Дизайн ұғымының анықтамасы, негізгі ережелері.
«Дизайн» дегеніміз не? Бұл ұғым аясында біз не білуіміз керек?
«Дизайн» ұғымын қазақ тілінде қарастыратын болақ, ол – ұшқыр ой,
ұтымды ой дегенді білдіреді. Ал, оны жүзеге асыратын адамды – дизайнер
дейді. Дизайнер – кӛркем бұйымның ұтымды, оңтайлы, үйлесімді жобасын
әзірлейтін маман иесі.
Бастауыш сынып оқушылары ӛзінің сезімдік күшімен дизайндық
талаптардан философиялық және психологиялық табиғатын терең сезінеді. Оны
оқу курсын құрастырғанда негізге алу керек. Дизайнның субъективтік
ережелерін оқушылар осы кезеңде меңгереді.
Екінші сыныптан бастап, оқушыларға кӛптеген педагогикалық жағдаяттар
ұсынуға болады. Мұнда олар заттық ортаның ақпараттары туралы ойлайды.
Мысалы, сәнді құмыраның аппликациясын орындаудың алдында кӛптеген
құмыралардың бейнелерін кӛрсетіп, мына сӛздермен оқушылардың назарын
аударуға болады:
«Мына барлық құмыралар гүлдер үшін жасалған, әр құмыраның пішініне
қарай сәйкес букет салынып, сәйкес бӛлмеге қойылу керек. Солай емес пе?
Суреттерге қарап айтыңдар, осы құмыралардың қайсысына раушан гүлді салған
жӛн болады, ал қайсысына-қызғалдақты? Неге? Тағы қандай гүлдер қалған
басқа құмыраларға сәйкес келеді?».
Басқа сабақтарда оқушылар заттық ортаның күрделі проблемаларын
шешуге ойланады. Мысалы, «Біздің ұйымдарымыз не туралы айтады»
циклінде, ыдыс-аяқ жасаудың алдында мына сұрақтарға тоқталуға болады:
«Бұйымдар сӛйлесе ала ма? Иә, әсіресе біз туралы. Ӛйткені олар ӛзіміз сияқты:
байсалды және ұстамды немесе айғайшыл, тынышсыз; кӛңілді немесе кӛңілсіз;
таза немесе онша емес, …..». Мысалы, кеселер, олар неге әртүрлі? Ӛйткені,
біздің ӛміріміз дағдылы және мерекелерден, бақытты және бақытсыз күндерден
тұрады, біз де әртүрліміз, сондықтан әр түрлі кеселерді таңдаймыз. Әр түрлі
пішінді, түсті, суретті! Сенің де жақсы кӛретін кесең бар ма? Ол қандай? Айтып
кетейік, білімділік мағынасында әсіресе сабақта осы ақпарат негізгі болып
табылады, ал апликация – «заттық нәтиже» емес. Келесі әрекет былай беріледі,
берілген ақпаратқа оқушылардың зейінін аударып, оны белсенді және жете
меңгеріп практикалық жұмыста қолдануды жалғастырамыз. Заттық ортаны
адам ӛзі құрайтындықтан және табиғаттың ішінде ӛмір сүретіндіктен, барлық
дизайнерлік жұмыс проблемалары осы жағдайды ескере отырып шешілуі
қажет. Үйлесімді қолӛнер табиғатпен үйлеспеуі мүмкін емес. Сондықтан біз
дизайнерлік білім беру жүйесінде табиғаттың орасан зор тәрбиелік әсерін
қолдану мүмкіндігіне ие боламыз.
Бүгінгі таңда біз оқушылардың табиғатқа деген ойын, ынталы
кӛзқарастарын қалыптастыратын жаңа жолдар іздестіру қажеттігін түсініп
отырамыз. Осы әр бір оқу пәндері қандай үлес қоса алады? Осы орайда еңбек
сабағы басқа пәндер атқара алмайтын қандай міндеттерді ӛзіне алуы мүмкін?
Соны байқайық. Мысалы, дизайндық білім беру табиғат саласынан қамтып
қарастырады. Ол соңғы онжылдықты табиғат заңдарымен ондағы адамның
алатын орны жайлы жаңа ұғымдар қалыптастыруына байланысты; қолдан
жасалған ӛмір сүру ортасын құру кезінде табиғат заңдарын толық ескермеу
оған кері әсер ете бастады. Сонымен қатар, дидактика мен психологиялық
педагогиканың қазіргі жағдайы еңбекке баулу әдістемесінде қалыптасқан
кейбір әдістерді қайта қарауға мәжбүр етеді.
Еңбекке баулу сабақтары, дизаиндық білім беру ең маңызды екі мәселені
ашатындай етіп құру керек:
А) табиғи нысандардың конструктивтік идеялары;
Б) олардың образдарының ерекшелігі, әдемілігі және үйлесімділігі.
Бір жағынан, бұл ілімдер ерекшеленді (яғни, кӛркем құрастыру саласына
жатады). Ал екіншіден, олар әмбебап және балаларға адамның тұрып жатқан
ортасы және оның жаңалық күйде оның алатын орны жайлы түсінігін
қалыптастырады.
Еңбек сабағында осы екі жақтың бір-бірімен байланысты екендігін
байқауға болады: жетілдіретін конструкция ӛзгелерге қарағанда әдемілеу.
Табиғат нысандарында элементтерді ұйымдастырудың басқа да бірнеше
қағидаларын қарастыруға болады, бірақ ортақ идея мынада: табиғаттың ӛзіне
тән бұлжымас тәртібі бар; оны математикалық есептер арқылы тексеруге
болады, ал сырттай ол ерекше үйлесім мен сұлулық сияқты қабылданады.
Сӛйтіп біз табиғаттан жасампаздықты және оны бере білуді үйренеміз:
-
конструкцияның мейлінше ақылға қонымдылығын, сыртқы
қоршаған ортаға бейімделуін;
-
ұйымдасқандық, кӛріктілік және тәртіп;
-
симметриялық жіне ассимметриялық;
-
ритм және конструкциялармен табиғат образдарындағы басқа да
идеялар. Табиғат ӛзін сұлу және үйлесімді ету үшін белгілі бір әдістерді
қолданады.
Дизайндық білім беру аясында осы сабақтарда орынды қолданылатын
және оларды сендіретін, тәрбиелік әңгімелесуді балалармен жұмыс істеу
кезінде қолдануға болады. Дизайнерлік білім берудің барлық танымдық
аспектілерін оқушылар «жалпыдан жалқыға» қағидасы бойынша игерілуі
керек. Ол сабақтан сабаққа тиісті фактілерді жинақтау ғана емес, оларды
бірден ой елегінен ӛткізіп отыру деген сӛз. Бастапқы сабақтан бастап
оқушылардың бір ойлау қабілетін, бағытын қалыптастырып, сол арқылы
алдағы уақытта ӛз бетімен таңдап, қажетті ақпаратты интерпретациялау
мүмкіндіктерін дамыту қажет. Мысалы, бірінші сынып оқушылары қағаз
гүлдер мен мазақтаудың декоративтік композициясын аппликация
техникасында орындау кезінде, табиғат жасаған үйлесімділікті ӛз
жұмыстарында кӛрсетуге тырысады. Ол үшін сабақта міндетті түрде
оқушыларға ӛздерінің сәндік образдар табиғаттарымен салыстыруға
мүмкіндік беретін кӛрнекі құралдар қажет: мақсаттың құрылысы, гүлдің
талшықтары, балықтың денесіндегі қабығы қалай орналасқан, түрі-түсі
қандай, саны қанша? Кӛбелектің қанаты қандай, қалай орналасқан және т.б.
Әрине, ӛз жұмыстарында оқушылар табиғатты дәл кӛшірмейді, тек олардың
негізінде кӛркем образдар жасап, белгілі бір әдістерді қолданады.
Ғылыми деректер бойынша дизайнерлік ойлау қабілеті мынадай
кӛрсеткіштерден тұрады:
-конструктивтік;
-ақылға қонымдылық;
-ӛзгермелі икемділік;
-стиль мен стильдік үйлесімді сезе білу.
Қазақтың қазақ болуы ӛз елінің, ӛз жұртының салт-дәстүрі мен әдет-
ғұрпын жетік білуінен басталады. Енді ғана тарихымызды тірілтіп, баяғы
ұмыт қалғанымызды жаңғыртып, оны ӛз дәрежесінде зерттеуге зейін қойған
сыңайымыз бар, тарихымызбен сабақтас қазақтың қолӛнеріне, ою-
ӛрнектеріне кезінде жете мән берілмеді десек артық айтқандық болмас. Қазақ
елінің тыныс-тіршілігінде, тұрмысында кеңінен пайдаланып келе жатқан ата
кәсібінің тереңдігін, мол мәдениетін танытатын, алайда әлі күнге дейін жан-
жақты зерттелмей келе жатқан ӛнер саласы.
Қазақ халқы мұқтаждықты жою үшін, баршылықты молайта беру үшін,
үй жиһаздарын тиімді, қолайлы, сәнді де ұнамды етіп жасады. Соның
нәтижесінде біздің бабаларымыз бен аналарымыз кейінгі ұрпақтар үшін
кӛптеген ӛнер мұраларын қалдырды. Халқымыз от пен судың тар жол тайғақ
кешулерінен ӛтіп, ӛрнектерінің мұрасын қалдырды. Ол қолӛнер
туындыларын қазіргі музейлерден кӛруге болады.
Қолӛнер шеберлері байлыққа қосып, молшылық жасаумен қатар, сол
баршылықты байыпты етуге тұрмыстық жиһаз-мүліктерімізді сәндендіре
түсуге үлкен үлесін қосты. Қолӛнердің әсем туындылары рухани азық
болатын эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі, тиімді де
ұнамды ұлттық киімдер мен жасау- жабдықтар жасады.
Қазақтың қолӛнерін зерттеу мәселесі ерте кезден кӛптеген саяхатшылар
мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым – этнографтар, археологтар мен
суретшілердің де кӛңілін аударып келген. Қазақ қолӛнерінің ӛткендегісі мен
бүгінгі жағдайын, оның ӛзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің ӛзінде де
мәселелердің бірі болып табылады.
Халықтың қолӛнері ӛзінің тарихы мен кейбір ұйымдастыру
мәселелерінің жеткілікті зерттелмегеніне қарамастан, күнделікті тұрмысқа
қажетті қоршаған затты, кӛпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім ӛнер
ретінде, жалпы мәдени дәрежені жоғары кӛрсетуге тән дамып келе жатыр.
Кӛне заманнан келе жатқан қолӛнері ӛзінің ӛсу жолында ӛз халқының
дәстүрлі кӛркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай
сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолӛнері әр дәуірде ӛзінің ӛшпес
ізін қалдырып, әлеуметтік-кӛркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей
әсерін тигізіп отырды. Қолӛнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса
бай. Еліміз егемендік алып, ӛз салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тарихын
зерттеп , дінін, тілін қайта жаңғыртып жатыр. Онымен бірге ол күнделікті
тұрмысымызды, гүлденген ӛмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты
эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді.
Ерте кездегі авторлардың (Геродот, Ктесий, Страбон) айтуы бойынша
Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сактар мен массағаттапрдың
барлық заттары әшекейленген, киімдерінің ӛзіне тән үлгілері болған.
Мысалы, киізден жасалған тӛбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен кӛннен
жасалған жұмсақ аяқ киімдеріәшекейленген.
Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың
металдан істелген бӛлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім
мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ ат
омырауындағы ӛмілдіріктерн де мыстан соғылып, жүген-сулығыв, ауыздығы,
т.б. бӛліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген » – деп
жазады.
Қолӛнерінің Қазақстан территориясында ертеден кең дамығаны мол
деректерге сүйене сӛз болады. Оның ӛркен жаюы, біріншіден, қазақ
халқының күнделікті тұрмысына пайдалану қажеттігінен туса, екіншіден,
халықтың ӛнерді құрмет тұтып, жоғары бағалауынан туған жағдай екендігі
нақты мысалдармен баяндалады. Сондай-ақ ӛнердің әрбір саласына
байланысты кейбір аталған жергілікті жерлердегі түрлерінің ӛзіндік ою-
ӛрнектері, тоқылу, жасалу, орындалу технологиясы мен тәсілдері олардың
бір-бірінен ӛзгешеліктері де айтылады.
Қазақ халқы қаншалықты тарихи дәуірлерді басынан ӛткізсе де, ӛзінің
киіз жасау ӛнері мен киіз басып, алаша, кілем тоқу, алтын, күміс, асыл
тастардан ұқсатып неше түрлі әшекейлі ою-ӛрнек, әсемдік заттар жасайтын
қарапайым құралдарын мұра етіп сақтап қалды.
Қазақстандағы қолӛнері бұйымдарының түрлерін, қосымша түрлі
суреттер мен саяхатшылардың, елшілердің жазбалары мен археологиялық
қазбалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары арқылы
шамалауға болады. Қазақ халқын құраған этникалық топтардың қолӛнер
кәсібі жайлы тарихи мәліметтер бізді ӛте ерте заманға жетелейді.
Археологиялық қазбалар мен ескерткіштерге қарағанда, Қазақстан аймағын
мекендеген тайпалар мыңдаған жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық,
ағаш, жүн, т.б. шикізаттарды түрлі шаруашылық кәсіптері мен күнделікті үй-
ішінің мүліктеріне пайдаланып келген. Қазақ халқы ӛз ата-бабаларының
қолӛнершілік пен кӛркем ӛнердегі дағдысын мұра етіп қана қойған жоқ, оны
айтарлықтай дамытып, байыта түсті. Мұның бәрі сол замандардағы нақтылы
әлеуметтік жағдайларға, тарихи оқиғаларға, қоғам ӛндірісіне байланысты.
Қолӛнершілер қазақ ауылдарында ата бабасынан зергерлік жасап,
ағаштан түйін түйіп, металл бұйымдарынан алуан түрлі тұрмыстық заттар
жасайтын шеберлер де болды, бірақ олар ӛте аз болған. Негізінен, қазақ
қолӛнершілерінің қатары 19 ғасырда кӛбейді. Бұл туралы революцияға
дейінгі зерттеушілердің еңбегінде де айтылған.
Ол кезде қолӛнер бұйымдарын алушылар ӛте аз болды. Сондықтанда
қолӛнершінің еңбегі құнсыз болып, кейде істелген еңбек, тӛгілген терді
ақтамайтын да болды. Сол себепті қолӛнершілер бір жағынан егін, мал
шаруашылығынан қол үзбеді.
М.А. Леванский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын табиғатынан
қабілеттілігіне тек сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер
қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына
таңданбасқа болмайды. Қазақтардың тіккен аяқ киімдері ӛте берік, киюге
ыңғайлы » деп жазды.
Қазақ халқы күнделікті тіршілігіне керек заттарды ӛз қолдарымен
жасаған. Жасаған заттарын әдемілеп, әшекейлеп отырған. Бұл ӛнер түрін
қолӛнер дейміз. «Ӛнер кӛзі – халықта» демекші, халық қолӛнері жылдан-
жылға, ғасырдан-ғасырға дамып, жетіліп отырған. Әрине, жоғарыда аталған
қолӛнерлердің бірқатары ӛте кӛп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат
қоғамы дамыған сайын қолӛнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие
болды. Халықтың мәдени дәрежесі ӛскен сайын тұтыну бұйымдары мен
жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі үнемді, әрі сәнді
болуын қалады. Еңбек үстіндегі твочестволық ізденудің нәтижесінде
тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен
қатар жиһаздардың ою-ӛрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы
әшекейлермен безендірілу және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару
талабы да арта түсті.
Қазақтың ӛрнекті әшекеймен істелетін қолӛнерінің түрлері де, атаулары
да ӛте кӛп. Солардың ішінде халық арасына кӛбірек тарағаны –ою ӛрнек
ӛнері. Ою-ӛрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолӛнерінің барлық түріне
бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді.
Қазақ халқы үшін ою-ӛрнек ӛнері байырғы ұлттық ӛнерлердің ішіндегі
ең кӛнесі, әрі ең кең тараған саласы болып саналады. Бұл ұлтымыздың
мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын эмоциялық әсері
күшті, эстетикалық мәні зор ӛнер саласы.
Ою деген сӛзбен ӛрнек деген сӛздің мағынасы бір. Бұл сӛздің ұғымында
бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып
жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады .Ӛрнек
дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып,
қалыптап істеген кӛркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес.
Сәндік ӛнердегі бейнелер: кӛріністі бейне, символдық бейне және ою-
ӛрнекті бейнеде болып бӛлінеді. Кӛріністі бейне – бұйым бетінде белгілі бір
оқиғаның, ӛмірдің, тұрмыстың құбылысын кескіндейді. Символдық бейнеде
– белгілі бір идея немесе құбылыстардың шартты бейнесі болып табылады.
Символдық бейнелерге эмблема, герб, таңбалар ақшаның бейнесі, медаль,
орден сияқты заттардың бейнесі. Ою – элементтерден құралып қайталанатын
ӛрнектерді айтады. Оюда заттардың бейнесі нақты кескінделуі мүмкін, кейде
абстаракты бейнелерді де белгілі бір фигуралармен орындайды – дӛңгелек,
тіктӛрт бұрыш, ромб және т.б. формаларда.
Ою бір немесе бірнеше декоративті және фигуралардан құралады.
Декоративті элементтер қоршаған ортаның материалды дүниесінің
элементтері болып табылса, сол элементердің адам ӛміріндегі мәнінде
сипаттауға ықпалын кескіндейді. Әрбір аймақта ӛмір сүретін халықтың ӛзіне
тән ою түрлері жергілікті жерде жиі кездесетін материалды ӛмірді
элементтерінен ою болып бұйымдарында кескіндейді. Мысалы, ресейдің
солтүстік ӛңірінде балықты, шыршаны, бұғыны, түстер, жеңіл, нәзік,
кӛгілдір, жасыл, алтын түсті ӛңдер қолданады.
Орталық ресейлерде қызыл, жасыл, сары, қара түстермен бұйымдарды
бояйды. Қазақ оюында қызыл мен кӛк түстер жиі қолданады. Сол сияқты
жылы аймақтарда сары және қызыл түс жиі қолданса, батыс бӛліктерде кӛк,
жасыл, қоңыр түстер кездеседі. СҚӚ ӛнер салаларының бұйымдарындағы
бейнелер халықтың арман, идеяларыда мәнерленген. Оларды ерекше
символдардан байқауға болады. Египет оюында лотос гулі, ассиро-
вавилондықта ананас жемісі, гректерде акант жапырағы, римдерде емен және
жүзім, иранда гвоздика, раушан, ирис, нарцисс гулдерімен, сонымен бірге,
жануарлар бейнелері де кездеседі, мысалы, жолбарыс, арыстан, піл, құстар
сияқты.
Оюлар мазмұны жағынан геометриялық, ӛсімдік тектес, жануар тектес,
космагониялық болып бӛлінеді. Әрбір ою заттың қолдану қызметіне сәйкес
бейнеленеді. Безендірілетін бұйымдар ӛзінің флормалары да әр түрлі болып
келеді. Осыған байланысты оюларды жіктеуге болады: тұйық, жолақты,
торлы. Тұйық ою - ӛрнектер топтастырылып тұйық қозғалыстар
кескінделеген түрі. Тұйық ою симметрия осіне байланысты әралуан болып
бірнеше жазықтық бетінде қайталанып келуі де мүмкін.
Жолақты ою ӛрнектердің қайталанып жазық жолақ беттерде екі жақты
қайталанып отыратын ӛрнектер. Яғни, бұйым бетінде жолақ бойынша бір
жаққа немесе екі бағытта ӛрнектеліну. Торлы ою бұйым бетте ӛрнектердің
барлық бағытында орналасқан декоративті элементер. Беттің кеңістігінде бұл
ою тұйықталынады. Мысалы, кілемнің бетіндегі ою композициясы үлгі бола
алады. Торла оюда параллелограм жүйесімен декоративті элементтер
орналасады. Ол жүйенің бес түрі бар: квадратты, тік тӛрт бұрышты, кӛлбеу
параллелограмды, ромбы тектес, үш бұрышты.
Оюды тұрғызу үдерісі. Бұйымның формасы, материалдары, аспаптары
декоративті әрлеу кезінде, оның шынайы бейнесін беру мүмкін бола
бермейді. Осыған байланысты кейде оюды ӛзгерту қажет етіді. Мұндай
декоративті элементтер формасының ӛзгеру түрін стилизация дейді. Яғни,
оюдың артық элементтерінен арылу үшін ықшамдаулар орындалады.
Оюды бейнелеуде декоративті элементтердің келісімділігіне кӛңіл
аудару керек. Ою композициясында негізі болып табылатын шамалар:
ӛлшем, түстер, орталық бӛліктер болып табылады. Оюды орындау
барысында бір ізділікте жүруін сақтау қажет. Сондай –ақ, қандай
аспаптармен орындалады.
Қазақ оюы бұйымды әшекейлеуде негізгі мотив болып табылады.
Бұйымның бетіндегі оюларды қарастырғанда, қазақ шеберлері шеберлікпен
декоративті мотивтерді бұйым бетіне дұрыс орналастырғанын, барлық
композициялық заңдылықтарды нақты, соларды сақтай отырып жасағаны
байқалады. Кӛне дәуірден бері сақталған бұйым бетіндегі декоративті
мотивтер реалды ӛмірдің бейнесін кескіндеуге ұмтылған. Кілем сияқты
бұйымдар бетіндегі кӛріністі бейнелер түріндегі орындалған техника қазіргі
кездегі палас бұйымдарында орындалып жатқаны белгілі.
Қазақ оюларында таңбалар, символдар, ӛрнек мотивтері, ӛмірдің,
табиғаттың реалды құбылыстарын сипаттауға бағытталған. Қазақ оюларында
нақты тӛрт түрі жиі кездесетіні байқалады: геометриялық, ӛсімдік тектес,
жануар тектес, космогониялық. Жануар тектес оюларда қойдың мүйізі, екі
мүйізі, қисық мүйізі, сынық мүйізі, және жануарлар мен құстардың жеке
бӛліктері де стилизацияланып бейнеленген. Бұл оюлар бұйымның бетінде
жеке түрінде немесе бір-бірімен ұштасып орындалған.
Ағаш, тас, металлдан жасалған бұйымдарда доғалданып орыдалған
сызықты бейнелер, олардың қайталанып отыруы ӛсімдік тектес оюларды
сипаттайды. Спираль тәрізді ою бітпес, қозғалыс ӛмірді сипаттайтын символ
болса, қалған декоративті элементтердің де ӛздеріне тән мәндері бар. Гүлді
ӛсімдіктердің ӛзара араласып кескінделуі мәңгі ӛмір мен бірлікті кӛрсетеді.
ӛсімдік тектес мотивтерде жапырақ, гүлдер кездеседі. Олар кілем, палас
бұйымдарында әр түрлі стилде бейнеленген.
Халық шеберлерінің айтуы бойынша аспан мен күнді дӛңгелек формада,
дүниенің тӛрт жағын тӛрт құлақпен, күн сәулесін – шұғыла тәріздес
бейнемен. Геометриялық фигуралар ромб, зигзаг, кӛпжақты бұрышты,
меанда және торлы сызықтар да бар. Барлық декоративті мотивтер қазақ
оюында ӛзара үйлесімді ұштаса береді. Қазақ оюының мазмұнын анықтауға,
оларды бірінен бір түрге ӛзгертуге қолайлы. Қазақ оюындағы түстерге
келетін болсақ, олардың да мәндері белгілі. Қара түс – ұлылықты, қызыл –
күнді, жасыл – жастықты, қоңыр түс жерді, кӛк аспанды, ақ түс бақыт және
байлықты білдіреді. Қазақ оюының ерекшелігі тұйықтылығы, дӛрекілігі,
үлкен ӛлшемде, түстер контрасты жағдайда орындалуымен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |