Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы


тақырып. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация



бет7/15
Дата04.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
соц лекция

5 тақырып. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация

Лекцияның мақсаты: Қоғамның әлеуметтік құрылымның түрлерін ашып көрсету

Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік стратификация, әлеуметтік мобильділік, қоғамның таптық теорияс


Дәріс жоспары:

  1. 1.Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация ұғымдары олардың негізгі элементтері мен формалары.

  2. 2.Әлеуметтік мобилдік.

  3. 3. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері.

  4. Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бұл дәрісте әлеуметтік құрылымның мазмұнына, әлеуметтік айырмашылыәтарға және әлеуметтік теңсіздікке, әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобилділік проблемасына кеңірек тоәталамыз.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы біздің өмір шындығымызды түсіндірудің негізі болып есептелінеді. Бұл құрылымын кең көлемде алғанда қоғамды оның негізгі элементтерінің (саяси, экономикалық, мәдени, т.б.) бірлігін және өзара қарым-қатынасын сипаттайды. Бұл элементтердің әрқайсысының өз мәртебесі, алатын орны, атқаратын қызметі бар.
Әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы. Ол элементтер – белгілі мәртебесі бар және белгілі роль атқаратын жеке адам, ал осы жеке адамдар мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді: әлеуметтік, территориялық, этникалық, өлттық, демографиялық, таптық, топтық, т.б. Осы әлеуметтік құрылымның әрбір элементі өз тарапынан өзінің байланыстарына, қызметіне қарай күрделі элементтік жүйе.
Дәрісте қоғамның таптық құрылымына тоқталамыз, қазіргі қоғамдағы таптарға сипаттама беріледі. Бұл күрделі мәселе, себебі, философтарда, тарихшыларда бұл мәселеге жете мән бермейді.
Қоғамның әлеуметтік жүйесінің элементтері біртектес емес. Осы жерде табиғи және жасанды айрмашылықтарды атап, сипаттама береміз. Олардың басты себептері де, салалары да аталады.
Әлеуметтік стратификация әлеуметтанудың маңызды тақырыбы. Ол қоғамдағы теңсіздікті баяндайды. Сонымен қатар дәрісте таптарды тудыратын фактылармен негіздерге сипаттама беріледі: меншік, ондағы адамның орны, білімі кәсібі атақ - даңқы т.б. Ол қазір бар, қоғамдық өмірде орын алып отыр. қоғам тек таптан тұрады деген Маркстік көзқарастың қателігі де сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет