24. Проекция сферасының (а) және сфералық проекцияның (б)
құрылысы; ромбтық додекаэдрдың толық сфералық проекциясы (в)
Әрбір нормаль (басқа кез келген бағыт сияқты)
проекция сферасының
бетіне нүкте түрінде проекцияланады. 24 в суретте кристалдың жеке толық
сфералық проекциясы көрсетілген. Проекцияның нүктелерінің
әрқайсысына
кристалл жағының біреуі жауап береді. Сфералық проекцияны кристалл
жақтарын олардың нормальдарымен ауыстырмай тұрғызуға болады.
25. Проекция сферасының бетіндегі сфералық координаталар
26. Стереографикалық проекцияларды тұрғызу
27. Проекция жазықтығына салыстырмалы түрде орналастырылған
бағыттардың стереографикалық проекциялары (немесе жазықтықтардың
гиомостереографикалық проекциялары):
а – перпендикуляр орналасқан; б – жазықтықтың өзінде; в – оған қиғаш
бұрышпен орналасқан
Бұл жағдайда кристалдың барлық жақтары
параллель көшіру жолымен
проекция сферасының центріне орналастырылады (кристаллдық кешен пайда
болады) және осы жақтардың проекция сферасымен қиылысу іздерін құрады.
Проекция сферасының бетіндегі кез келген нүктенің орнын екі сфералық
координатамен сипаттауға болады: ρ – нөлден (солтүстік полюс) 180
0
-қа
дейінгі (оңтүстік полюс) кез келген бағыт бойынша есептелетін полярлық
қашықтық; φ – нөлдік меридиан деп қабылданған
меридианнан экватор
бойынша есептелетін ұзақтық (25 сурет).
Кристалдың сфералық проекциясы көрнекі,
бірақ практикалық қолдану
үшін оны жазықтыққа проекциялау керек және стереографикалық,
гномостереографикалық және гномоникалық проекциялармен қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: