Лекция сабақтарының толық мәтіні 1 Модуль. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы


тақырып Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде



бет3/15
Дата04.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171012
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
соц лекция

3 тақырып Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

Лекцияның мақсаты: Әлеуметтік жүйедегі қоғамның орнын көрсету

Негізгі ұғымдар: Қоғам, әлеуметтік жүйе, қоғамның типтері, социологиялық ақиқат.

Дәріс жоспары:

  1. 1.Қоғамның жүйелік ұғымдары мен принциптері.

  2. 2.Қоғамның типтері, белгілер және даму заңдары.

  3. 3.Қоғамдық прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар, қоғамның қызметі.

  4. Әдістемелік нұсқау: Интернет ресурстар


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның адам сияқты жануарлар дүниесінен өзінің салалығымен және мінез-құлқымен түбегейлі ерекшелігін көрсетеді. Қоғам – адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір сүреді. Қоғам адамдардың кез-келген механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты, орнықты және мейлінше тығыз өзара ықпалы мен өзара әрекеттерінің негізінде құралатын бірлестік. Күнделікті өмірде ұғымы жиі айтылып, әр түрлі мағынада қолданылады – адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілер қоғамынан бастап Қазақстан қоғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы, өзін-өзі толықтыру, өзін-өзі қамтамассыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.
Әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықытама беретін болсақ, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және төрақтылығымен төтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен қөндылықтар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатын бірлестік. Ал тар мағынада француз, жапон, т.б. елдерде қоғам мағынасында айтылады. Бөл жерде қоғам деп тарихи, социомәдени және басқа да ерекшеліктермен көрінетін нақты қоғам түрі түсіндіріледі.
Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екенін өткен және бүгінгі әлеуметтанушылар толығымен мойындағанымен адамдар қоғамға бірігуінің басты негізі не деген сауалға түрліше жауап береді. Мысалы, француз ғалымы Э.Дюркгейм рухани ақиқат, неміс ғалымы М.Вебер адамдардың өзара әрекеті, К.Маркс адамдар қатынастарының жиынтығы, америка әлеуметтанушысы Т.Парсонс адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, өлттық шығу тегінің бір болуы деген.
Демек, қоғам ұғымының мазмұнын ашатын анықтамалардың бәрінде қоғамның төрақтылығын құрайтын жүйе элементтері қарастырылып, қоғамның бәрі бір тектес емес екендігін, көп жақты және әр түрлі сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді қосқанда олардың өзіндік ішкі қөрылымы және қөрамы бар екендігін, көп жақты және әр түрлі сипаттағы әлеуметтік қөбылыстар мен процестерді қосқанда олардың өзіндік ішкі құрылымы және құрамы бар екенін көрсетеді. Қоғамның құрамды элементтеріне адамдар, әлеуметтік байланыстар мен әрекеттер нормалар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар және қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар және т.б. жататынын айтуға болады. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен өзара байланысты болып, қоғамда ерекше орын алып, рөл атқарады. Сондықтан әлеуметтанудың міндеті – қоғам құрылымын анықтау оның ең маңызды элементтеріне ғылыми сұрыптау жасау, олардың өзара байланыстары мен өзара әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу. Түптеп келгенде, әлеуметтік ққрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтайды. өйткені, қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзароа байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа интегралды, жүйелік жеке заңдар бойынша өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.
Қоғамның жүйелілігін көрсететін өғымдар мен негізгі принциптері бар. Оларды жете түсіну үшін ең алдымен жүйе, құрылым, т.б. ұғымдарын сараптап, білу қажет. Жүйе деп өзара бір-бірімен байланыста болатын және тұрақтылықты құрайтын тәртіптелген элементтердің жиынтығын айтады. Бұл ұғымды түсінуде элемент сөзі маңызды роль атқарады. Элемент деп отырғанымыз – объект. Объектілердің тікелей қатысуымен жүйе құрылады және өмір сүреді. Объектілерсіз немесе элементтерсіз жүйе ешқашан өмір сүре алмайды. Бірақ жүйеге енген элементтер жүйеге тән қасиеттерді және тәртіп (реттілік) белгілерін қабылдайды. Құрылым – бұл жүйенің ретке келтіру, ұймдастырылуы. Бұл, дәлірек айтқанда, жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар мен өзара әркеттердің тәсілі.
Әлеуметтік жүйе – тұтастықты құрастыратын жүйе болып табылады, оның негізгі элементіне адамдар, оладың арасындағы байланыстар, әрекеттер мен қатынастар жатады. Бұл байланыстар мен өзара әрекеттер және қатынастар тұрақты сипат алады, тарихи процесс барысында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сондықтан да, әлеуметтік жүйе қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның, адамдардың әрекет ету саласының жемісі болып табылады.
Әлеуметтік қатынастар – жеке адамдар мен әлеуметтік топтарда болатын тұрақты және өз алдына жеке байланыс. Демек, қоғам көптеп саналатын индивидтерден, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстардын, өзара қимыл-әрекеттерден және қатынастардан қөралады.
Қоғамға тұтас жүйе ретінде қарап, оған жүйелік төрғыдан талдау жасауды ұсынушылар қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыстарының, өзара әрекетінің, қатынастарының қарапайым жиынтығы деп қараудан сақтандыра отырып, қоғамдақ деңгейде болатын индивидтердің әрекеті, байланыстары мен қатынастары жаңа сапаны сапалық тұтастық жүйені құрайтынын атап көрсетеді.
Әлеуметтік процесс – осы кез-келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі. Әлеуметтік процесс мынадай белгілермен сипатталады: әлеуметтік процестің құрамды бөлшектерінің өзара әрекет ету белгісі, объектінің жағдайға сәйкес бағытталуы, мерзімдік белгісі.
Қоғамды жүйелілік деңгейде қарастыруда детерминистік және функционалдық көзқарастар маңызды рөл атқарады. Детерминистік тұрғыдан қарастыру марксизмде анық байқалады. Бұл ілім бойынша қоғам тұтас жүйе ретінде төмендегідей жүйешеден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысы өзін жеке-жеке жүйе ретінде қарастыруға болады. Қоғамдық жүйеде жаңа функцияларды қалыпастыру еңбек бөлінісі негізінде іске асады.
Функционализм идеясы – көбіне англо-американ әлеуметтанушыларына тиесілі. Функционализмнің негізгі ережелерін ағылшын әлеуметтанушысы Г. Спенсер (1820-1903) өзінің үш томдық “Әлеуметтану негіздері” еңбегінде белгілесе, оны американдық әлеуметтанушылар А. Радкиф-Браун, Т. Парсонс дамыта түсті. Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылды.
Қорыта келгенде, қоғам дегеніміз – бұл адамдардың бүкіл негізгі қажеттіліктерін, өзін-өзі реттеуді, ұдайы өсіп-өніп отыруды қамтамассыз ететін әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өзара әрекеттерді ұйымдастырудың әмбебап тәсілі. Қоғам әлеуметтік байланыстардың реттелуімен, нығаюымен, бұл байланыстарды қолдап және дамытып отыратын ерекше институттардың, нормалардың қалыптасуы мен пайда болды. Зерттеушілер қоғамның жүйелілік принциптерімен қатар, оның типтерін, белгілерін және даму заңдылықтарын да анықтайды. тінің ортақтығы арқылы сипатталатын адамдардың ерекше қауымдастығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет