Лекция таќырбы: Кіріспе



бет15/20
Дата19.12.2022
өлшемі2,57 Mb.
#163364
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дәріс конспектілері (2)

Тіктөртбұрышты салу.


Тіктөртбұрышты салу үшін жоғарыда көрсетілген құралдарды пайдаланып, салынатын тіктөртбұрыштың ені мен ұзындығын таңдап тіктөртбұрышты салуға болады.
Бұрыштарды доғаландыру
Тіктөртбұрыштардың бұрыштарын белгілі бір бұрышқа доғал жасау үшін төмендегі терезеден қажетті бұрышты енгізіп жасауға болады.

Interactive Blend құралын пайдаланып шыршаның суретін салуға болады..
Біздің шыршамыз бірдей бұтақтардан тұрады. Осы бұтақты қалай саламыз, соған тоқталып өтейін.
Біріншіден, Polygon құралын пайдаланып тең бүйірлі үшбұрыш саламыз.
Шыққан үшбұрыштың көшірмесін аламыз:
Екі объектіні біріктіріп, қалған бұрыштарды өшіріп тастаймыз:
Әрі қарай мына қадамдарды орындаймыз:
1) Элементті "+" батырмасы арқылы белгілеп, көшірмесін алып, объектілерді қажетті түске бояймыз.
2) Interactive Blend құралын пайдаланамыз:

Сorel Draw – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы.


Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал.
Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ.
Сorel Draw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ алады.
Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада Қисық негізгі объекті болады. Оны көбейткен кезде векторлық бейнелеулердің сапасы өзгрмейді.
Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше метрлік плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады. Сorel-ге кіруде экранның ортасында тікбұрыш орналасқан, мұнда өз объектінді құруға болады.
Объектті беттің сыртында құруға да болады, ал бетте таңдаған беттін форматына өз объектілерінді орналасуын және көлемін өлшеу үшін қолдануға болады.
Сorel Draw – бірнеше беттен тұрады, оны толықтыру, жою, басқа атымен атауға болады.
Клон – оригиналға еңгізелген барлық өзгерістерді қабылдайтын объекттің дубликаты.
Свиток – вкладка - әр түрлі эффектерді: бұрылыстарды, айналуларды, түсте өзгертуді, т.б. құру үшін аспаптардың қосымша панелі.
Объект – құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды, суреттерді жасауға болады.
Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет