Лекция. Сәндік-қолданбалы ӛнер теориясы мен технологиясы. Жоспары



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата02.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#170853
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
CMTOVCTTACQZ02032023214854

Иран кілемдері 
де тоқылған жеріне байланысты «Ушан кілемі», «Құла 
кілемі», т.б. болып бӛлінеді. Оның негізгі гүлдері кӛрнекті жасалып, жиектері 
әсемдеп жазылған құран үзінділерімен безендіріледі. Орталық гүлдері 8 
жапырақты «гелдерден», ал қосымша ӛрнектері әр ру кілемінде түрлі-түрлі 
«Хорасан кілемі»), ою-ӛрнегінің тақырыбына қарай жіктеліп, адам және жан-
жануарлардың ұтымды кескінделуімен, кенере әдіптерінің биязылығымен 
ерекшеленеді. 
Азербайжан кілемдері 
тоқылу үлгісіне, орнына байланысты («Ширван 
кілемі», «Қазақ кілемі») бӛлінеді. Бұл кілемдер түсірілген күмбездердің 
қонымдылығымен, ӛрнектердің биязылығымен кӛз тартады. 
Қазақ кілемдері 
де тоқылу ерекшелігіне (түкті кілем, тықыр кілем) 
материалына (жібек, масаты, қалы кілем), ӛндірілген орнына (Қызылорда 
кілемі, Алматы кілемі, Жамбыл кілемі), ру үлгілеріне (Адай кілемі, Керей 
кілемі, Қоңырат кілемі, Үйсін кілемі) қосалқы белгілеріне (шашақты кілем, 
оқалы кілем) қарай түрліше аталады. Қазақ кілемінің ежелгі тӛркіні байырғы 
сақ, үйсін, ғұн, ӛнері мұраларына саяды. Олар түркі кілемдерінің қазіргі 
үлгілеріне кӛп ұқсас - негізінен қызыл, қара, сары, күлгін аспан кӛк түстерді 
қолдану арқылы ӛз дәуірінің әдет – ғұрып, тұрмыс-салт және кәсібін табиғат 
кӛрінісімен астастыра бейнеленген. 
Қазақстанның Оңтүстік облыстарында түкті және тықыр кілемдерді қолдан 
тоқу дамыған. Олардың негізгі үлкен гүлдері «күмбу» жиектеріндегі текшелі 
ӛрнектері «қорған» деп аталып, оны қуалай күлгін түсті «су» ӛрнегі жүргізіледі. 
Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды қорғанын қуалай су жүргізілген қаланы 
елестетеді. Кейде ортанғы гүл-күмбездердің орнына «түлкі елген бүркіт», жан-
жануар немесе табиғат кӛрінісі, т.б. бейнеленеді. Геометриялық ӛрнектер 
қолданылады. 
1936 жылдан ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді кӛздейтін Алматы 
кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Шымкент қаласында да қазіргі кезде 
кілем тоқу фабрикасы озық технология үлгісімен жұмыс жасай бастады. 
Кілемді машинамен тоқу, шамамен,1825ж. Европада Франц Жаккардтың 
ӛрнекті мата және кілем тоқу ісіне пайдаланылатын машина ойлап табуының 
негізінде пайда болды. Осыдан 25 жыл ӛткен соң Ангияда машинамен кілем 
тоқу қауырт дамыды. 
Қолмен тоқылған кілемге қарағанда, машинамен тоқылған кілемнің 
беріктігі мен кӛркемдік сапасы нашарлау, ал сыртқы түрі мен ӛрнегі жағынан 
одан кем емес, әрі ӛнімділігі жоғары және арзанға түседі. Кілемші қолмен 
жылына 10-12 м кілем тоқыса, машинамен сағатына 4-5м кілем тоқылады. Ал, 
бұл кӛрсеткіш тағы да қысқару үстінде. 
Машинамен тоқылған кілем ӛндірілу әдісіне қарай – жаккардты 
шыбықшалы (тұзақшалы, яки қырқылған түгі бар), қос полотналы жаккардты 
(түгі тігілмелі), т.б. болып бӛлінеді. 
Қарапайым тықыр кілем үшін бір ӛріс және бір арқау жүйесі ғана 


пайдаланылса, түкті кілемде екі немесе үш қабат ӛріс және арқау жіптері 
болады. 
Машинамен кілем тоқуда негізгі ӛріске мақта жіп, қосарлы ӛріс пен 
арқауға кендір жіп, түк үшін жүн жіп қолданылады. Кілем тоқылып біткесін әр 
түрлі қосымша ӛңдеуден ӛтеді (мыс, түгі қырқылады, тазаланады, ыстық буға 
ұсталады, шеті әдіптеліп яки шашақ тағылады т.б.). 
Халық арасындағы кілем атаулары. 
Республика облыстарында кездесетін 
кілем түрлері де, атаулары да кӛп. Деректі материалдарға қарағанда олардың 
атаулары да әр түрлі болғанымен тоқылу технологияларының айырмашылығы 
жоқ. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, ӛзбек, түркмен, орыс, украин, молдаван, 
азербайжан халықтарының арасындағы қолмен ӛрнек тоқу ӛнері бір-біріне 
ұқсас болып келеді. Тӛменде кілемдердің халыққа кең тараған атаулары 
келтіріледі. Олар: ақ кілем, Алматы кілем, Ашхабад кілем, Азербайжан кілем, 
адай кілем, бұқар кілемі, қыпшақ ілемі, самарқан кілемі, парсы кілемі, түркімен 
кілемі, орыс кілемі, қызыл кілемі, жомең кілемі, жасыл кілем, қара кілем, 
барқыт кілем, жібек кілем, мақпал кілем, мақта кілем, құлпырма кілемі, қоржын 
кілем, тӛр кілем, қабырға кілем, намаз кілем, түкті кілем, оюлы кілем, тақыр 
кілем, шашақты кілем, шарышты кілем, жол кілем, алаша кілем. 
Алаша. 
Алаша тоқу ӛнері республикамызда кең тараған .Соның ішінде 
термелеп тоқу әдісі қазақтың ӛте ертеден келе жатқан ӛрмек ӛнерінің бір түрі 
болса, осы әдіс кӛркем заттарды тоқуға ең бір қолаилысы болып саналған. 
Термелеп тоқудың түрлі тәсілімен байланысты әр түрлі атаулары бар. Олар 
қайра теру, кежім теру, орама теру, бір түсті теру, тақық теру, түктеп теру. 
Терменің осы аталған түрлері Орталық Қазақстанда жиі кездеседі. Жіптердің 
бояуына, тоқу тәсіліне қарай алашаның тӛменгідей түрлі атаулары бар: бояулы 
алаша, бояусыз алаша, жіп алаша, мақта алаша, жүн алаша, жолақ алаша, жол 
алаша, екі қабат алаша, ӛрнекті алаша, терме алаша, тақыр алаша, кӛмкерулі 
алаша, жиекті алаша, шашақты алаша, қақпа алаша. 
Алаша қазіргі уақытта да ӛзінің бағасын жойған жоқ. Осының айғағы 
ретінде 1986 жылы Алматы қаласында ӛткізілген Республикалық қолӛнер 
шеберлерінің кӛрмесін атауға болады. Кӛрмеге қатысқан мың жарым автордың 
тең жартысы кілем, алаша, қоржын, бау, басқұр дайындайтын шеберлер еді. 
Қоржын. 
Ӛрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120см, ені 50см 
болады. Ең әуелі қоржынның ұзындығына қарап астын тоқиды, сонан соң екі 
шетінің үстіне ӛрнектелген тӛрт бұрышты екі ою салынып тігіледі. Сонда 
қоржынның екі шетінде қалталар пайда болады. Тоқылу әдістеріне байланысты 
қоржындар түкті және түксіз болып екі түрге бӛлінеді: кілем, терме 
алашалардың ӛрнектері түсірілген қоржындар жиі ездеседі. Қоржынды 
жайлауға шыққанда, күнделікті түрмыста, кӛлікпен зат жіне тамақ алып жүруге 
пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет