Лекция Саяси элиталар және саяси көшбасшылық


Көшбасшылық құрылымында үш негiзгi компонент кездеседi



бет4/4
Дата22.11.2022
өлшемі31,93 Kb.
#159290
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция Саяси элиталар ж не саяси к шбасшылы
1-СРС — копия (2), 6-Зерқ жұм ХНиГ каз, Документ
Көшбасшылық құрылымында үш негiзгi компонент кездеседi: көшбасшының жеке қасиетi; онда бар ресурстар мен құралдар; ол әрекет ететiн және оған ықпал ететiн ахуал /ситуация/. Бұл компоненттер көшбасшылықтың нәтижелiгiне тiкелей ықпал етедi.
Саяси көшбасшылық белгiлерi:
 өзiндiк бағдарламасының немесе жаңашыл стратегиясы мен тактикасының болуы;
 қандай да бiр топтың көзқарастарын бiлдiре және қорғай бiлу;
 бағдарламаларын iске асыру және өз қолдаушыларын жинау үшiн қажеттi сапалық қасиеттерiнiң болуы;
 қажеттi саяси мәдениет деңгейi;
 сол қоғам мен топта қалыптасқан моралдық нормаға жауап беретiн жетекшi имеджi;
 танымалдылық;
 көмекшiлер мен орындаушылар командасының болуы;
халық бұқарасының, ресми билiк құрылымының, немесе қоғамдық ұйымдардың белгiлi бiр деңгейде қолдауына ие бола бiлу;
 өз жақтастары мен сайлаушыларына керек бола бiлу;
 қоғам немесе өз тобы атынан сөйлеу бiлу.


4. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі. Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар. Саяси көшбасшылықтың дамуындағы жаңа үрдістер.
Саяси көшбасшының классикалық типологиясын М.Вебер жасады:
дәстүрлi, адамдар көшбасшылыққа сол қоғамда үстемдiк етушi дәстүр мен әдеп-ғұрыппен байланысы арқылы ие болады;
рационалды-легалды, көшбасшы өз статусын белгiлi бiр саяси шараға /бюрократиялық/ немесе механизмге /сайлау/ қатысу арқылы алады;
харизматикалық, тұрғындар арасында беделiнiң болуы.
Американ зерттеушiсi М.Херманн саяси көшбасшылықтың кең тараған классификациясын ұсынды:
 ту көтерушi
саудагер
 қызметкер
 өрт сөндiрушi
 марионетка .
Саяси көшбасшының қызметтерi:

  1. қоғамды интеграциялау, бұқараны бiрiктiру;

  2. тиiмдi саяси шешiмдердi табу және қабылдау;

  3. әлеуметтiк арбитраж және патронаж;

  4. билiк және бұқара коммуникациясы, саяси және көңiл-күйлiк байланыс каналдарын кеңейту, азаматтардың билiктен аластауын болдырмау;

  5. жаңаруды қолдау, оптимизм мен әлеуметтiк энергияны беру, саяси мақсатқа бұқараны тарту;

  6. саяси құрылысты легитимдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет