Лекция. Сәндік-қолданбалы ӛнер теориясы мен технологиясы. Жоспары



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата02.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#170853
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
CMTOVCTTACQZ02032023214854
Задания суммативного оценивания за 2 четверть, шоттар 2020, «Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы», СМБӨЖ1, перевод


7 - лекция. 
Сәндік-қолданбалы ӛнер теориясы мен технологиясы. 
Жоспары: 
1
Сәндік-қолданбалы ӛнер туралы мағлұматтар. 
2
Еңбекке дайындау мазмұнындағы халықтың сәндік-қолданбалы ӛнер 
түрлері. 
3 Ою-ӛрнек және олардың түрлері мен мазмұны. 
4 Композиция құрастыру. 
Лекцияның мақсаты: 
білім алушылар еңбекке дайындау мазмұнындағы 
халықтың сәндік-қолданбалы ӛнерін, ою-ӛрнектің мәнін теориялық тұрғыдан 
түсінеді, оларды қолдан жасауды ӛз сӛзімен айтады. 
Лекция мәтіні (қысқаша)

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері, оның түрлері. 
Қолӛнер – халық ӛмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан 
ӛміршең ӛнер. Шеберлердің қолынан шыққан қолӛнер туындыларын 
халықтың ӛмірінен, тұрмысынан бӛліп алып қарау мүмкін емес. Ӛйткені, бұл 
заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Кӛз салып, 
байыптаған түсті ою-ӛрнектерден адамзат дүниесінің табиғатпен біте 
қайнасқан ерте заманнан келе жатқан қарым- қатынасын, бӛлінбес бірлігін 
кӛруге болады. Қолӛнер шеберлері табиғат сұлулығын ӛнер туындыларына 
арқау ете білген. Қолӛнер дүние жүзінің әр халқына тән, бұл – халық 
қазынасы, ғасырлар мұрасы. 
Қазақ қол ӛнерінде пайдаланылған шикізаттың бірі және ең бастысы – 
жүн болды. Халық шеберлері материалдық табиғи қасиетіне зер салып, оны 
ӛңдеуде техникалық тәсілінің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа 
қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әсемдік, әдемілік дүниесіне де кӛңіл 
бӛле білді. Күні бүгінге дейін ӛз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі 
қолӛнер үлгілерінің бірі – киіз басу. 
Киіз басу
. Киіз басу ӛнері ӛмірінде сонау кӛне заманнан белгілі оюлап 
киіз басу ӛнерімен басқа халықтардың да айналысқаны белгілі. Бірақ туысқан 
халықтар кездесетін киізді оюлау әдісінің тәсілдері. Қазақстанның барлық 
аудандарында кездеседі. Сондықтан да, оюлап киіз басу ӛнері қазақ халқының 
еншісіне тиген қолӛнері деп атауға болады. Киіз пайдалану мақсатына 
байланысты қалың не жұқа, тығыз да мықты немесе босаң етіп басылады. 
Киіз басу ӛнерінде халық арасында кең таралғаны текемет басу, сырмақ 
ою түрлері. Текемет – тұрмыста жылу ұстағыш, екінші жағынан киіз үйдің 
ішкі интерьеріне сән басқұрлармен үндесіп, толықтырып тұрған. 
Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптаудан басталады. 
Киіз басуға кӛбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. 
Киіз басу үшін алдымен жүн сабалады. Оған ең алдымен ұзындығы 
метрден артығырақ сабау таяқ керек. Сабауды жыңғылдың, ырғайдың бүрін 
тегістеп немесе бұтақсыз жас талдың қабығын сыдырып, кептіріп жасайды. 
Жүн сабайтын жер тегіс әрі кең болуы керек. Жүнді тулақ үстінде аула 
ішінде сабайды. 


Тулақ. Тулақ - жүн сабауға арналған ірі малдың терісін шикілей керіп, 
кептіріп жасалады. 
Кепкен тулақты пайдаланар алдында сүт бүркіп жібітеді. Сонда жүн сабау 
кезінде тулақ сынып кетпейді. 
Тулақты айнала отырып 4 адам сабайды. Жүн үлбіреп кӛпсіп, біріккені 
жазылған сәтте сабауды тоқтатады. Бір киіз немесе бір текеметтің астыңғы 
бетіне қойдың ӛңкей күзем жүнінен 9 сабам жүн кетеді. Негізінен киіздің 
бетіне, текемет басу үшін күзем жүн пайдаланған дұрыс. Сұрыпталған жүн 
сабалап реттеліп келесі ӛңдеу жұмыстарына әзірленеді. Ол үшін ені екі жарым 
құлаштай 6 құлаш ши керек. Екі шиді қабыстырып бір-біріне шуда жіппен 
тігеді немесе шидің шеттік жіптерін байластырып қояды. 
Шидің бір шетінен бастап аралас жүнді біртегіс жайып салады да мол етіп 
ыстық су шашып, ұқыптап орап отырады. Осы орауды аз уақыттан соң жазып, 
әлгі жайылып салынған жүнді тегістеп жаяды. Жүн жайылған соң қазанда 
қайнап жатқан судан ожаумен алып себелейді. Су біркелкі себелу үшін 
сыпырғыш немесе тегіс тақтайға шашырата құймалап тұру керек. Су құйылып 
біткенде, жүн суға қанды деп есептеліп, шиді орап, екі шетін тұйықтап жабады. 
Бұдан кейін шиді бес жерінен қатты буып байлайды. Әрқайсысы 7 құлаштан екі 
немесе үш қосымша арқанды шидің 2-3 жерінен айқастыра ӛткізіп, екі ұшын екі 
жаққа шығарады. Егер екі арқан болса – 4 адам, үшеу болса – 6 адам қарама-
қарсы тұрып, әрлі берлі тарта жүріп жүн бірігіп қатайғанша тебеді. 
Айқастырыла салынған арқанмен кезек тартып, ауната отырып әбден 
тепкілейді. Тебу бірнеше сағатқа соқылып, ши сыртына жүн қылшықтары 
кӛріне бастағанда тоқталады. 
Егер текеметке түр салынса, шидің орауы жазылып, түрі қисаймауы 
қадағаланады. Осыдан кейін 7-8 адам киізді шидің тігісіне қарсы жарты 
сағаттай біліктеп, жарты сағаттай арқандайды. Білектеу дегеніміз 7-8 адам 
қатарынан тізерлеп отыра қалып, текеметті білегімен әрі-бері ырғап ұрғылау. 
Білектеу әбден ширап піскенше 4-5 рет қайталанады. Сонан соң шиден 
шығарып екі енін қарама-қарсы орап әкеліп бір жағын екінші шетіне жеткенше 
ширата бүктеп соқ-соқтайды. 
Бұдан кейін кезекпе-кезек оң-терісін алмастыра отырып киізді ұзыны 
қалыптағыдай болуы үшін ұзындайды. 
Бұған 10-12 адам қатысады. Енді киіз біріктіре дӛңгелектеліп, тігілген 
киізді 1 сағат тігіс ұшынан ұстап айналдыра қарпиды. Киіз қарпығанда бірікпей 
бос қалған қыл-қыбырынан тазартады. Ал текемет киізге қарағанда азырақ 
қарпылады. Осыдан кей жіпті сӛгіп, енімен орайды да қайтадан 7-8 адам 
білектеп алақандайды. Содан кейін киізді ұзыннан 3 қабаттап бүктеп, екі 
шетінен 2 адам (киіздің қақ ортасынан 1 адамды отырғызып) кезекпе-кезек 
жерге ұрып тегістейді. Содан соң күннің кӛзіне кепкенше жайып қояды. Ал 
текеметті тегістемейді, себебі алынған ӛрнегі қисайып кетуі мүмкін. 
Жүннен дайындалған тұрмыстық тұтыну бұйымдары мен тӛсеніштік 
бұйымдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет