғаның өміріндегі үлкен роль атқаратын процесс, оған қоршаған ортаның әлеуметтік жағдайдың әсері өте мол.
Әрбір жеке адамның биологиялық және психологиялық сипаты болады. Олар сол адамның тәртібін ғана анықтайды, оған даралық қасиет береді. Әлеуметтендіру нәтижесінде адам организімі адамдық тұлғаға айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет