Лекция. Сәндік-қолданбалы ӛнер теориясы мен технологиясы. Жоспары



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата02.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#170853
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
CMTOVCTTACQZ02032023214854
Задания суммативного оценивания за 2 четверть, шоттар 2020, «Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы», СМБӨЖ1, перевод
еңбекке
+
баулу

4.
 
www.nci.kz/sites/default/files/.../trud_2klass.doc 
5.
irbis.pushkinlibrary.kz/.../cgiirbis_64.exe? 
6.
sabaq.kz/tag/
еңбекке
-
баулу

7.
kz.almatykitap.kz/pages/79.jsp 
8.
45minut.org/.../еңбек-пәнінен-
күнтізбелік
-тақ.. 9. 82.118.21.126/.../page-
d173b0a7ade70dd4daa... 


7.1. -
лекция. 
Кӛркем еңбек (дизайн негізі). 
Жоспары: 
1 Сәндік-қолданбалы ӛнер бұйымдарын әзірлеу технологиялары.
2 Дизайн жӛніндегі түсінік. 
3 Дизайнерлік іс-әрекеттер. 
Лекцияның мақсаты: 
білім алушылар сәндік-қолданбалы ӛнер түрлерін 
және олардан түрлі тұрмыстық бұйымдарды жасауды, безендіруді, ою-ӛрнек 
үлгілерін қолдануды, дизайн негіздерін түсінеді, оларды орындауды ӛз сӛзімен 
айтады. 
Лекция мәтіні (қысқаша)

Сәндік қолданбалы өнер негізінде түрлі тұрмыс бұйымдарын жасау, 
безендіру, ою-өрнек үлгілерін қолдану. 
Түскиіз 
– 
сәндік үшін тӛсектің тұсына 
ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін тығыз басылған жұқа киіз 
таңдалынып алынады. Түскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, 
жібек, шұға, т.б. маталардан бетіне ою-ӛрнектер тігіледі. Қазақстанның әр бір 
ӛңірінде түскиізді сырмақ оюына ұқсас етіп жасаған. Мұндай түскиіздердің 
ортасына ою- ӛрнек салып немесе кестеленіп тігіледі, олардың кӛлемі де әр 
түрлі болып келеді. Кейде түскиіздерді үйдің жасау мүлкі ретінде пайдаланған, 
қыста суықтан қорғану мақсатында керегеге тұтқан, мұндай түскиіздерді ою-
ӛрнектер салып қалың киізден тігеді. Халық арасында зерлеп тігуді жоғары 
бағалаған. Елімізде Алматыда түскиіз фабрикасында түскиіздің түрлері 
шығарылды. Түскиізге салынатын ою-ӛрнектердің дайындалуы жалпы сырмақ 
оюын дайындауға ұқсайды. Түскиізге керекті ою-ӛрнектерді мамандар 
әзірлейді. Түскиіз жасаудың түрлі жолдары мен кӛптеген түрлері бар. Әрбір 
шебер осы бір кӛптеген халық арасына кең тараған бағалы жиһазды дайындауға 
ӛздерінің барлық шеберліктерін аямай жұмсап келеді. 
Аяққап – ыдыс аяқ салуға арналған қапшық. Аяққаптың пішіні екі түрлі: 
бірі-тік тӛртбұрышты, екіншісі ауыз жағы тік тӛртбұрышты, ал түп жағы 
дӛңгелек болады. Аяққап кӛбінесе киізден жасалады. Қажетті кӛлемде пішіп 
алынған екі бӛлек киіз бір- біріне беттестіріліп, олардың қоспасы (аузынан 
басқа бӛлігі) шуда жіппен жӛрмеп тігіледі. Тігілген бӛлігіне шашақ тағылып
жиегі кӛмкеріледі. 
Кілем 
– сәнді тоқыма жиһазы. Негізінен сәндік, бӛлме жылылығын сақтау, 
дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтынылады. Кілем тоқылу ерекшелігіне 
(түкті, тықыр), материалына (жүн, жібек, мақта, кендір талшығы), кӛлеміне (қос 
гүлді, үш гүлді, қос күмбезді, бес күмбезді), ою-ӛрнегіне (кӛгеріс ӛрнекті, 
ұласымды ӛрнекті, т.б.), бояу үйлесіміне байланысты бӛлінеді. 
Кілем тоқу 
– тұрмыс қажетіне байланысты халық қолӛнерінде ертеректен 
белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған ӛнер. Қай уақытта да «шебердің 
қолы ортақ» деген емес пе? Кілем тоқу да киіз басу сияқты кӛршілер 
арасындағы ұйымшылдық пен ӛзара кӛмек, қолқабыс кӛрсетуінің арқасында 
тындырылатын іс. Ӛйткені, кілем тоқуға бастан-аяқ 3-4 адам, құруға одан да 
кӛбірек қатысады. 
Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланатын жүннен жасалған 
бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге ӛз маңызын жоғалтпай келеді. 


Еліміздің түкпір-түкпіріне кең таралған осы бір ӛнер түрінің ӛріс алып, бай 
мазмұн-мағынаға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе, 
республикамыздың оңтүстік аудандары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет